Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері


Slide 1

Тақырыбы: Әкімшілік құқық жауапкершілік

Орындаған: Абдыкалик Т

Факультет: жалпы медецина

Топ: 10-11-1

Тексерген: Байтекова Қ

АЛМАТЫ 2014ж

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Slide 2

Жоспар

Әкімшілік құқық бұзушылық жайлы түсінік

Әкімшілік әрекет

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы

Кінәнің түрпішіндері

Әкімшілік жауаптылық

Әкімшілік жаза

Slide 3

Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық қөзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс әрекеті не әрекетсіздігі- әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады.

Slide 4

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің “әрекет” және “әрекетсіздік” қосылып “іс-қимыл” деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес және теріс қылық болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік әрекет - міндеттер мен заң талаптарын орындамау, бұзумен тікелей байланысты, құқық бұзушының мінез-құлығының белсенді түр пішіні.

Міндеттер мен заңды талаптарды орындаумен тікелей байланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең түр пішіні әкімшілік әрекетсіздік деп аталады.

Slide 5

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

Slide 6

Әкімшілік құқық бұзушлықтың белгілері

Slide 7

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:

Қоғамдық қауіптілігі - қоғамға, мемлекетке, адамдардың мүдделеріне зиян келтіретін әрекет, өзінің әлеуметтік маңыздылығы жағынан қоғамға қарсы болып табылады. Бұндай қоғамға қауіпті әрекеттің жауаптылығы әкімшілік заңдармен анықталады.

Әкімшілік құқықтың және басқа да еңбек, жер, қаржы құқықтары мен нормаларын бұзатын іс қимылдың құқыққа қайшы келетіндігі.

Slide 8

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері

Кінәлілігі - егер де құқық бұзған тұлға кінәлі деп танылса, яғни ол құқық бұзушылықты қасақана не абайсызда жасаған болса, заң тұлға жасаған іс қимылды құқыққа, қайшы деп санайды.

Іс қимылдың жауаптылығы - заңмен жауаптылық белгіленген іс қимыл әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Slide 9

Кез-келген әкімшілік құқық бұзушылық іс қимылды құқыққа жат, теріс қылық және оны жасаған субъектіні әкімшілік жауапқа тарту үшін, оның өзіндік құрамы болу керек. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы деп әкімшілік заңдармен бекітілген, әрекеттің не әрекетсіздіктің құқыққа қайшы, кінәлі және әкімшілік жауапқа тартуға болатындығын, не болмайтындығын анықтауға көмектесетін белгілер.

Slide 10

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы

Slide 11

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы

Әкімшілік құқықтың объектісіне әкімшілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс-қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.

Объективті жағы әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-қимылдың (әрекеттің, әрекетсіздіктің) өзін көрсетеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағына оның бірнеше мәрте жасалуы кіреді.

Slide 12

Әкімшілік құқықтың құқық бұзушылықтың құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісіне әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке және заңды тұлғалар жатады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы дегеніміз өзі жасаған әрекетке не әрекетсіздікке деген тұлғаның психикалық қатынасы.

Slide 13

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағының белгілері

Slide 14

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағының белгілері

Әкімшілік құқықбұзушылықтың субъективті жақтарының белгілерінің ішіндегі ең негізгі белгісі кінә, ал себеп пен мақсат қосымша белгілері.

Кінә тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын және оның қоғамдық қауіптілігін түсіне, ұғына алды ма (кінәнің зияткерлік жағы) және оны жасауға ниеті болды ма (кінәнің еріктілік жағы) деген екі жақты құбылыстардан тұратын тұлғаның жасалған құқық бұзушылық және оның нәтижесіне деген ішкі, психикалық қатынасы.

Slide 15

Кінәнің түрпішіндері

Зияткерлік және еріктілік жақтарының арасалмағына байланысты кінәнің қасақана және абайсыздық сияқты екі түрпішіні болады.

Егер өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп табылады. Қасақаналық тікелей және жанама болып екі түрпішінге бөлінеді.

Slide 16

Кінәнің түрпішіні

Абайсыздықтың екі түрпішіні бар: менмендік және немқұрайдылық. Абайсызда болатын менмендік тұлға әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) зиянды салдарларының болатындығын алдын ала біле тұра жеңілдікпен олар жойылады деп сенуі. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті ннегіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе не болмаса өз іс-әрекетінің(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық немқұрайдылықпен жасалған деп танылады.

Slide 17

Әкімшілік жауаптылық


Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы
Әкімшілік жауапкершілік
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Құқық бұзушылық түсінігі
Әкімшілік құқықбұзушылық құрамы
Фармацевтикалық қызметінде тәртіптік жауапкершілік
Құқық бұзушылық
Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, БЕЛГІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz