Қай шақта екенін айт


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Келер шақ

Жұмабаева Жанаргүл Қармысаққызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылы

Телжан Шонанұлы атындағы орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Тірек-сызбаны пайдалана отырып, оқушылардың “Етістік” туралы білімдерін толықтыру;

Оқушылардың оқу әрекетімен шұғылданып, өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;

Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Slide 3

Сабақтың принциптері:

Біртұтастық, жүйелілік

Slide 4

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, ажырату, талдау, салыстыру, дәлелдеу, іздену

Slide 5

Сабақтың көрнекілігі:

Тірек-сызба, сурет, кеспе қағаздар, ойын түрлері, мәтін, сөзжұмбақ.

Slide 6

Сабақтың барысы:

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Ұйымдастыру бөлімі (психологиялық жаттығу)

Үй тапсырмасын сұрау, бекіту (“мен мектепке келгенде” әңгіме)

Қызығушылықты ояту. Мәтінмен жұмыс.

Slide 7

МӘТІН

Мына бала-Болат. Балалар оны ЗООПАРК БОЛАТ деп атайды.

НЕГЕ?

Мектепте үзіліс кезінде ол - Әтеш болып қоқиланып жүреді. Сабақта тақта алдында балық болып мыңқ етпей тұрады. Ал үйінде әжесіне арыстан боп ақырады. Қарындасына қолтырауын боп тісін ақситады. Папасының алдында қоян болып қалтырайды. Мамасының алдында түлкі боп бұлаңдайды. Себебі, мамасы оған ойыншықтар сатып әпереді.

Slide 8

Тапсырма:

Болат қандай бала деп ойлайсың? Мінездеме беріңдер?

Болаттың қылығы дұрыс па? Өз ойларыңды айтыңдар.

Етістік дегеніміз не? Ол сөйлемде қандай мүше болады?

Slide 9

Тірек-сызбамен жұмыс

Етістік

сұрақтары

құрамына қарай

категориялары

не істеді?

не қылды?

қайтті?

Негізгі дара

Туынды күрделі

шақтары, райлары

Есімші, көсемше, тұйық

Болымды, болымсыз

Салт, сабақты

Slide 10

ІІ. Операциялық орындаушылық кезең

Тапсырмалар: Етістіктерді құрастырып сөйлем құрап жаз. Қай шақта, қай жақта екенін айт.

Ұшырды, жаздым, көшіреді, өсіреді, жинап жатыр, ойнап отыр

Slide 11

421-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған етістіктерге сұрақ қой. Қай шақта екенін айт.

Суыр.

Күзетшідей қарағы

Тік шаншылып тұрады.

Естігіш-ақ құлағы,

Сені көрсе, бұғады.

Жақындасаң тіпті егер,

Ол ініне зып берер.

Жоқ суырдың залалы,

Терісі оның бағалы.

Slide 12

425-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.

Азаматпен дос бол,

Қадіріңді біледі.

2. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

Slide 13

Кеспе қағаздармен жұмыс

Тапсырма: Өлеңнен етістікті тап. Қай шақта екенін айт.

Шыбықтарым кешегі,

Шынар болып өседі.

Көктемдегі көйлегін,

Күзде ағаштар шешеді.

Қалтарысқа тығылып,

Жасырынбақ ойнадық.

Бір тұрып, бір жығылып,

Біз ойынға тоймадық.

Slide 14

Ойын. “Етістік” сөзінен баспалдақ құру.

Е

Т

І

С

Т

І

к

Slide 15

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Тапсырма: Әр қатар өзіне берілген әріптен басталатын етістікке мысал келтіру

Ж

Т

Қ

Slide 16

Шығармашылық диктант

Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сызба бойынша өлең құрастыр.

сайрайды,

жайнайды.

құлпырып

сыйлайды.

Slide 17

422-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Мен көмектесемін. Біз көмектесеміз.

Сен көмектесесің. Сендер көмектесесіңдер.

Сіз көмектесесіз. Сіздер көмектесесіздер.

Ол көмектеседі. Олар көмектеседі.

423-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Ердің атын еңбек шығарады. Жазушы кітап жазады. Балкен шаңғыны жақсы тебеді. Сара сиыр фермасында істейді. Жалқаудың ертеңі бітпейді.

Қай шақта тұрғанын айт.

Slide 18

Ой сергіту жаттығуы: “Тез тап бөгелмей”

Төмендегі суреттер бойынша сөйлем құрастыру.

Slide 19

Ойын: “Сәйкестендір”

Оқысаң

Аяғың ауырса

Көп ұйықтасаң

Шөлдесең

Көзің ауырса

Жаз шықса

сусын ішіңіз

күн жылынады

қолыңмен сүртпе

басың ауырады

көп жүрме

түсінесің

Slide 20

Терме диктанты: Етістіктерді теріп жазу.

Шие неге қызыл.

Сонау ерте кезде бір аңшы болыпты. Ол аң-құс біткенді аямай ата беріпті. Көп ұзамай бұл өңірде жүгірген аң, ұшқан құс қалмайды. Күндердің күнінде аңшының ауласындағы шие ағашына бір көгершін қонады. Ол кезде шие жемісінің түсі сары екен. Ұзақ жолдан, жылы жақтан қанаты талған көгершін, сөйтіп, демалып, отырады. Оны көрген аңшы көгершінді қақ жүректен дәлдеп атады. Көгершіннің қаны шие ағашынан көпке дейін тамшылап тұрады. Жазықсыз құстың қанына боялған шие жемісі содан бері қып-қызыл боп кетіпті.

Slide 21

Ой тұжырымдамасы

Үйге тапсырма:

424- жаттығу.

Оқы, көр, ойна етістіктерін үш шақта жаз.

2) Ереже жаттау.

3) “Кім болам?” тақырыбына әңгіме жазу.


Ұқсас жұмыстар
Осы шақ 4 сынып
Етістік туралы түсінік
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Сөзде қанша
Айт күндері әңгімесі
Ұлы суретші Ә.Қастеев
Сөйлем мүшелері туралы түсінік
Сөз болуы
Етістіктің түрленуі. Шақ туралы түсінік
Етістiк туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz