Бронхтық демікпе туралы түсінік




Презентация қосу
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Бронхтық демікпе туралы түсінік
ә) Этиологиясы
б) Клиникалық көрінісі
в) Бронх демікпесінің диагностикасы
г) Мейірбикенің дәрігерге дейінгі көмегі
д) БД- кезінде ингаляция жасау алгоритмі
ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бронхылық астма ( грекше: asthma- тұншығу)-
аллергиялық жауаптың салдарынан бронхылық тарамдар
арқылы ауаның кері шығуы(экспирация) қиындап,
ұстамалы ентікпе дамитын сырқат. Бронхылық астма
тұқым қуалайтыны күмәнсіз, бірақ оның басты себебі
экзогендік аллергендер. Бронхылық астманың ұстамасы
лаброцит, базофил клеткаларына бекіген антиденелер
аллергенмен қосылғанда басталады. Сол сәтте түзілген
антиген- антиденелік кешеннің әсерінен лаброциттер
грануласынан биологиялық активті заттар ( гистамин,
серотонин, кининдер) бөлініп бронхылардағы
тамырлардың экссудатты жауабын өрбітеді.Бронхылардың
бұлшықетті қабаты жиырылып,кілегейлі қабықшасы
шырышты тым көп түзеді,сөйтіп олардың саңылауы
арқылы ауаның өтуі қиындайды.
Бронхтық демікпе– бронх
қабырғасындағы тегіс бұлшық
еттердің спазмасы салдарынан,
бронх ағашының шырышты
қабығының ісінуінен болады.Соның
салдарынан дем шығару қиындайды
(Экспираторлық ентігу)

қалыпты астма
Этиологиясы

Этиологиялық
факторлар

Экзогендік Эндогендік
фекциялық жІе инфекциялық емес Тұқымқуалйтын жІе жүре п,.б.
ендер ; Механикалық және химиялык иммундық, эндокриндік,
ркендіргіштер : Метереологиялық,
вегетативтік нерв жүйесінің бұзылыст
рестік, психологиялық факторлар Инфекциялық қабынулық аурула
Бронхтык обструкция (экспирациялық
ентікпе мен ұстамалар, тыныс шығарудың
ұзаруы, қүрғақ ысқырық, сырылдар
Қабыну (қызудың көтерілуі, қақырық
бөлінуі, лейкоцитоз, интоксикация-лық
белгілер);
Аллергиялық (аллергенмен жүғысқанда
болатын ұстама; аллергиялық
риносинусопатия, есекжем, қышыну, белгілі
бір тағамның немесе дәрінің жакпауы;
терілік және ингаляциялық оң сынамалар;
эозинофилия; кақырықта бронхтық астманың
"үштігі", лимфоциттердің дегрануляциясы;
қан мен несепте биологиялық белсенді
заттардың — гистаминнің, серотониннің,
брадикининнің көбеюі).
Бронх демікпесінің
диагностикасы :
Пикфлоуметрия — тынысты барынша алғаннан кейін
тынысты тез шығару кезіндегі ауа ағымының максимадды
көлемдік жылдамдығының (пикін-қүзын), яғни тыныс
шығарудың максималды жылдамды-ғын анықтау әдісі. Оны
арнайы аспап - пикфлоуметрмен күніне 3 рет аныктайды.
Пневмотахометрия — бронхтык обструкцияның ең ерте
белгісін — тыныс алу қуаттылығының тыныс шығару.
қуаттылығынан артуын анықтауға мүмкіндік береді.
Пневмотахография — ауаның "ағым-көлем" қисығынан
обструкцияның орналасу деңгейін (ірі, орташа және үсақ
бронхтарда) аныктауға қолданады. Бүл әдіспен тиімді
дәрмектің түрін тандауға және бронхтардың салқын ауаға,
дене қызметіне, түрлі шаң мен газдарға, ацетилхолинге
реактивтілігін тексереді.
Аллергологиялық тестілеу. Аллергеннің түрін анықтау
мақсатымен скарификациялық, аппликациялық немесе
терішілік сынамаларды қолданады. Сынамалардың ішіндегі
ең қолайлысы - ингаляциялык әдіс. Аллергеннің
ингаляциясын өте сак жасайды, өйткені аллергеннін өкпеге
тікелей түсуі ауыр үстамаға немесе астмалық статусқа
әкелуі мүмкін
Мейірбикенің дәрігерге дейінгі көмегі.
1. 1.Науқасты орындыққа отырғызыңыз немесе
төсекке басын көтеріп,арқасына жастық төсеп
отырғызыңыз.
2. Терезені ашыңыз. Науқастың таза аумен тыныс
алуына жағдай жасаңыз.
3. Мейірбике науқастан қандай дәрілерді
қолданғанын,қанша мөлшерде қолданғанын , және
себептерін анықтауы тиіс.
4. Мейірбике дәрігер келгенге дейін
науқастың тамыр соғысын, тыныс алу
жиілігін, артериялық қан қысымын өлшеп,
ауру тарихына жазып қоюы керек.
5.Дәрігерге науқастың ұстамасының
қаншаға созылғанын, қолданған дәрілерін,
тыныс алу жиілігін, артериялық қан
қысымын, пульсін айтамыз.
6.Дәрігердің тағайындаған ем-шарасын
жүзеге асырып, науқастың жағдайын
бақылаймыз.
7. Егер науқастың жағдайы жақсармаса
науқасқа оттегі беру керек және ем –
шараны жалғастырып, науқасқа төсек
режимін белгілеу керек.
8.Ұстама аяқталған соң науқас шөлдеп,
сусын сұрауы мүмкін.Мейірбике науқасқа
қант қосылған шай (егер науқас қант
диабетімен ауырмайтын болса) немесе ас
содасы қосылған шай беруі керек.Бұл
науқастың қақырығының тез түсуіне
көмектеседі.
Себепші аллергенді
Мастоциттердің анықтап, тоқтату
дегрануляциясын Эллиминациялық ем
дәрілер

Антигистаминдік Спецификалық
дәрілер гипосенсибилизация
БД емдеу жолдары

Бронходилятаторлы Бейспецификалық
ем гипосенсибилизация

Иммундық жүйені Экстракорпоральды
қалпына келтіру ем
Ингаляция-дәрілерді тыныс
алатын ауа арқылы енгізу әдісі.
Ингалятор – ингаляция жасауға
арналған құрылғы.

А-канистир
В- клапан
С- мундштук
Ингаляторды қолдану
Орындалатын іс әрекеттер:
1. Баллончиктің қақпағын ашыңыз және оны төмен қаратыңыз.
2. Аэрозолы бар баллончикті жақсылап шайқаңыз.
3. Науқасқа терең тыныс алуын өтініңіз.
4. Баллончикті қолыңызға алып науқастың аузына енгізіңіз
және мундштукты ерінімен ұстауын өтініңіз.
5. Науқастан терең тыныс алуын өтініңіз және осы мезетте
баллончикті қатты қысыңыз, сол кезде ауыз қуысына
аэрозоль түрінде дәрілік зат енеді.
6. Науқастан бірнеше секунд тыныс алмауын өтініңіз және
мундштукты ауыздан шығарыңыз және жайлап тыныс алуын
өтініңіз.
7. Егер науқастың ауыр халіне байланысты терең тыныс алу
мүмкін болмаса,онда аэрозольдың бірінші дозасы ауыз
қуысында еріп кетеді.
8. Ингаляциядан кейін баллончиктің қалпағын кигізіңіз.
Пикфлоуметрия-бронх
демікпесі кезіндегі
бақылау мен
диагностикасы
әдістерінің бірі.Бұл әдіс
кез келген өкпе
ауруларында
қолданылады,бірақ
негізінен бронх
демікпесі кезінде өте
маңызды.
Пикфлоуметр-бронх
демікпесі кезінде өзін-
өзі бақылауға арналған
индивидуальды аспап.
Қорытынды
Бронх демікпесі-емделмейтін ауру. Терапияның басты
мақсаты-күнделікті өмірдің дұрыс сақталуы, физикалық
белсенділікті қоса. Приступ басталған жағдайда мейірбикенің
көмегі, яғни науқасты ыңғайлы жерге төсек немесе диванға
жатқызып, таза ауа бар жоғын қадағалап, кеудесі мен аяғына
горчичник басады. Қазіргі кезде астмамен ауыратындар
көбінесе қалталық ингаляторларды арнайы заттар қоспасын
қолданады.Науқаста бронх демікпесі басталған сәтінде, ол
қатты қорқыныш сезімінде болады, мейірбике науқасты
тыныштандыру керек. Қазіргі кезде курорттық емдеу орындары
өте көп, мұнда аллергиялық ауруларды емдеу шаралары
жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер
1. И.Г Формина “Общий уход за больными”
2. А.А Шептулин, А.М Хохлов, А.Я Гребенов “Основы
общего ухода за больными ”
3. И.В.Яромвич “Сестринское дело.”
4. С.А.Мухина “Общий уход за больными.”
5. «Внутренние болезни» I том, глав.редакторы:
А.И.Мартынов, Н.А.Мухин, В.С.Моисеев. Москва
Гэотар-МЕД 2004
6. А.И Башмакова “Азбука первой помощи”
7. В.Г Веденко “Палатная медицинская сестра”
8. www.google.ru

Ұқсас жұмыстар
Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі мейірбике жұмысының алгоритімі
Медбикелік күтімнің бағасы
Кеуде қуысының ауруы
Тексеру әдістері
Жүрек шаншуы
Хромосоманың центромерасынан бастап локустар орналасуы
Демікпе ауруына арналған жаттығулар
Стресс әсерінен болатын аурулар
Медбикелік үрдіс кезеңдері
Бронх демікпесі
Пәндер