Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері


Slide 1

Т а қ ы р ы б ы :

Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдерін - ХХ ғ.

әлеуметтану даму кезеңдерімен салыстыру (О. Конт, Г. Спенсер,

Т. Парсонс, Р. Мертон) (Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Аженов, Н. Аитов)

“Астана Медицина Университеті” АҚ

“Әлеуметтану” кафедрасы

2014 жыл

Slide 2

1. Кіріспе

2. Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдері (О. Конт, Г. Спенсер, Т. Парсонс, Р. Мертон)

3. ХХ ғ. әлеуметтану даму кезеңдері (Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Аженов, Н. Аитов)

4. Қорытынды

Slide 3

Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж. ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр. Жалпы, О. Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Slide 4

1. Теологиялық кезең

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.

2. Метафизикалық кезең

Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі - ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды.

Slide 5

3. Позитивистік кезең

Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.

Slide 6 Slide 7

О. Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек. Нақтылы фактілер - бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер. Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида - ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.

Slide 8

Герберт Спенсер (1820-1903 ж. ж. ) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі.

Спенсердің басты еңбегі - "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 - 1896) . Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері - "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873) .

Slide 9

Мертон Роберт Кинг (1910 жылы) - қазіргі құрылымдық функционализмнің өкілі. Ол өзінің алдындағы функционалистердің функция қоғамның жеке бөлікгері арасындағы байланысты нығайтып, олардың өзара әсерін камтамасыз етеді деген тұжырымдамасына өзгертулер енгізеді. Оның пайымдауынша бір құбылыстың әртүрлі функциялары болатыны сияқты, бір функция әртүрлі құбылыстармен орындалуы мүмкін. Мертон мынандай үш негізгі постулатты береді:

1. функционалды бірлік постулаты (жоғарыда айтылғандай) ;

2. әмбебап функционализм постулаты (функционалдық барлық әлеуметтік құбылыстардың пайдалылығы) ;

3. функционалды қажеттілік, шарасыздық постулаты.

Slide 10

Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Европа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді.

Slide 11

Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық, мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады.

Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады

Slide 12 Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану теориясы
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ
Социология ғылымы және оның құрылымы
Әлеуметтану ғылымның әдістері
ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтану ғылым ретінде
Әлеуметтану объектісі мен пәні
Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік білімнің құрылымы
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz