Қарапайым қарулар



Тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыру негіздері
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесі мен оның міндеттері

Бұл пәннің негізгі қарастыратын мәселесі
Себебі қоғамның дамуының негізгі тұтқасы экономикалық байлығы болып табылады;
Тіршілік қауіпсіздігі қауіпсіздік туралы оқытып және одан қорғауды үйрететін пән.
Қауіпсіздік деп белгілі бір шарттарды адамның денсаулығына тікелей және жанама зиян келтіретін, қажетсіз салдар қалдыратын құбылысты, үрдістерді, нысандарды атайды.

Пәннің негізгі мақсаттары:
Болашақ мамандарды теориядық білім мен тәжірибелік дағдылармен қаруландыру;
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін және зиянсыздығын жасау;
Төтенше жағдайларда елдімекендерді және шаруашылық нысандарын апаттан, табиғи апаттардан сақтауды және қазіргі заманғы жаппай қыру қаруларды пайдалануға болатын зардаптарды жоюда дұрыс шешім қабылдау және апаттық жағдайды алдын ала болжау, тұрғындарды қорғау, өндірістердің тұрақтылығын жоғарылатуды, сонымен бірге жақындау ошағында табиғи апат, ірі авария, катастрофа салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге үйрету;
Өз мамандықтарына сәйкес білімгерлерді төтенше жағда кезінде әскери емес құрылымдардың басшысы ретінде шаруашылық нысандарда азаматтық қорғаныс шараларын тәжірибе жүзінде қолданумен таныстырады.

Төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі міндеттері:
Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ пайда болу кезінде қоршаған табиғи ортаны, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мәдени және материалдық құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайды ескерту мен жою саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу;
Халықты аумақтық қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық, экономикалық құқытық шаралар жүйесін құру;
ТЖ әрекет ету деңгейін анықтау, зардаптарын жою, олардың пайда болу себептерін анықтау;
Халықты хабарландыру және мониторинг ұйымдастыру;
Авария, апат, зілзала мен экологиялық апаттар, эпидемия, эпизоген, эпизоитотеа пайда болған кезде төтенше жағдайдың алдын алуға қоршаған ортаны қорғауға, шаруашылық нысандары мен әлеуметтік салалар қызметінің тұрақтылығын көтеруге бағытталған мемлкеттік арнаулы және ғылыми техникалық мен орындауды ұйымдастыру;
ТЖ іс әрекетіне оларды жою бойынша жұмыстар жүргізуге, органдардың басқару пункттері байланыс жүйесі мен хабарландыруды төтенше жағдайлар комитеті күштерімен құралдарының жоғары дайындығын қамтамасыз ету;
ТЖ әлеуметтік эконмикалық салдарын бағалау мен болжау, зардап шеккен халыққа бірінші кезекте көмек көрсету, тіршілікті қалыптастыру;
ТЖ комитеті мамандарының біліктілігін арттыру және даярлау, ТЖ іс әрекетіне халықты даярлау;
ТЖ ескерту мен жою саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, авариялық апаттар мен зілзала салдарын жоюға шетел мемлекеттеріне көмек көрсету болып табылады.

ТЖ алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесі:
Аумақтық
Қызметтік
Қалалық (нысандық) жүйелерден тұрады
Және екі дәрежесі бар:
Жергілікті
Республикалық

Төтенше жағдайлар және олардың жіктелуі
Төтенше жағдайлар - апаттардың өауіпті табиғи құбылыстардың катастрофалардың күтпеген немесе басқа да апаттардың нәтижесінде туындаған және адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына өмір тіршілік әрекетіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілерге нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, айтарлықтай дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын немесе бұзуы мүмкін белгілі бір аймақтағы жағдай.

Төтенше жағдайлар туындау көзіне қарай жіктелуі:
Табиғи
Техногендік
Әлеуметтік
Экологиялық
ТЖ зардап шеккен адамдардың санына материалдық шығынының көлеміне, келтірілген нұқсан көлеміне, және қирату факторларының таралу ауқымына қарай келесідей бөлінеді:
Объектілік
Жергілікті
Аймақтық
Өңірлік
Жаһандық

Табиғи сипаттағы Төтенше жағдайлар жіктеледі:
Геологиялық (жер сілкінісі, жанартау атқылауы, опырмалар, сырғымалар, көшкіндер, сейілдер, т. б. )
Метеорологиялық ( борандар, дауылдар, жауын шашындар, құйындар, қар басу, бұршақ, т. б. )
Гидрологиялық (топансу басу, су тасқындары, өзендерде мұздардың кептелуі, өкпек желден су деңгейінің көтерілуі, т. б. )
Табиғи өріктер (орман дала, шымтезек өріктер, т. б. )
Жаппай көпшілік аурулары (эпидемиялар, малдардың, өсімдіктердің жұқпалы ауралары, т. б. )

Техногендік сипаттағы ТЖ жіктелуі:
Транспорттық авариялар
Өрттер мен жарылыстар
Авариялық химиялық қауіпті заттар тасталынатын авариялар
Радиобелсенді заттар тасталынатын авариялар;
Биологиялық қауіпті заттар тасталынатын авариялар
Ғимараттардың кенеттен қирауы
Энергетикалық жүйелердегі авариялар
Гидродинамикалық авариялар
Тазарту ғимараттарныдағы авариялар
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі авариялар

Әлеуметтік сипаттағы ТЖ жіктеледі:
Қоғамдық (соғыстар, жапай мүлік, шиеліністер, т. б. )
Жеке (зиянды және қауіпті әдеттер, маскүнемдік, нашақорлық, азарт ойындар, т. б. )
Криминалдық (қылмыс алаяқтық, ланкестік, кепілге алу, адам ұрлау, т. б. )

Экологиялық сипаттағы ТЖ жіктелуі:
Жануарлар мен өсімдіктердің жойылуы
Топырақ эрозиясы ластануы
Атмосфераның дастануы
Табиғи ортаның ластануы
Оттегі жетіспеушілігі
Әлемдік мұхит суының ластануы
Су қорларының сарқылуы
Топырақың тұздануы
Құрлықтың шөлейттенуі
Қышқыл жаңбырлардың түзілуі

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР заңында қолданылатын негізгі ұғымдар:
авария - технологиялық процестiң бұзылуы, механизмдердiң, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы; апат - аймақтық және iрi ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс; дүлей зiлзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан зiлзала; зiлзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс; өнеркәсiп объектiсiнiң қауiпсiздiгi декларациясы - өнеркәсiп объектiсiндегi ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретiн және объектiнi пайдалануға беру, оның жұмыс iстеуi мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерiнде олардың алдын алу және жою жөнiнде меншiк иесi қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, iндеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар; техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар; төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай; төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай туындаған белгiлi бiр аумақ. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтiрген нұқсанның көлемiне қарай объектiлiк, жергiлiктi, өңiрлiк және жаhандық болып бөлiнедi; төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргiзiлетiн және адамдардың өмiрiн сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемiн азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрi таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтiру жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстар; төтенше жағдайлардың алдын алу - алдын ала жүргiзiлетiн және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерiн мүмкiн болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерiн кемiтуге бағытталған шаралар кешенi.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар: - жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар ету; - егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп туғызатын болса, оның қатер төндiру және зиян келтiру деңгейiн алдын ала анықтау, халықты қорғаныс әдiстерiне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру; - төтенше жағдайларды жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, халықты және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келген зиянды өтеу болып табылады.

Азаматтық қорғаныс туралы ҚР заңында қолданылатын негізгі ұғымдар:
Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;
Азаматтық қорғаныс бөлімдері - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлімдері;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатын, әкімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері;
Азаматтық қорғаныс күштері - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-құтқару отрядтары;
Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары;
Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар;
"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;
жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;
қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы;
шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;
эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары.

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi:
1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;
2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;
4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;
5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;
6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;
7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;
8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;
9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.

Өрт қауіпсіздігі туралы ҚР заңы бойынша қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) адамдар жаппай жиналатын объект - бір мезгілде жүз және одан көп адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, ғибадат мекемелерінің, көңіл көтеру орындарының ғимараттары, құрылыстары және үй-жайлары, көліктің барлық түрлерінің вокзалдары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан көп адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары; 2) аккредиттеу - заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға құқықтылығын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның ресми тануы; 3) аккредиттеу аттестаты - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат; 4) ерікті өрт сөндіруші - өрттердің алдын алу және (немесе) оларды сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын, ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген азамат; 5) қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі; 6) объект - жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар мен өрттің алдын алу және өрт кезінде адамдарды қорғау үшін өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленген немесе белгіленуге тиіс өзге де мүлік; 7) өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал, зиян келтіретін бақылаусыз жану; 8) өртке қарсы ерікті құралымдар - дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер; 9) өртке қарсы қызмет - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы күштері мен құралдарының, сондай-ақ өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жиынтығы; 10) өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалуының жай-күйі; 11) өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнаулы шарттар; 12) өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау - объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 13) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі; 14) өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өрт қауіпсіздігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 15) өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекеттер; 16) өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті құтқару және эвакуациялау, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-әрекеттер; 17) өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде өрт сендіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасы, сондай-ақ өрттердің алдын алудың және оларды сөндірудің өзге де құралдары;

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi: - Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау; - ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру; - өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар:
Жер сілкіну, жер сілкінісі - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Атмосфералық жауын-шашын - ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар.
Атмосфералық жауын шашынмен туындайтын төтенше жағдайлар түрлеріне:
iрі бұршақ - бұршақ диаметрі 20 мм және одан көп;
күшті жаңбыр (нөсер) - жауын-шашын мөлшері 12 және одан аз сағат ішінде 50 мм және одан көп, ал таулы, селолық және нөсерлі қауіпті аудандарда - 12 және одан аз сағат ішінде 30 мм және одан көп; күшті қар - жауын-шашын мөлшері 12 сағат ішінде 20 мм және одан көп;
күшті боран (қарлы борасындар) - желдің 15м/сек жылдамдығы кезінде ұзақтығы 12 сағат және одан көп;
жаңбырлы селдер - елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басумен немесе су басу қаупімен аса қауіпті (жоғарғы) деңгейден асып түсу;
қышқыл жаңбырлар күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс - әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде. Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т. с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.

Жанартау атқылауы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz