Өтірік өлең




Презентация қосу
Тұрмыс-
салт
Шешендік жырлары Мақал –
Сөздер мәтелдер

Тарихи
Ауыз Жұмбақтар
жырлар әдебиетінің
түрлері:

Айтыс
Ертегілер
өлеңдер
Лиро –
Эпостық
эпостық
жырлар жырлар
Ауыз әдебиеті-халқымыздың
ауызекі шығарып,ауызекі тарап
отыратын асыл мұрасы.
Ауыз әдебиеті-талай – талай
ғасырлар жемісі.Халық оны сонау
ықылым заманнан рухани асыл
қазына ретінде сақтап,ұрпақтан –
ұрпаққа мұра еткен.
АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
КӨРКЕМ ОЙЛАУ МЕН
КӨРКЕМ СӨЗДІҢ
ОЗЫҚ ҮЛГІСІ
РЕТІНДЕ
ҚАЛЫПТАСҚАН.

(Ә.Қоңыратбаев)
Қай халықты алсақ та,олардың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі,күн
көрісі,әдет-ғұрпы,салт-санасы болады.Осыған орай ауыз
әдебиеті,оның ішінде тұрмыс-салтқа байланысты түрі де
дамып,өзгеріп отырған.

Қазақтың ауыз әдебиетінде халықтың тұрмыс-салтымен
байланысты туған шығармаларды мазмұны жағынан бірнеше
түрге бөлуге болады.Солардың ішінде бастылары мыналар/
1.Төрт-түлік малға,еңбекке,аңшылық кәсіпке байланысты туған
шығармалар.
2.Баланың дүниеге келуіне,есейіп ер жетуіне байланысты туған
өлеңдер.
3.Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.
4.Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар.
5.Бата-тілектер.
Мысалы:
Төрт-түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса жол болсын!
Бәле-жала жерге енсін!..
Ата - анамның саясында ер жетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілем
Әжемдей ақ ниетті адал жанды,
Таппаспын айналсамда жербетінен.
(Халық өлеңінен)
Қазақ халқында нәрестенің дүниеге келуі
үлкенқуаныш болып саналған.Отбасының арманы
мен тілегі,алтын тірек-діңгегі,ерлі-зайыптылардың
сүйеніші мен қуанышы-бала.
Адамның тууынан бастап,қартайғанға дейінгі өмір
жолының әр кезеңін атап өту,оған арнап өлең-жыр
шығару қазақ халқының ежелгі дәстүрі болған.Бала
туғанда елді жинап «шілдехана» жасау,азан
шақырып,ат қойғызу,бесіккесалу,аяғын апыл-тапыл
баса бастаған кезде «тұсау кесу», алғаш рет жолға
шықса, «тоқым қағар», бес жасқа келгенде «атқа
мінгізу», - бәрі де өлең - жырлар арқылы атқарылып
отырған.
Мысалы:«Әлди,әлди,ақ бөпем»деп басталған өлең - жырда анасының
жас сәбиіне деген арман - тілегі білдіріледі.
онда:Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып.
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсін?-
деп,баласына деген тілегі,одан күтер үміті айтылады.
Тұсау кесер жыры:Балаға 12-14 ай болғанда қаз тұрып,жүре
бастайды.Қонақтар келіп,баланың тұсауын жас келіншекке
кестіреді.Тұсау кесуші әйел жүре бастаған баланың аяғына ала
жіппен тұсау салып жатып:
Қаз - қаз,балам,қаз,балам,
Қаддам басса мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз - қаз,балам,қаз,балам,
Тоқымды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Балтырыңды түре ғой
Тай - құлын боп шаба ғой.
Озып бәйге ала ғой,-деп өлеңдете отырып,ала жіпті қайшымен қияды
да,баланы 3 - 4 аттанады.
Атқа мінгізу тойы:
Бала 4 - 5 жасқа толғанша әкесі оған тай - құнан
арнап, ер - тоқым, қамшы, жүген даярлап қояды.
Тойда айтылатын тілектер, берілетін бата жыр
түрінде болады:
Ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал тілек.
Жасыңнан малды баға біл,
Атқа жақсы шаба біл.
Өнеге өнер, таба біл,
Аймағыңа жаға біл.
Тең құрбыңның алды бол,
Мінеки, атқа міндің
Ашылды жол.
Атқа міну тойы баланың әжетке жарауы,
азаматтықтың белгісі болып саналған.
Жаңылтпаш.Қазақ халқының ауыз әдебиетінің бір түрі - жаңылтпаш.Мұнда
жаңылтпаш айтушының әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат
етіледі.Жаңылтпаштың әр сөзді шапшаңдата, тез - тез айтылуға тиіс.
Жаңылтпаштың сөздері көбінесе өлең секілді ұйқасып та келеді.
Мысалы:
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны кім томағаламай,кім томағалайды?
Оны кім томағаламай,кім томағалайды?
Немесе:Ар жақтағы Құдияр құдам еді,
Ол мені қудаламады,
Мен оны қудаламадым,-деп,соңғы екі жолды қайталап айтады.
Жаңылтпаштың тіл ұстартуда тәлімдік мәні зор.
Өтірік өлең: Қазақ халқының ауыз әдебиетіне ғана тән тұрмыстық өлең түрінің
бірі - өтірік өлең. Өтірік өлең күлкүлі, қызықты сюжетке құрылады.
Өтірік өлеңде айтайын деген ойлар, суреттейін деген көріністер болмайтын
істі болды деп суреттеп береді.Ішкі мазмұнына көз жүгіртсек, шындыққа
қарама - қайшы, нанымсыз іс- әрекет екені білініп тұрады.
Мысалы:Бір қоянды міндімде аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай жерге түстім...
Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Той қылып,мың масаны сонда сойдым.
Жүрегін біреудің төрт бөліп жеп,
Нансаңыз өмірімде бір рет тойдым,-деп,әсірелеу арқылы әдемі көркем
бейнелер жасаған.
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас ақ жолдың үлгісі бар.
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,
Зерделі ұл, зейінді қызды сынар.
(Халық өлеңі)
Қыз ұзату тойында «тойбастар», «жар - жар»,
«сыңсу»,келін түсіретін ауылдағы жиында «беташар»,
т.б. өлеңдер айтылған.
Тойбастар:
Ұзатылған қыздың тойында айтылатын өлеңнің бір түрі.
Тойбастар өлеңі той иесіне арналады.
Мысалы:
Белгілі бұл қазаққа тілдің желі,
Той қылдың жұрт жинаған мерекелі.
Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз,
Тойыңыз тойға ұлассын берекелі,-деп өлең арнап, той
бастайды.
Жар - жар.
Ұзатылған қыздың тойында, тойбастардан кейін айтылатын өлеңнің бір түрі
жар - жар.Жар- жарды екі топқабөлініп, айтыс түрінде орындайды.Бұнда
бір жағы жігіттер, екінші жақ қыздар немесе бір жағы жігіттер қыз алушы
екінші жақ қыз беруші құдалар болып айтысады.
Мәселен,жігіт жағы:
Алып келген базардан
Қара насар,жар-жар-ау,
Қара мақпал сәукеле,
Шашың басар,жар-жар-ау.
Мұнда әкем қалды деп,
Қам жемеңіз,жар-жар-ау,
Жақсы болса, қайны атаң,
Орнын басар жар-жар-ау -десе,қыз жағы:
Есік алды қара су
Майдан болсын,жар-жар-ау,
Ақ жүзімді көргендей
Айнам болсын,жар-жар-ау.
Қайын атасы бар дейді,
Осы қазақ,жар-жар-ау,
Айналайын әкемдей
Қайдан болсын,жар-жар-ау,-деп жауап береді.
Осы ретпен той жалғаса береді.
Беташар.Беташар-жаңа түскен жас келінге айтылатын жыр.Күйеуінің ауылына келін
болып жаңа түскен жас қыздың басына желек салу-ежелгі халықтық дәстүр.Ол-
келіннің жаңа өмірге қадам аттауы,әдет-ғұрыпқа мойын ұсынуы.
«Келін,келін,келіп тұр,
Иіліп сәлем беріп тұр»,-
деп жаңа түскен жас келінге ауылдың үлкендерін таныстырып,олардан көрімдік
сұралады.
Нар берсеңіз,мая бер,
Үстіне кілем жая бер.
Жылқы берсең биеден,
Кем болмасын түйеден
Сиыр берсең қызылдан,
Шұбалаңқы құйрығы ұзыннан,
Қой берсеңіз үлкен ағынан,
Егіз болсын қозысы,
Болмасын жалқы тағы да,...-деп,төрт түлік түгел аталып шығады.
Сыңсу.Өте ертеден келе жатқан салт-дәстүр жырларының бір түрі-сыңсу.Бұл жыр
ұзатылатын қыздың ағайын-туыс,ел-жұрт,әке-шешемен қоштасып айтатын
жыры.Көбінесе қыздың жеке басының мұңы,жат жұртқа кетіп бара жатқаны
айтылады.
Сыңсу өлеңінде:
Ата-анам еді-дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім,
Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан-сәулетім,-
деп ұзатылып бара жатқан қыз туыс - достарына көңіл шерін толғайды.
«Мұң - шер өлеңдерінің»аса көп таралу сыры сол арқылы жеке бастың,от
басының,ауыл-аймақтарының,рулы елдің қайғысы жырланады...Жалпы
мағынасы,тұрақты образдар жүйесі,ортақ қайғылы сарыны,ой-түйіні
орайлас болғанымен, «мұң-шер жырларының» әр саласының,әр өлеңінің
өзіндік ерекшелігі болады.Өйткені олар белгілі жағдайда,белгілі оқиғаға
байланысты шығарылады.
(М.Әуезов.)
Қоштасу.Қоштасу өлеңінің негізінде белгілі бір қайғылы хал жатады.
Қазақ халқы өзінің тарихында талай ауыр күндерді басынан кешірді.Жат
жұрттық жаулармен соғыс кезінде кір жуып,кіндік кескен жерін
тастап,қоныс аударуға тура келді.
Тіпті тыныштық заманның өзінде де халықтың аяулы
ақындары,шешендері,жыршылары елінің хан-сұлтандарымен келісе
алмай,басқа жаққа кетуге мәжбүр болған икездер бар,Міне,осындай
жағдайларға байланысты қоштасу өлеңдері пайда болды.
Қоштасу өлеңдерінің тақырыбы әр алуан болса да,мазмұны төркіндес
келеді.Олардың қай-қайсысында болса да көңіл күйі,еліне,жеріне,ғашық
жарына,ата-анасына,туған-туыстарына деген қимастық сезімі білдіріледі.
Мәселен, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырында ел арасына кең тараған
қоштасу үлгісі тұрмыс-салт жырының бір нұсқасы болып табылады.
Балталы,Бағаналы ел аман бол,
Бақалы,балдырғанды көл аман бол.
Теруші ем еріккенде ермек етіп,
Екпе жиде, алма ағаш, гүл аман бол.
Бұл өлеңде кіндік кесіп,кір жуған жерінқиып кетудің қиындығы,яғни
елге,жерге деген қимастық сезім жыр болып отыр.
Естірту,көңіл айту.
Қазақтың ертедегі салт-дәстүрі бойынша,жеке
адамның,кейде бүкіл елдің басына тускен ауыр
қайғыны,үлкен қазаны жанашыр жақындарына
өлеңмен,тұспал сөзбен немесе күймен жайлап
естіртетін болған.Естірту,көңіл айту түрінде әр түрлі
шығармалар тудырған.Қазаны естіртуші адам айтайын
деген ойвн жұмбақтап,ишаратпен,тұспалмен бастап,әр
түрлісалыстырулар жасау арқылы өлімнің хақ
екенін,табиғатың заңы екенін біртіндеп
білдіріп,тыңдаушылардың көңілін аударлықтай
даярлық жүргізген.
Мысалы:
Ақ сұңқар ұшты ұядан,
Қол жетпейтін қиядан.
Қанаты бүтін тұлпар жоқ.
Тозбасты ұста соқпайды,
Өлместі тәңірі жаратпайды,-деп басу айтады.
Жоқтау.
Жоқтау-қазақ ауыз әдебиетінің көне түрі.Біреудің баласы,жанашыр
жақыны,сүйген жары,ел қамқоры болған батыры,биі,ханы қайтыс
болғанда жоқтау өлең айтатын болған.Жоқтау өлең бүкіл
елдің,халықтың атынан да,жеке адамның өз атынан да
айтылады.Жоқтауда өлген адамның елге,халқына,ағайын-туысқа
тірі күнінде жасаған жақсылығы,мінез-
құлқы,ерлік,батырлық,мырзалық іс-әрекеті жырланады.
Халық үшін жауларымен талай айқасып қол бастаған,еліне қорған
болған Қанжығалы Бөгенбай батыр өлгенде Үмбетей ақынның
айтқанын тұрмыс-салт жырларындағы жоқтаудың бір үлгісі деуге
болады.
Уа,Алатаудай Ақшадан
Асып тудың,Бөгенбай
Болмашыдай анадан
Болат тудың,Бөгенбай
Темір жұмсап,оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай.
Қалмақты қуып қашырдың
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай таудан асырдың.
Қалмаққа ойран салғыздың...
Бата беру - адал ниет, жақсы тілек, білдірудің ұлттық
дәстүрі.Бата беретіндер,көбінесе көпті көрген ақсақалдар мен
кемеңгер даналар, дуалы ауыз билер болып келеді.
Бата қысылғанда - қуат, қиналғанда - медет беріп, әрбір іс -
әрекетке даңғыл жол ашып,бәле - жаладан қорғайды деп
есептелген.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі -
бата сөздер. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел
көгерер», «Көп тілеуі- көл» деп ұққан қазақтар келер ұрпаққа
бата беріп, ақ тілек, адал ниет білдіруді дәстүр тұтқан.
Бата берудің бір түрі дастарқан басына жиналғандардың жасы
үлкеннің немесе үйге келген қонақтың үй иесіне тілер
тілегі,ықыласы ретінде айтылады.Үй иесіне риза болған қонақ
дастарқан жиыларда:
Бершіл,бершіл,бершіл бол!
Боз торғайдай төршіл бол!
Тәңірі берген несібең
Тепкілесе кетпесін!-деп бата береді.Бата-тілектер өте көп.Жаңа
түскен жас келінге, ел қорғаушы азаматқа,бие байлауға,тіпті
астың әр түріне берер бата түрлі-түрлі болып келеді.
Мысалы
«Көш батасында»:
Көшің көлікті болсын,
Көлігің сенікі болсын!
Көш басшың білікті болсын,
Сапарың өнікті болсын!-десе,алыс сапарға немесе
жауға аттанып бара жатқан азаматқа ауыл
ақсақалы:
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын.
Әулие-әмбиелер қолдап,
Қоржының олжаға толсын!- деп бата -тілек берген.
Бата-тілектердің енді бір тобы отбасының бақыты-
жаңа туған жас нәресте мен жаңа түскен жас
келінге арналады
Нәресте қырқынан шыққанда ауыл адамдарын қонаққа
шақырады, осы кезде үлкен қария батасын береді.
Мысалы:
А,құдай, жас нәрестеге ұзақ ғұмыр бер!
Жас нәрестенің күлкісі бұлақтай болсын,
Ойыны секірген лақтай болсын.
Қыдыр дарып, әулие-әмбиелер қолдап,
Бақ пен дәулет басына қатар қонсын!-деп тілек
тілеген.
Ал ауылға жаңа түскен келіннің үйіне үлкен кісілер
келіп:
Келінің баянды болсын!
Үлкен - кіші сыйлайтын аяулы болсын!
Жылы сөзді, жұмсақ сөзді болсын!-деп әртүрлі үлгідегі
бата береді.
Мақал-мәтел, жұмбақтар бір ғасырдың ғана жемісі
емес.Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған ерте
заманда туып,өзінің қалыптасу, даму,өсу процесінде талай
ғасырмен бірге жасасқан.Бұл жолда әр түрлі
қоғамдық,таптық тілектерге ссәйкес өзгеріп,жаңарып
отырған.
(М.Ғабдуллин)
Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы дүниеге көзқарасы,
ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.
Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызы, шебер беруге
тырысады.Сөйтіп, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін»
жинақтап, қорытып береді.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан.Ол халықтың
әлеуметтік, шаруашылық,рухани өмірінің бір саласын
қамтиды.Шаруашылық кәсіпке, тіршілік тұрмысқа
байланысты, төрт-түлік малға,егіншілікке,аңшылыққа
байланысты мақал-мәтелдер көп.
Мысалы: «Жылқы малдың патшасы», «Ерлік тәрбиеден
туады», «Еңбек ер атандырады», «Өнерлі жігіт өрде озар»,
«Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»деген мақалдар бар.
Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын
білдіреді.
(М.Әуезов)
Жұмбақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі.Ол баланы жастайынан
қиялдай білуге тәрбиелейді. жұмбақтардың тақырыптары әр алуан болып
келеді.Ол кбінесе үй жұмысына қатысты құрал-жабдықтарға,төрт-
түлікке,құстарға т.б. байланысты болып келеді.
Мысалы:
1.Белін бекем байлаған,
Қоқысты қоймай айдаған.
(Сыпырғыш)
2.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Сақалы жоқ,шашы бар,
Бет-аузы жоқ,басы бар.
(Қозы)
3.Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.
(Қол)
4.Тұмсығы мықты,
Ой мен қырды тегістеп шықты.
(Үтік)
Затты қосарлап бейнелеу-жұмбақтың тағы бір ерекшелігі.
Ертегі бізге,ең алдымен,халықты мінездейтін материал есебінде
қажет.

(Н.А.Добролюбов)
Ертегілер-халық ауыз әдебиетінен мол орын атын күрделі
шығармалардың бір түрі.
Ертегілер көбіне қара сөзбен айтылатын болғндықтан,көркем
әңгіме деуге болады.Қазақ ертегілерін үшке бөліп қарстыруға
болады.
Олар:қиял-ғажайып ертегілері ,хайуанаттар жайлы ертегілер,тұрмыс -
салт ертегілері.
Қиял-ғажайып ертегілерге «Үш өнерпаз»; хайуанаттар жайлы
ертегілерге: «Алтын сақа», «Боз інген», «Жақсылық пен
жамандық»; тұрмыс - салт ертегілеріне- «Қарттың ұлына айтқан
өсиеті» жәнеде т.б.көптеген ертегілер бар.
Ертегілер ауызша айтуға лайықты түрде құрылады.Сөз,сөйлем
құрылыстары да осыған лайық келеді.
Мәселен,қазақ ертегілері:
Бар екендн, жоқ екен,
Аш екенде, тоқ екен.
Ерте,ерте,ерте екен,
Ешкі жүні келте екен,-деп басталады.

Ұқсас жұмыстар
Атың шықпаса, жер өрте мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат
Өтірік өлеңдер мен мақал - мәтелдер
Қазақ халық ауыз әдебиеті түрлерімен таныстыру
Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні
Шешендік сөз
Бөлімді қайталау. Ана тілі
Сөз жұмбақ
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі
Оңғарсы нова
Абайдың Қыс өлеңінің шығу тарихы
Пәндер