Сабақтың қортындысы
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Монғол – татар
шапқыншылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушылардың білімділік деңгейін көтеру,
мол мағлұматтар беру;
Тәрбиелік – сол кезеңдегі мемлекеттердің өзара қарым –
қатынастарымен қазақ халқының әлеуметтік саяси
жағдайларын айта отырып оқушыларды елжандылыққа,
отансүйгіштікке, еңбеққорлыққа тәрбиелеу;
Ұйымдастырушылық – тақырыпты жан – жақты кең
көлемде аша отырып оқушылардың ой – өрістерін
дамыту.
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру
үй тапсырмасын сұрау
қортындылау
жаңа тақырып өту
бекіту
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: ауызша, сұрақ -
жауап, пікір талас
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,
карта, сканворд, есеп
Жоспар:
1. Монғол мемлекетінің құрылуы
2. Монғол мемлекетінің саяси құрылымы
қоғамдық құрылысы
3. Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия
және Кавказ жерін жаулап алуы
Шыңғысхан (бала кезіндегі аты Темүжүн) 1155
(1162) Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің
жағасында Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған.
Темүжүн 9 жасқа келгенде әкесі татарлар қолынан қаза табады.
1206 жылы Онон мен Керулен өзенінің жағасында өткізілген
құрылтайда Темүжүнді жақтайтын көшпелі шонжарлар оны хан
сайлады. Ал Керей ханы торының Темүжүнге батасы, ол:
«Монғолдаржы жеңіске жеткізетін Жеңісхан болсын» деген екен.
Сол Жеңісхан деген сөз монғолша Шыңғыс болып аталып кетсе
керек.
Монғол мемлекетінің құрылуы
ХІІ ғасырдан бастап моңғол тайпалары қазіргі ұланғайыр
монғол жерін мекендеді. Жері Орталық Азидан басталып Байқал
көліне жалғасып, Енисей өзенінен Гоби құмына дейін созылып жатты.
Монғол жерінде моңғол, сонымен бірге татар, керей, найман секілді
тайпалар да өмір сүрді. Онон өзені бойында да моңғолдар көшіп-
қонып жүрген. Монғол жерінде мекен еткен тайпалар негізінен
ежелден мал бағумен, құс аулаумен айналысқан.
1155 жылы Есугей баһадүр отбасында ер бала дүниеге келді.
Есугейдің руы қият, ал әйелі олқұн руының қызы болған. Сол жылы
Есугей батыр татар тайпасына шабуыл жасап, қолға Темучин атты
батырын қолға түсіреді. Жаңа дүние есігін ашқан сәбиге осы Темучин
есімін қояды. Темучин қиындық көріп, өте өжет болып өседі.
1206 Жылы көктемде Онон өзенінің бойында монғол тайпалары
құрылтай жиын өткізіп, Темучинді ақ ту астында хан жариялайды.
Осы жиында атын Шыңғысхан деп өзгертіп, ХІІІ ғасырда Ұлы Монғол
империясын құрады.
Монғол мемлекетінің саяси
құрылымы қоғамдық құрылысы
Монғол империясын Шыңғыс ұрпақтары биледі. Ең жоғарғы
әміршісі Ұлы хан болды. Ол мемлекет басшысы ретінде әскери заң
шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге әбден құқылы болды. Жалпы
империялық жиналысы – құрылтай (хурилтай, хурилта) зор рөл атқарды.
Құрылтай ресми түрде биліктің ең жоғарғы органы болғандықтан,
онда ірі деген әскери мәселелер, ішкі саясат, ұрпақтар арасындағы жер
бөлісу мәселелері шешіліп отырылды. Құрылтайда сонымен қатар хан
тағайындалды. Құрылтай көктемде шақырылды.
«Яса» («Жаса»). ХІІІ ғасырдың басында Монғол мемлекеті елді
басқару үшін жазбаша баян етілген құқықтық нормалар мен заң ережелерін
бекітті. Бұл заңдар жиынтығын Шыңғысханның «Ұлы ясасы» деп атады.
Ясаның талабын орындамаған хан тұқымының мүшелері жазаланатын
болды. Хандар оны ел басқаруда ұзақ жылдар қолданды. Алайда бұл заңның
қағидалары жергілікті халықтың әдет-ғұрпы мен құқығына сәйкес
келмейтін.
Жасақ заңы
1- бөлім 2 – бөлім
Шыңғысханның нақыл Әскери, азаматтық
сөздері мен ел істер мен жаза
басқарудағы шешімдері түрлері.
Империя Ұлы хан
95 – Түмен әкімшілік (әрбір түмен он мың Уәзірлер (жаза
адам) білетін және басқа
тілді түсінетін)
Түмен аймаққа бөлінді
Хан туыстары мен
ақсүйек нояндар
Аймақ
Мыңдық – Он жүздіктен
- Ондықтар
Әскери басқару жүйесі
Сол қанат Орталық қанат Оң қанат
(Жоңғар) (Кул) (Барунгар)
Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия
және Кавказ жерін жаулап алуы
Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс елдеріне
саудагерлер мен елшілерін жіберіп барлау жасай бастады. Жетісу өңіріне
монғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол
керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барады. 1218 жылы
Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді. Бірақ оларды Отырар
қаласына келген шағында Ғайырхан сезіктеніп, өлтіруге бұйрық береді.
Бұл хабарды естіген Шыңғысхан 200 мың әскермен жорыққа шығады.
1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып,
Отырар қаласына жақындағанда әскерлерін бірнеше тұменге бөліп
тастады. (Он мың әскер бір түмен деп аталған). Отырар қаласын алуға
Үгедей мен Шағатайды қалдырып, Жошы қалған түмендерімен Сыр өзені
бойындағы қалаларды алуға аттанады. Шыңғысхан кіші баласы Төлеймен
Бұхара қаласына қарай кетеді.
1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Алты
айғы теке-тірестен кейін құлап, жермен жексен болады.
Отырар қаласы күйрегеннен кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында
Шыңғысхан әскерелеріне қосылып, Орта азия қалаларын жаулап ала бастайды.
Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында
бүкіл Мауараннахр аймағын бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын
алып, Орта Азияны өзіне қаратты. Осы жылы көктемде Шыңғыс хан Әмудария
өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. XIII ғасырда Қазақстан
мен Орта Азия жерінде монғол – татар үстемдігі орнайды.
Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысханның әскері Кавказға
аттанады. Солтүстік Ираннан кейін жеріне кіреді. Армиян – грузин әскерлерін жеңіп
Дағыстан арқылы Дербент қаласына келіп, Солтүстік Кавказ жеріне аяқ басады.
1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасап, Шыңғысхан ірі жеңіске
жетеді. Келесі жылы дүние салады. Өзінің айтуымен таққа Үгедей отырады.
1235 жылы ел астанасы Қарақорымдағы құрылтайда батысты бағындыруға
бағытталған жорықты Жошының баласы Батуға тапсырады. Ол өз жорығын 1236
жылы бастайды.
Сабақтың қортындысы
Монғол шапқынышылығының зардаптары орасан зор болды.
Қазақстанның көптеген қалалары қаңырап бос қалды. Жетісу
аймағында шапқыншылыққа дейін 200 – ден астам елді мекен болса,
одан кейінгі жылдар бар жоғы 20 – ға жуық қала қалған. Баласағұн
қаласының өзі түгілі орны қайда екені белгісіз болып кетті. Қала
тұрғындарының қырылуы Монғол шапқынышыларының
мәдениетінің дамуына да үлкен кедергі болды. Отырықшылық
тоқырап, егін шаруашылығы бұзылды, елдер арасындағы қарым –
қатынас тоқтады. Ең басты мәселе халықтың этникалық құрамы
бұзылып, қазақ халқының ұзақ жылға кешеуілдеді.
Математикалық ойын Тимучин қай жылы туылып,
қай жылы қайтыс болды?
(((22+96)•):2)131) •5=?
(((102+102) •2)+9) •3=?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz