Көпклеткалы жануарларға жалпы сипаттама
Презентация қосу
Көпжасушалы жануарлар
дүние тармағы
-
METAZOA
Дәрістің жоспары:
1. Көпклеткалы жануарларға жалпы сипаттама.
2.Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы
теориялар.
3. Фагоцителла тәрізділер бөлім үсті.
4. Паразоа (Parazoa) бөлім үсті. Губкалар типі (Spongia)
5. Нағыз көпклеткалылар (Eumetazoa) бөлім үсті,
Ішек қуыстылар типі (Coelenterata) жалпы
сипаттамасы, дене симметриясы, биологиясы.
6. Ескектілер типі.
Көпжасушалыларға жалпы сипаттама
Жануарлар дүниесі - Zoa немесе Animalia - бір клеткалылар - Protozoa және көп
клеткалылар – Metazoa деп аталатын екі тармаққа бөлінеді.
Көп клеткалылардың (Metazoa) негізгі сипаты: денесі дифференцияланған көп
клеткалардан және үш ұрық жапырақшаларынан - эктодерма, энтодерма,
мезодермадан тұратындығы. Осындай үш жапырақшалар көп клеткалылардың
ұрығы дамыған кезінде қалыптасады. Ұрықтың дамуы барлық көп клеткалы
жануарларға тән. Ұрықтану кезінде аталық және аналық екі гаметалар қосылып
зиготаны түзейді, содан кейін организмнің жеке дамуы - онтогенезі басталады.
Зигота бөлшектеніп бір- біріне тығыз жанасқан бластомерлер деп аталатын
клеткалар тобын құрайды, ал осылардан бластула деген бір қабатты ұрық түзіледі.
Бластула шар тәрізді, ішкі қуысы бластоцель деп аталады, бұл бірінші қуыс.
Бластула түзіліп болғаннан кейін дамудың екінші кезеңі - гаструляция немесе екі
қабатты ұрықтың дамуы басталады. Ұрықтың екінші қабаты, бластула
клеткаларының ішкі бластоцель қуысына ауысуы нәтижесінде пайда болады.
Гаструляция әр түрлі әдіспен жүре алады: инвагинация (бластуланың бір жақ
қабырғасы ішкі бластоцель қуысына жиырылу аркылы екінші қабат түзіледі);
иммиграция (бластула кабырғасындағы клеткаларының біразы өз орнынан
бластоцель қуысына ауысып, екінші қабатгы құрайды); эпиболия т. б. Гаструланың
екі ұрық жапырақшасының біреуі - эктодерма сыртқы қабат, екіншісі - энтодерма
ішкі қабат. Осыдан кейін эктодерма және энтодерманың аралығынан клеткалардың
үшінші мезодерма қабаты түзіледі де, мүшелер құрала бастайды.
Көп клеткалылар (Metazoa) үлкен 3 бөлім үсті топқа бөлінеді:
Phagocytellozoa, Parazoa, Eumetazoa. Phagocytellozoa -
алғашқы қарапайым құрылысты көп клеткалылар. Жануарлар
дүниесінің арғы тегінің белгілерін осы уақытқа дейін сақтап қалған
жәндіктер.
Бұл топты жаңадан ашылған тақталылар - Placozoa - типі құрайды.
Parazoa - төменгі сатыдағы көп клеткалылар. Бұлардың дене
құрылысында тканьдері, мүшелері, нерв клеткалары болмайды.
Осыларға губкалар - Spongia - типі жатады. Eumetazoa -
нағыз көп клеткалылар. Олардың тканьдері, мүшелері, нерв клеткалары,
нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa қатарындағы жануарлар
мүшелерінің белгілі ретімен орналасуына немесе дене симметриясына
байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) - Radiata
және билатеральды (екі жақты) - Bilaterata - симметриялы жануарлар.
Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі эктодерма, энтодерма
қабаттарынан тұратыңдықтан оларды қос қабаттылар - Diploblastica деп
те атайды. Бұларға ішекқуыстылар - Coelenterata және ескектілер -
Ctenophora - типтері жатады.
Көп клеткалы
жануарлардың
шығу тегі туралы
теориялар
Э. Геккель 1874 жылы "гастреа"
(gastrae) деген теориясын ұсынды. Э.
Геккельдің пікірі бойынша көп клеткалы
жануарлардың арғы тегі бір қабатты,
бластула тәрізді, колониальды талшықты
қарапайымдылар. Олардың
эволюциялық даму процесінде бластула
тәрізді тегінің вегетативті полюсі,
инвагинация әдісі бойынша, шардың
ішіне қарай тартылып (жиырылып) екі
қабатты организм пайда болған деп
жорамалдады. Осы организмді ұрықтың
гаструла сатысына сәйкес "гастреа" деп
атаған. "Гастреаның" сыртқы қабатын
эктодерма, ішкісін - энтодерма деп
атаған. Оның ауызы және алғашқы ішегі
болған.
И. И. Мечников
төменгі сатыдағы көп
клеткалы
жануарлардың
дамуын зерттеп, 1886
жылы алғашында
"паренхимелла"
(parenchymella), кейін
"фагоцителла"
(phagocytella)
теориясын ұсынды.
А. А. Захваткин көп
клеткалылардың тіршілік
циклдерін зерттей отырып,
1949 жылы "синзооспора"
теориясын ұсынды. А. А.
Захваткиннің пікірі
бойынша барлық көп
клеткалы жануарлардың
зиготасы палинтомия
(бөлінген клеткалар өспей
ары қарай майдаланып
бөліне беруі) жолымен
бөлініп, бластуланың
түзілуіне бастама берген.
А. В. Иванов 1968 жылы "Көп клеткалы жануарлардың
шығу тегі" деген еңбегінде И. И. Мечниковтың фагоцителла
теориясын қолдап, көп клеткалы жануарлардың арғы тегі
гетеротрофты колониальды жағалы талшықты
қарапайымдылар болған деп жорамалдаған. А. В. Ивановтың
пікірі бойынша алғашқы шар тәрізді, еркін жүзетін
колониальды талшықтылардан күрделі колониялар пайда
болып, клеткалары атқаратын қызметтеріне қарай
соматикалық (дене) және жыныс клеткаларына бөлініп,
сондай-ақ жыныс процесі изогамия процесінен анизогамия
және оогамияның түзілу бағытында жүрген.
В. Н. Беклемишев те И. И. Мечниковтың
фагоцителла теориясын қолдаған. В. Н. Беклемишевтің
жорамалы бойынша ескектілер (Ctenophora) мен
турбелляриялар (Turbellaria) ішекқуыстылардың арғы
тегінен неотения (личинкаларынан) жолымен дамыған.
И. Хаджидің пікірі бойынша көп клеткалы
жануарлар көп ядролы инфузориялардан пайда
болған. Олардың терісі инфузорияның
эктоплазмасынан, ішегі - эндоплазмасынан, зәр
шығару мүшесі - жиырылғыш вакуольдерден,
еті - мионемалардан, қорғаныс мүшелері -
трихоцисталардан, жыныс мүшелері -
микронуклеустен пайда болған деп түсіндіреді.
И. Хаджидің бұл теориясы ешбір ұғымға
жатпайды және көп клеткалылардың
эмбриональдық дамуына негізделмеген. Осы
теорияны қолдайтындар Иеринг, Гансон, Деляж
т. б.
Бөлім үсті –
ФАГОЦИТЕЛЛОЗА –
PHAGOCYTELLOZA
Тип: Тақталылар –
PLACAZOA
Түрі: Трихоплакс –
TRICHOPLAX
ФАГОЦИТЕЛЛОЗОА - PHAGOCYTELLOZOA - алғашқы қарапайым
құрылысты көп клеткалылар.
Бұларға жаңадан ашылған тақталылар - Placozoa типі жатады. Осы
типке алғашқы қарапайым құрылысты көп клеткалы жәндіктер
-трихоплакстар жатады. Біраз жылдар бойы трихоплакстар
ішекқуыстылардың личинкасы ретінде қарастырылған. 1883 жылы
белгілі Австрия зоологы Ф. Шульц жасанды теңіз аквариумнан түсі ақ
тақта тәрізді организмді тауып, оның құрылысын толық зерттеп, тұңғыш
рет осы түрді Trichoplax adhaerens деп атаған.
Қазіргі уақытта трихоплакстың екі түрі белгілі - Trichoplax adhaerens
және Trichoplax reptans.
Трихоплакстың теңізде тіршілік ететін, көлемі 4 мм-ге дейін, түсі ақ
немесе сұр, жұқа тақта тәрізді, дене формасын өзгертіп амеба тәрізді
қозғалатын жәңдік . Денесінің симметриясы және алдыңғы, артқы
бөліктері байқалмайды.
Трихоплакстың қоректенуі фагоцитоз және қорегін денеден тыс
қорыту жолымен өтеді. Бұған аралық қуыстағы амеба тәрізді және
құрсақ эпителий клеткалары қатысады.
Трихоплакс - Trichoplax adhaerens
Классификациясы:
Бөлім үсті:
Паразоа – PARAZOA
Тип: Губкалар-
SPONGIA
Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі
түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін
жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіні
терең бокал, цилиндр, шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1,5-2 м-ге
дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсі -
балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты.
Губкалардың денесі сыртқы дермальды-эктодерма және ішкі
гастральды-энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің
аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, коймалжың зат
орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты -
парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен
оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады.
Губкаларға тән қасиет - денесінде көптеген саңылауларының
(пораларының) болуы. Осыған байланысты губкаларды кейде латынша
Porifera - ұсақ саңылаулы жәндіктер деп те атайды. Саңылаулары
(поралары) арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулум арқылы
қайтадан сыртқа шығады.
Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, талшықты
жағалы (хоаноцит) клеткаларынын орналасуына және осы
клеткалар арқылы қорегін ұстап, қорытуына байланысты, оларды
морфологиялық құрылысы жағынан - аскон, сикон, лейкон деп
аталатын үш типке бөледі. Ең қарапайым құрылысты - аскон.
Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы
клеткалары бірқатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен
астарлап жатады. Денедегі саңылаулары (поралары) тікелей
парагастраль қуысына ашылады. Осы қуысқа су арқылы түскен
ұсақ қоректік заттарды талшықты жағалы клеткалары толығымен
ұстап ала алмайды. Сикон құрылысты губкалардың мезоглеясы
қалың, ішкі қабаты мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы
клеткаларымен астарланған көптеген қалталар түзіледі. Осы
қалталарды талшықты қалталар деп атайды.
Классификациясы:
Типі:
Ізбесті – CALCAREA
Шынылы –
HYALOSPONGIA
Кәдімгі
губкалар –
збесті губкалар класы – CALCAREA
немесе CALCISPONGIA
Қаңқасы көмір қышқыл ізбесті инелерінен (спикулаларынан)
құралған, олар өте ұсак, бір, үш немесе төрт осьті, бір-бірімен
байланыссыз бос орналасқан. Тек қана теңіздердің таяз
жерлерінде жеке немесе колония түзіп тіршілік етеді. Денесі
ұсақ, түтік, цилиндр, күбі тәрізді. Құрылысы аскон, сикон,
лейкон типті. Жиі кездесетін Sycon, Leuconia, Leucosolenia,
Sycetta-туыстары.
ШЫНЫЛЫ ГУБКАЛАР КЛАСЫ - HYALOSPONGIA
Кремнезем инелерінен (ұсақ - микросклера, ірі -
макросклералардан) құралған, негізінен үш осьті немесе алты сәулелі,
бір-бірімен өзара байланысты тор тәрізді қаңқасы болады. Теңіздердің
терең жерлерінде ғана жеке тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см-ге дейін,
түтік, қап, бокал тәрізді. Құрылысы сикон типтес, талшықты
қалталары ірі, ұзын болып келеді (34- сурет). Кластың ерекшелігі -
мезоглея қабаты нашар дамыған, барлық клеткаларының
мембраналары жартылай ерігендіктен цитоплазмалары өзара
жалғасып - синцития деп аталатын құрылым түзейді. Euplectella
туысына жататын кейбір түрлерінің биіктігі 1 м шамасында, ал оның
су түбіне қадалатын инелерінің ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Жиі
кездесетін Euplectella және Hyalonema туыстары
EUPLECTELLA
HYALONEMA
КӘДІМГІ ГУБКАЛАР КЛАСЫ - DEMOSPONGIA
Қаңқасы кремнилі немесе спонганді, кейде
екеуі де аралас күйде құрылады. Инелері бір,
төрт, көп осьті. Теңіздерде, тұщы суларда,
судың жағалауынан тереңдігіне дейін кең
тараған, жеке немесе колония түзіп тіршілік
етеді. Құрылысы лейкон типтес, талшықты
камералары ұсақ, дөңгелек (жұмыр) болып
келеді. Бұл класқа қазіргі уакытта көп
кездесетін губкалар жатады. Олар екі отрядқа
бөлінеді: төрт сәулелі - Tetraxonida және
кремнилі мүйізді губкалар -
Cornacuspongida.
Теңіз апельсині - TETHYA
Ашық түсті пробкалы губкалар –
SUBERITES
Бұрғылаушы губкалар – Шартәрізді ірі - геодиялар -
Cliona delitrix GEODIA
Класс: Кәдімгі губкалар – DEMOSPONGIA
Отряд: Кремнийлі мүйізді губкалар –
CORNACUSPONGIDA
Кремнилі мүйізді губкалар отряды - Cornacuspongida
Қаңқасы мүйізді спонгин жіпшелерінен, кремнилі, бір
осьті инелерінен (ұсақ - микросклера, ірі -
макросклералардан) немесе екеуінен аралас түзіледі. Бір
осьті кремнилі инелері өзара спонгинмен желімделіп бір
буда немесе тор тәрізді қаңқаны құрайды. Негізінде
колониялы формалар, те- ңіздерде және тұщы суларда
тіршілік етеді. Жиі кездесетін түрлері: туалет губкасы
(Spongiidae түқымдасынан), тұщы су губкасы - бадяга
(Spongillidae тұқымдасынан), байкал губкасы
(Lubomirskiidae тұқымдасынан).
Туалет губкасы – Байкал губкасы -
SPONGIIDAE LUBOMIRSKIIDAE
Тұщы су губкасы – бадяга (SPONGILLIDAE)
Нағыз көп клеткалылар-
EUMETAZOA
Нағыз көп клеткалы жануарлардың басты ерекшелігі - дене
құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланған, бір-
бірімен өзара байланысты тканьдері, мүшелері, нерв жүйесі
жақсы дамыған. Eumetazoa тобындағы жануарлар,
мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене
симметриясына қарай екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі
(радиальды) - Radiata және екі жақты (билатеральды)
симметриялы жануарлар - BUaterata.
. Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі екі қабаттан
тұрады: сыртқы - эктодермадан, ішкі - энтодермадан.
Осы белгісіне сай олар екі қабатты -Diploblastica тобына
жатады.
Сәулелілерге екі тип жатады: ішекқуыстылар - Coelenterata
және ескектілер - Ctenophora.
Бөлім: Сәулелілер – RADIATA
Тип: Ішекқуыстылар – COELENTERATA
Класс: Гидрозоа –HYDROZOA
Сцифозоа SCYPHOZOA
Маржан полиптері-ANTHOZOA
Ішекқуыстылар типі –
COELENTERATA
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы
барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар
ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея
қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын
құрайды. Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты
(Diploblastica) жануарлар тобына жатады. Екіншіден - энтодерма
қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып,
асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты
ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек
қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген.
Белгілерінің тағы бірі - сәулелі симметриясының болуы.. Полиптер
тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде
олар колонияльді формалар.
Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әр
түрлі болса, ол - полиморфты, ал бірдей болса - мономорфты
колония болады. Медузалар - жеке, шарықтап жүзіп тіршілік
ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді.
Колония құрмайды. Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі -
атқыш (күйдіргіш) және нерв клеткаларының болуы.
Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері
тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері
белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді,
ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см- ге дейін. Ірі түрлері де
кездеседі. Мысалы, Суапеа arctica-ның көлденеңі 2 м, ал
қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді.
Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы -
метагенез арқылы дамиды. Ішекқуыстылар өте ертедегі
жануарлар, олардың ізбесті қаңқасы болғандықтан көпшілігі
қазба күйінде жақсы сақталынған. Ішекқуыстылар типі үш
класқа бөлінеді: гидрозоа класы - Hydrozoa, сцифозоа -
Scyphozoa және маржан полиптері - Anthozoa.
ГИДРОЗОА КЛАСЫ – HYDROZOA
Гидрозоа класының 2700 түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда тіршілік
ететін қарапайым құрылысты жануарлар. Олардың полиптер мен медуза
формалары - гидрополип және гидромедуза деп аталады. Жыныссыз,
жынысты жэне ұрпақ алмасуы арқылы дамиды. Личинкалары - планула деп
аталады. Гидрозоа класы екі класс тармағына бөлінеді: гидроидтылар -
Hydroidea және сифонофоралар - Siphonophora.
Гидроидтылар - HYDROIDEA
Сифонофоралар –
Siphonophora
Гидроидтылар класс тармағы - HYDROIDEA
Бұларға жеке немесе колония құрып тіршілік ететін
гидроидты полиптер жатады. Гидра (Hydra oligactis) -
қарапайым құрылысты полиптің бірі. Биіктігі 1 см-ге
жуық, ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табанымен
субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшық
суларда жиі кездеседі.
Гидраның денесі эктодерма және энтодерма
қабатынан құралған. Олардың арасындағы мезоглея
қабаты өте жұқа құрылымсыз қоймалжың заттан
тұрады. Денесінің бос жағында (алдыңғы) 6-12
қармалауышпен қоршалған ауыз тесіп орналасқан.
Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен
көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы
жүзеге асады.
Классификациясы.
Бөлім: Сәулелілер – RADIATA
Тип: Ішекқуыстылар-COELENTERATA
Класс тармағы: Гидроидтылар – HYDROIDEA
Отряд: Гидра - Hydrida
Теңіз гидроидты
полиптер - Leptolida
Гидромедузалар -- Trachylida
Хондрофора - Chondrophora.
Гидра - Hydrida Теңіз гидроидты полиптер –
LEPTOLIDA
Хондрофора –
Гидромедузалар-TRACHYLIDA СHONDROPHORA
СЦИФОМЕДУЗАЛАР КЛАСЫ –
SCYPHOZOA
Бұл кластың тек теңіздерде тіршілік ететін 200-
ден аса түрлері белгілі. Құрылысы жағынан
гидроидты медузаларға ұқсас, айырмашылығы -
олардан ірі және желкенсіз болады.
Сцифомедузалардың өкілі ретінде аурелия
ауританы (Aurelia aurita) алуға болады. Аурелияның
шатыр пішінді денесінің астыңғы (төменгі) ойыс
жағында төрт бұрышты ауыз тесігі болады, оны
қорегін ұстап алатын төрт қалақша өскін қоршаған.
Ауызы жұтқыншақ арқылы қарын қуысымен
жалғасып тұрады. Қарынның жиегінде, сөл шығарып
тұратын төрт гастральды жіпшелері бар.
Классификациясы:
Бөлім: Сәулелілер – RADIATA
Тип: Ішекқуыстылар-COELENTERATA
Класс: Сцифомедузалар – SCYPOZOA
Отряд: Стауромедузалар - Stauromedusae
Кубомедузалар - Cubomedusae
Короната - Coronata
Семаеостомеа - Semaeostomeae
Тамырауыздылар - Rhizostomida
Стауромедузалар - Stauromedusae Кубомедузалар - Cubomedusae
Семаеостомеа - Semaeostomeae Тамырауыздылар - Rhizostomida
МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ - ANTHOZOA
Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы,
бұлардың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және
колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар.
Жеке особьтарының денесі цилиндр тәрізді, жалпақ
табанымен субстратқа бекініп тұрады. Денесінің жоғарғы
бөлігінде, ауыз тесігінің төңірегінде, сәулелі симметриялық
ретте қармалауыштары орналасқан. Олардың саны алтау -
алты сәулелілер (Нехасогаіііа) класс тармағының өкілдерінде
немесе сегіз - сегіз сәулелілерде (Octocorallia).
Классификациясы:
Бөлім: Сәулелілер – RADIATA
Тип: Ішекқуыстылар-COELENTERATA
Класс: Маржан полиптер класы –
ANTHOZOA
Класс тармағы: Сегіз сәулелі маржандар –
OCTOCORALLA
Алты сәулелі маржандар-
HEXACOROLLA
Hexacorolla OCTOCORALLA
Ескектілер типі-CTENOPHORA
Көпшілігінің денесі сопақша немесе қап, алмұрт тәрізді, ал "шолпан
белдігі" - Cestus veneris - лента тәрізді. Денесінің ауызы орналасқан
жағын - оральды полюс, оған қарама-қарсысын - аборальды деп атайды.
Осы екі полюстері арқылы өтетін басты осьтен өзара перпендикулярлы
екі симметриялы жазықтық жүргізуге болады, осыған орай
ескектілердің денесі де екі сәулелі симметриялы болып келеді. Сонымен
қатар біраз мүшелері басты осьтің айналасында, саны сегізге дейін
радиальды бағытта орналасып (ескекті тақталары, радиальді
тұтікшелері, жыныс бездері), сегіз сәулелі симметрияны құрайды.
Ескектілердің нерв жүйесі жақсы дамыған.
Ескектілер тек қана жынысты жолмен көбейетін қос жынысты
жануарлар. Жыныс бездері энтодерма клеткаларынан дамып
гастроваскулярлы жүйесінің әрбір меридиональды түтікшелерінің
бүйірінде орналасқан. Бір жақ бүйірінде аналық бездері, екіншісінде -
аталық.
Ескектілер класы екі класс тармағына бөлінеді: қармалауышсыздар -
Atentaculata және қармалауыштылар - Tentaculata.
Классификациясы:
Бөлім: Сәулелілер – RADIATA
Тип: Ескектілер – CTENOPHORA
Класс: Ескектілер – CTENOPHORA
Класс тармағы: Қармалауышсыздар –
ATENTACULATA
Қармалауыштылар –
TENTACULATA
ҚАРМАЛАУЫШСЫЗДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ATENTACULATA
Бұларда бір ғана - Beroidea - отряды
бар. Тіршілігінің барлық, кезеңінде
қармалауыштары болмайды, қорек
заттарын кең ашылатын ауызымен
ұстап қоректенеді. Солтүстік және
Қиыр Шығыс теңіздерінде Beroe
cucumis түрі кең тараған Денесі қап
тәрізді. Жыртқыштар, басқа
ескектілермен қоректенеді.
ҚАРМАЛАУЫШТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ –
TENTACUIATA
Бес отряды бар, тіршілігінің барлық кезеңінде, ал кейде
дамуының алғашқы сатысында ғана қармалауыштары
болады. Тіршілік жағдайына бейімделуіне байланысты
көптеген өзгерістерге ұшыраған. Cestidea отряды
өкілдерінің денесі көлденеңінен созылған ұзын лента
тәрізді. Басты өкілі - Cestus veneris Жерорта теңізінде мекен
етеді. Кемпірқосақтың түсіндей құбылады. Cydippea
отряды өкілдерінің денесі шар немесе жұмыртқа тәрізді,
қармалауыштары жақсы дамып тармақталған, денесінен
ұзын Bolinopsidea отряды өкілдерінің денесі жұмыртқа
тәрізді, оральды полюсінде екі жүзгіш қалағы жақсы
дамыған. Негізгі туыстары: Belinopsis, Osyropsis, Deiopea.
Қармалауышсыздар-ATENTACULATA
Қармалауыштылар - TENTACULATA
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz