Шығамын тірі болсам, адам болып өлеңі


Slide 1 Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі

Slide 3

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі:

Дуэт-панорамалық сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі:

Ой шақыру, мәнерлеп оқу, сезім, ақыл-ой тұтастығы арқылы іздендіру, проблемалық түйін тудыру, оқытушы мен оқушының ашық әңгімесі, антонимдік ассоциация Оқытудың формасы: Ұжымдық Пәнаралық байланыс: Тарих

Slide 4

1. Білімділік: - Алаштың ардақты азаматы Сұлтанмахмұттың ақындық қуаты арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу, өлеңнің тақырыбы мен идеялық мазмұнын ашу.

2. Дамытушылық: - Шығарманың танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап, түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру. Бір-бірімен ой бөлісу арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге үйрету

3. Тәрбиелік: - Ақын еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу, өзіндік «менін» ояту.

Сабақтың мақсаты:

Slide 5

1. Мен - Адаммын!

2. Сырлы сөз - саф алтын

3. Өмірдің шынайы шындығы

4. Ой түйін

Сабақтың құрылымы:

Slide 6

Үміт қып менен қарайсың,

Көңіліңе медеу санайсың.

Балалыққа жарасам,

Аталыққа жарайсың.

Сабақтың эпиграфы:

Slide 7

І. Ұйымдасыру кезеңі

ІІ. Ой шақыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, мен бүгінгі сабақты «Адам» деген үлкен мағыналы сөзден бастағым келіп тұр. Жалпы, біз «Сен кімсің?» дегенде, ең әуелі «Адаммын!» деп жауап береріміз хақ. Алайда, Адам, Адамдық, Адам болу деген сөздердің мәнін түсінеміз бе? Өмірден өз орнын таппай, адасып жүрген адамдар да бар. Ендеше, ой-пікірімізді білдіре отырайық.

1. Мен - Адаммын!

1. Адам болу деген не?

2. Адам өмірге не үшін келеді?

3. Менің өмірдегі мақсатым не?

4. Мен келешекте өз өмірімді қалай құруым керек?

5. Жаман адам кім?

6. Біз тамақ ішу үшін өмір сүреміз бе, әлде өмр сүру үшін

тамақтанамыз ба?

Сабақтың барысы:

Slide 8

2. Сырлы сөз - саф алтын.

ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар.

Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Slide 9

Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын-жазушылар көшін мына қайраткерлер бастайды:

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сәбит Дөнентаев

Сәкен Сейфуллин

Мағжан Жұмабаев

Бейімбет Майлин

Ілияс Жансүгіров

Slide 10

Біз бүгінгі дәрісімізді адам сезімін суреттеудің хас шебері, өзіндік үнін, азаматтық тұлғасын таныта білген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына арнаймыз. «Талпынам асыққандай жігіттікке» деп ақын өзі жырлағандай, оның өмірі күреске толы болды. Ескі дәуір қоғамының саяси-әлеуметтік тұрақтылығын көрмей, не қилы аласапыран болып жатқанда да С. Торайғыров өзінің күрескер, халқы үшін жанын аямай еңбек етер үлкен тұлға екенін көрсете білді. Жасынан өнер-білімге, ғылымға құныға өскен ақын тағдыры оңай болмаған еді. Екі жасында анасынан айырылды, тұрмыстағы қиыншылық, көңілі қалаған оқуына қолы жете алмай өкінуі, науқасқа шалдығуы едәуір қиындық туғызды. Алайда, өжет те қайсар, алғыр да зерек Сұлтанмахмұт бұған бола мойымаған. Алдына адам болып шығуды мақсат етіп қойған ақын ұмтылыс, ізденіс үстінде болды. Жас ұрпақтың елге адал қызмет қылуы үшін өнер үйренуіне, шарқ ұрып талмай еңбектенуіне өмір жолында келер қиындықты жеңуді міндетіне алып, оптимистік қасиетін, өнер сүйгіштік өр мінезін көрсетеді. Яғни, ол өзін «жарық күнде сәуле қуған» халық баласы ретінде танытып, «елдің бетін толған айдай болып көруге» уәде етеді. Сондай-ақ, Сұлтанмахмұт - ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы, Абайды өзіне ұстаз тұтқан. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланған шебер ақын.

Slide 11

1. Мұғалімнің оқуы

Шығамын тірі болсам, адам болып,

Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?

Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Мен- балаң, жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толған айдай балқып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,

Ойында оты барлар асылық демес,

Тебем деп, тірі болсам надандықты,

Серт етіп, өз-өзіме еткем егес!

ІҮ. Өлеңді мәнерлеп оқу

Slide 12

2. Оқушының оқуы

3. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы туралы

1. Өлеңнің тақырыбы не? (Адамдық)

2. Жыр жолдарының идеялық мазмұнын ашу

(Білім-ғылымға, өмірге деген құштарлық)

3. Осы өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті?

Кім болуды армандайсыңдар?

4. Сұлтанмахмұттың көздеген мақсаты не?

5. Ауыспалы мағыналы (эпитет, теңеу) сөздерді теріп жазу.

Slide 13

(Көрде тыныш жату, жарық

күнде сәуле қуған, алуға

күнді барып белді буған,

толған айдай балқып туған,

ойында оты барлар,

надандықты тебу)

Slide 14

Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман

С. Торайғыровтың

«Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі

лирикалық қаһарман - ақынның өзі, яғни ақынның

тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын

тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын

өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың

мұрат мақсатын, арман-аңсарын, сезім-күйін жырға

қосады.

1. Ақындық тұлға мен Адамдық дуэті

2. Ақын мен оқушы дуэті.

«Мен!» - ол сенің тұлғаң, ішкі менің.

4. Әдебиет теориясынан түсінік беру

Slide 15

Шы-ға-мын ІІ ті-рі бол-сам, ІІ а-дам бо-лып, а)

Жүр-мей-мінІІ бұл дү-ни-е-де ІІ жа-ман бо-лып, а)


Ұқсас жұмыстар
Шығамын тірі болсам адам болып 4 сынып
Ахмет Байтұрсынов "Қара бұлт"
Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні ғаріп
Көркем шығармалардан орта бағдарламасына көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, сілтеме жатқа айту
Әдебиет әлемінде
Етікші аспабының бірімен аттас есімдік
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893 - 1920)
LOGO САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Бағалау таксономиясы (Б.Блум)белгілері, сатылары
Сұлтанмахмұт Торайғыров ӨМІРБАЯНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz