САУД АРАБИЯ




Презентация қосу
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті

ҚР тарихы кафедрасы

САУД
АРАБИЯ
Орындаған: Ист-21 топ студенті
Ахметова А.А.
Тексерген: т.ғ.к., аға оқытушы
Мухангалиева Ж.К.

Орал қаласы, 2017 жыл
Мазмұны:
КІРІСПЕ
Сауд Арабиясы туралы

1.САУД АРАБИЯСЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ

1.1.Этникалық құрамы, халқы
1.2. Орналасқан аумағы,
1.3. Мәдениеті
1.4.Экономикасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Сауд Арабиясы
Рәміздері

Сауд Арабияның Сауд
туы Арабияның
елтаңбасы

Ұраны: <Аллаһтан басқа
құдай жоқ, Мұхаммед
Аллаһтың елшісі>
Әнұраны: «Жасасын патша!»
Саудтық риал
Сауд Арабия патшалығы - Араб түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде
Иорданиямен, Иракпен және Кувейтпен шекаралас, шығысында Катармен, Біріккен Араб
Әмірліктерімен, оңтүстігінде Оман, оңтүстік-шығысында Йеменмен шекаралас. Солтүстік-
шығысында Парсы шығанағы батысында Қызыл теңізбен қоршалып жатыр.
Сауд Арабияны «Харам жері» деп атайды. Харам деп аталуына себеп Мекке және
Мединеқалаларының орналасуында. Араб тілінде қысқаша — ас-Саудия деп айтылады. Сауд
Арабия қазірші таңда Иордания мен Лихтенштейнді қоса есептегенде әлемдегі 3 династиялық
патшалық қатарына жатады.
Араб халифаты — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі
атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб
халифатының ең алғашқы түп негізі болды.

Патшалықтың құрылуы
632 — 56 жылдардағы халифаттың астанасы — Медине қаласы Араб жорықтарының
бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран түгел дерлік, Кавказ сыртының басым
бөлігі, Сирия, Палестина, Мысыр кірді, ал екінші кезеңінде оған Солт. Африка, Пиреней
түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат
тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси
ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 — 1031), Аббас әулеті халифаты
(750), Фатима әулеті халифаты (909 — 1171), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті,
Таһир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемлекеттер мен жергілікті әмірліктер пайда болды.
1258 ж. Хулагу хан бастаған моңғол әскерлері Бағдатты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы
халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін Араб халифаты мемлекет ретінде жойылды.
Умая халифалығы. Умая Әулеті'– Араб халифатын билеген әулет (661 – 750). Негізін
Меккедегі құрайыш тайпасының омейя руынан шыққан І Муавия (т.ж.б. – 680) қалаған. Омейя
әулетінен шыққан халифтар мемлекет құрамына Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің көп
бөлігін, Орталық Азияны, Иран, Ауғанстан, Ирақ, Кавказдың біраз жерлерін қосып алды. 8
ғасырдың ортасына таман мемлекеттегі бірлік әлсірей бастады. Әбу Мүсілім бастаған шииттік
қозғалыс (747 – 750) Омейя әулетін тақтан тайдырған соң, билікке Аббас әулеті келді
Аббаси халифалығы. Аббас әулеті, әл - Аббассийун -Араб халифатын билеген әулет
(749 -1258). Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) немере ағасы әл-Аббас бин Абд әл-Мутталиб
бин Хашимнен (653 жылы өмір сүрген) тараған. Мұхаммед бин Әлидің ұлы Ибрагим
жіберген өкіл Әбу Муслим бастаған Шииттік қозғалыс Омейя әулетін тақтай тайдырған соң,
Аббас әулетінің үкімет басына келген. Аббас әулетінің алғашқы халифасы Әбу әл-Аббас әс-
Саффах (750 - 54) болды. 762 жылы Аббас Әулетінің астанасын Шамнан (Дамаск) Бағдатқа
ауыстырды. Аббас әулетінің мемлекеті әдебиеттерде, кейде «Бағдатяхалифаты» деп те
аталады. Ол «Мұсылман ренессансы» дәуірінде мәдениеті, ғылымы,әдебиеті,философиясы,
математикасы,географиясы, саудасы, т.б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет
болды. Бұл халифат төңірегіндегі көптеген халық өкілдері оған өзіндік үлестерін қосып
отырды. Ежелгі Шығыс, Грек, Рим өркениетінің жетістіктеріне сүйенген араб мәдениеті
Еуропа елдерінің дамуына көмектесті. Аббас әулеті арасынан һарун әр-Рашид (786 - 809),
Мамун (813 - 33), әл-Мутасим (833 - 42) қызметтері айрықша аталды. Кейін VIII ғ-дың
ортасында мемлекет бірлігі әлсіреді. Әр аймақта Аббас тұқымдары немесе жергілікті билеуші
топтар билік жүргізе бастады. X ғасырда бұйдтер, одан салжұқтар Аббас әулетін ығыстырыл
шығарды да, олар тек діни тістерге ғана араласатын болды.
Халифаттың әлсіреуі. 1258 жылы Хулагу хан бастаған моңғолдар Бағдатты басып
алып, Аббас әулетін жойды. Тірі қалған әл-Мустансирге Мысыр сұлтаны Бейбарыс 1261 ж.
әл-Қаһрада халифа атағын берген.1517 жылы түрік сұлтаны Сәлім әл-Мутауәккіл халифаны
Ыстамбұлға көшіріп, кейін халифа атағы түрік сұлтандарына өтті. 1258 жылы Бағдатты
моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда
Мысырды 1517 жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып,
өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің
билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары
өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Мысырды жаулап алғаннан кейін Аббас
әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді. Түрік Халифаты 1924 жылы
наурызда Түркия республикасының пайда болуымен жойылды.
Сауд Арабиясы корольдігі салыстырмалы түрде алып қарағанда жас мемлекет. Ол XX
ғасырдың бас кезінде дербес әмірлердің бірі — Әбділ Әзиз ас-Сауд (1880—1953) араб
князьдіктерін біріктіру үшін күрес бастағанда пайда болды. 1901 жылы оның әскері Эр-
Риядқа кірді, ал 1920 жылы Асирді жаулап алған соң бірігу процесі іс жүзінде аяқталды,
1932 жылы Әбділ Әзиз ас-Сауд басқарған Сауд Арабиясы корольдігі жарияланды. Негізін
салушы король қайтыс болған соң оның шексіз билігін ұлдары мұралыққа алды. 1993
жылы қазіргі король Фахд құрамында 60 адам бар Кеңесшілік кеңесін тағайындады. Сауд
Арабиясының құрамындағы 13 провинцияның губернаторларына көп құқықтар берілді.
Солай болса да корольдікте саяси шешімдер қабылдайтын бір ғана король отбасы
басым жағдайға ие. Елде саяси партиялар жок, баспасөзге қатал цензура орнатылған.
Мысалы, 1994 жылы ғарыштық телехабарларға тыйым салынды. Интернетті пайдаланудың
қатаң ережелері енгізілді
Орналасқан аумағы
Сауд Арабиясы Араб түбегінде орналасқан ең
үлкен мемлекет. Арабия — Оңтүстік-Батыс
Азияда орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі түбек
(ауданы 3 млн. км²). Ол Жерорта, Қызыл, Араб
теңіздерімен қоршалған. Құрлықтағы шартты
шекарасы солтүстігінде Месопотамия ойпаты,
Парсы шығанағы, Ормуз мойнағы, Оман
шығанағы арқылы өтеді. Оңтүстік шекарасы
Акаба шығанағы, Қызыл теңіз, Баб-әл-Мандеб
бұғазы. Аден шығанағы арқылы Араб теңізінің
батыс жағалауымен жалғасады. Араб түбегіне
түгелімен Сауд Арабиясы, Йордания, Йемен
республикасы, Оман, Бахрейн, Кувейт, Ливия,
Палестина, Израиль мемлекеттері және Сирия
мен Ирақтың бір бөлігі енеді.
Климаты
Климат тропикті,
солтүстікте —
субтропикті. Саул
Арабияның жазы
ұзақ, ыстық және
құрғақ,орташа
температурасы— 3О
°С, қысқы күндері
+12 °С. Жылдық
жауын-шашын
мөлшері 100 мм.
Мемлекеттік басқару жүйесі

Басқару жүйесі — абсолютті
теократты монархия.
Мемлекет басшысы – патша,
шексіз билік иесі. Мемлекет
тең 12 бөлікке бөлінген.
Сауд Арабияның табиғаты
Сауд Арабия ландшафты
Экономикасы
Сауд Арабиясында мұнай алғаш рет 1936
жылы табылды. 2002 жылы елде күніне
10,5 млн баррель мұнай өндірілді.
Корольдікте бұл қазба отынның
бүкілдүниежүзілік қорының 1/4-не жуығы
шоғырланған. Экспорт құрылымында
мұнайдың үлесі 97%-ға жетеді. Мұнай кен
орындарының көпшілігі елдің шығысында,
Парсы шығанағының жағалауында
орналасқан. Мұнайды экспортқа
шығарудан түсетін орасан пайда қазіргі
заманғы қалалар, жолдар мен порттар
салуға, инфрақұрылымды дамытуға,
мектептер мен ауруханаларды қазіргі
заманғы құрал-жабдықтармен
жарақтандыруға мүмкіндік берді. Қаржы
сондай-ақ өнеркәсіптің мұнай-химия,
металл өңдеу мен дәрі-дәрмек жасау
сияқты салаларын құруға да бағытталады.
Сауд Арабиясы мұнайды экспортқа
шығаратын елдер ұйымында (ОПЕК)
жетекші орынды иеленді, бұл оған
көптеген халықаралық өткір
проблемаларды шешуге ықпал етуге
мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы
Сауд Арабиясында тұрақты өзендер
немесе ірі көлдер жоқ. Ауыл
шаруашылығында дәстүрлі мал
шаруашылығы
- түйе, қой, ешкі, есек пен жылқы өсіру
басым. Көшпелі бәдеуилер өз үйлерімен
бірге бір жайылымнан басқасына көшіп-
қонып жүреді. Өңдеуге жарамды
жерлер елдің оңтүстік-
батысындағы Асир таулы ауданы мен
корольдіктің солтүстігінде шашыраған
шұраттарда ғана бар. Алайда
суландырудың қазіргі заманғы
әдістерінің арқасында егіншілік жедел
қарқынмен дамып келе жатқан салаға
айналады. Теңіз суын тұщыландыру кең
көлемге ие болды. Шөл даланың
ортасында дөңгелек формасындағы егін
алаптары созылып жатыр. Суару
айналатын қондырғылар арқылы жүзеге
асырылады. Негізгі дақылдар
— бидай, арпа, құрма, көкөністер, бақша
өсімдіктері мен жемістер..
Халқы

2006 жылғы санақ бойынша Сауд Арабия халқы
27,02 миллион адам, оның ішінде 5,58 миллион
шетелдіктер. Туу көрсіткіші 29,56 (1000 адамға),
өлім — 2,62. Сауд Арабия халқы тез өсіп келеді
(жылына 1-1,5 млн). 14 жасқа толмаған, азаматтығы
барлар жергілікті халықтың 40% құрайды. 1960
жылдарға дейін Сауд Арабияны бәдәуилер мекен етті.
Этникалық құрамы. 90% азаматтығы бар —
этникалық арабтар, Азияттықтар және Шығыс
Африкалықтарда кездеседі. 7 милли мигранттар әр түрлі
елдерден келген. Олар: Үндістан — 1,4 миллион,
Бангладеш — 1 миллион, Филиппин — 950 000, Пәкістан
— 900 000, Мысыр — 750 000. 100 000 басқа елдерден
келген мигранттар.

Мемлекеттік тілі-Араб тілі.
Діні

Мемлекеттік діні

Ислам діні
Әйгілі қалалары
Мекка — дүние жүзі мұсылмандарының қасиетті үш
қалаларының бірі. Мұнда Мұхаммед пайғамбар
дүниеге келген.

Медине — мұсылмандардың қасиетті қаласы.

Жидда —Қажылыққа барғандардың көбі осы порт
арқылы Мәккеге барады.
Қағба. Мекке қаласы
Мекке қаласы
Джидда қаласы
Масджид әль-Набави. Пайғамбар мешіті. Медине қаласы
Сауд Аравиясы:Жидда қаласындағы мешіт.
Қорытынды

Қазақстан Сауд Арабиясы әріптестік нығайды Қазақ пен араб қарым-қатынасы бизнес саласында нығая
түспек. Шетел кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына қомақты қаржы салуға дайын. Сыртқы істер
министрі Қайрат Әбдірахманов араб елдеріне іссапары барысында Сауд Арабиясындағы әріптесімен
кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылады. Әсіресе өткен жылы Елбасының осы елге жасаған ресми
сапары аясындағы келісімдердің жүзеге асуы сөз болып, жоспарлар нақтыланды. Мына қызықты
қараңыз. Арабтар да қазақтар сияқты өмір сүру керек дейді. Жергілікті мамандарды, әсіресе еліміздің
энергетика және атом өнеркәсібі саласындағы жетістіктер қызықтырып отыр. Тәжірибе жинағысы
келеді. Бліктілік арттырсақ дейді Қазір араб әлемінің, ислам әлемінің көп бөлігін жанжалдар басып
кетті. Мінекей осындай жағдайда Қазақстанның тұрақты болуы, оның қандай себептері бар, біздің
табысымыздың қандай құпиясы бар, міне осылармен бөлісіп, қалай ынтымақтастықты тиімді артыруға
болатынын қарастырдық. Тағы бір өзекті мәселе - бизнес. Екі ел арасындағы алыс-беріс өткен жылы 3
есе артқан болатын. Тіпті қазақстандық тарап мұнымен тоқтап қалмай, әлі де көлемді арттырмақ. Оған
араб кәсіпкерлері де мүдделі. Түрки бен Мұхаммед, Сауд Арабиясының ханзадасы: - Өткен жылы
Қазақстан президентінің біздің елге жасаған ресми сапары барысында екі ел арасындағы бизнес-
байланыстың екінші тынысы ашылды деуге болады. Қазақстандық кәсіпкерлермен тығыз қарым-
қатынас орнатып, сенімді серіктеске айналдық. Сондықтан әлі де Қазақстан экономикасына үлкен
көлемде инвестиция құюға дайынбыз. Енді осыған қатысты нақты жоспар бекітілді. Энергетика
саласында да екі елдің бір-бірінен үйренері көп...
1.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN
9965-26-322-1

2. Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім

3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN
9965-26-322-1

4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

5.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VI том

Ұқсас жұмыстар
САУД АРАБИЯНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
Мемлекетті басқару формалары
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері
Аймақтық өнеркәсіп географиясы
Азия - қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы
ҮНДІСТАН ТУРАЛЫ
Ислам дінінің қалыптасуы
Солтүстік жарты шар материктерін қайталау сабағы
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ, СИНГАПУР ЖӘНЕ ГОНКОНГ ҚАЗІРГІ ДАМУ
Ресей және ОПЕК
Пәндер