Ананың аққуды атуы
Презентация қосу
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-
жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті
тақта, сахналық көрініс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқу,
талдау
Сұрақтар:
1.Поэманың І бөлімінен қандай әсер алдыңдар? Туған жер,
Жетімкөлдің сұлулығы, аққудың үні, қасиеті, айнала қоршаған
ортамен үндестігі, ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?
2. Поэманың І бөлімінде оқиға мен интонацияның өзгергенін
байқаңдар.
3. Ананың психологиялық жай-күйін ақын қалай берген?
Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не?
ІІІ.Жаңа сабақ
Қазақ халқының, әнінің Мұқағалиы өз халқына өлмес
мұра, жыр-естелік сыйлады. (Талдау басталды)
-Поэманың композициясы табиғат гармониясын аңғарта
ала ма?
-Мұқағали – жыр жазудың шебері. Осы поэмада басы артық
дүние жоқ. Абай айтқандай, «теп-
тегіс, жұмыр келсін айналасы» деген өлшемге
композициясы да сыйып тұрған поэма. Поэма
экспозициядан басталады. Оқиғаның өтетін жері-
Жетімкөл, оның маңы, аққулар, Алатау, бір
сөзбен айтқанда, «табиғат» өз үйлесімін (гармониясын)
жайып салып тұр. ІІ бөлімнен бастап
оқиға басталады.
Мұқағали Мақатаев! Қазақ поэзиясының пір тұтар азаматы.
Оның өлеңдері санаңа жарық сәуле түсіріп, бойыңды «бай»
белестерге бағыттайды. Оның өлеңдері қаншалықты биік болса,
адамның оған деген құлшынысы соншалықты жоғары.
Мұқағалиді оқыған сайын, көкірегіңді сол заманның
әділетсіздігіне деген ыза кернеп, кеудеңді Отан мен отбасыға
деген құрмет қошеметтейді.
Ал махаббат әлемін, сірәда, Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем
шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның
кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі,
сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. Мұқағалидің
табиғатын, міне, дәл осындай деп елестетеміз. Жылататын да, жұбататын да
Мұқағали жырлары.
Оқиға
Бала ауырып жатыр. Ешқандай ем болмайды. Әке де,
ана да әбден қалжыраған. Сол кезде бір тәуіп келіп:
«Аққумен баланы аластаңдар» деп кетеді. Ана күйеуін
оятып:
«Барсаңшы, Жетімкөлге барып аққуды атып
әкел, қайтеміз, ол да адамға бола туған шығар» , - деп
күеуін жұмсайды. Күйеуі аққу құсты ата
алмайтынын айтады. Сонда ана ауырып жатқан
баласына қарап: «Егер балам өлсе, бақыттың керегі
жоқ»,- деп атты ерттеп, Жетімкөлге өзі кетеді.
Байланыс. Табиғаттың сұлулығына таңқалған ана. Баласында бір
сәтке ұмытып: «Дүние-ау,сен осындай керемет пе ең!» деп
таңқалып отыр.
Оқиғаның дамуы. Ананың ойы, баласының есіне түсуі, келген
мақсатын ойлауы
Психологиялық шегініс. Ананың екі жақты көңіл күйі .
Оқиғаның шарықтау шегі. Ананың аққуды атуы.
Оқиғаның шешімі: Жылқышы келіп:
-Әй, балам-ай...
-Болмады ғой,б олмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой .
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой...
Абыр-сабыр үй маңындағы дүрбелең... Баланың қайтыс
болуы...
Сахналық көрініс
Эпилог
Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,
Ортаймапты немесе тола алмапты
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.
Балалар, адам-табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар.
Бірі-тіршіліктің анасы-табиғат ана, екіншісі-адамның анасы.
Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын
жаралауға болмайды. Бірақ біз адамдар солай етіп жүрміз бе?
Қасиетке оқ атқызған анаға қандай күш? Ол – балаға деген ана
махаббаты. Баласы үшін өлімге де баратын ана қасиетке –
аққуға оқ атты. Ол – ана үшін өліммен бірдей еді. Қасиетке оқ
ату қасірет
болды...
Қасиетті аққулар оралмапты
Сабақты бекіту
1. Поэманың І бөлімінен қандай әсер алдыңдар? Туған жер,
Жетімкөлдің сұлулығы, аққудың үні, қасиеті, айнала қоршаған ортамен
үндестігі, ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?
2. Поэманың І бөлімінде оқиға мен интонацияның өзгергенін
байқаңдар. Ананың психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Ананы
қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не?
3. Поэманың ІІІ бөліміндегі жылқышы мен ананың диалогын
екі оқушы кезектесіп оқыңдар.
Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?
деген жылқышы қарттың сөзінде қандай мән бар?
4.Халқымыз аққудан тағы қандай аң, құстарды қасиетті деп
есептейді?
V.Үйге тапсырма:
Поэманы оқып, өзіңе ұнаған
жерін жаттап ал.
VII. Бағалау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz