Есімдіктің түрлерін атап беріңіздер




Білімділік: Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан- балаға
мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық
ойын-сауық түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті
тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін
түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін,
сөйлеу тілін, танымдық әрекетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, адамгершілікке,
ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз елін, жерін
сүюге, ұлттық өнерге тәрбиелеу

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сабаққа қатысып отырған
оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты
дамуы жоқ және болуы да мүмкін
емес»
В. Сухомлинский




Фонетика нені зерттейді?
(Тіл білімін)
2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
(42 әріп)
3. Буын түрлерін атаңыздар.
(ашық, тұйық, бітеу)
4. Ашық дауыстыларды атап беріңіздер.
(а, ә, о, ө, е, э)
5. Қазақ тілінде еріндік дауыссыздар нешеу?
(5-еу, о, ө, ұ, ү, у)
6. Әдемі сөзіне синонимдік қатар құрыңыздар
(әдемі, сұлу, көркем, керемет)
7. Күн, жылы, үлкен сөздерінің антонимін табыңыздар.
(күн - түн, , суық - жылы, кіші - үлкен)
8. Зат есім дегеніміз не?
(заттың атын білдіріп кім? не? деген сұрақтарға жауап
беретін сөз табы. )

9. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
(қандай? Қай?)
10. Қазақ тілінде неше септік бар?
(7)
11. Барыс септігінің жалғаулары? Мысал келтіріңіздер.
(-ға, -ге, балаға, әкеге)
12. Адамды, кітапты, оқушыны сөздері қандай септікте тұр?
(табыс септік)
13. Жатыс септігінің жалғауы? Мысал келтіріңіздер.
(-да, -де, -та, -те, кітапта, мектепте, қызда)
Есімдікке мысал келтіріңіздер.
(ол, анау, қашан? мына, өзім)
15. Есімдіктің түрлерін атап беріңіздер.
(жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік)
16. Иелік форманың жұрнақтары?
(-нікі, -дікі, -тікі)


1) Мәтінді оқып шығу.
Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Солардың бірі: көкпар, бәйге, күрес, теңге алу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, жамбы ату тағы да басқалар. Ұлттық ойындардың барлығы үлкен тәрбие береді.
Олар ерлікті, тапқырлықты қажет етеді. Ұлттық ойындар тойларда, мерекелерде ойналатын болған. Ата-бабамыздан жеткен бұл ойындар біздің байлығымыз. Сондықтан біз оларды білуіміз керек.

2) І топ: Мәтіннен 1-4 сөйлемдердегі зат есім мен есімдіктерді теріп жазыңыздар. Бірінші бағанға зат есімді, екінші бағанға есімдікті теріп жазыңыздар.
ІІ топ: Мәтіннен 5-8 сөйлемдердегі зат есім мен есімдіктерді теріп жазыңыздар. Бірінші бағанға зат есімді, екінші бағанға есімдікті теріп жазыңыздар.
Зат есім
Есімдік



3. Негізгі сын есімдерді бірінші, туынды
сын есімдерді келесі бағанға теріп
жазыңыздар.
І топ:
Жүйрік, биік, өнерлі,
үлкен, білімді, қалалық, ақылды, гүлді.
ІІ топ:
Таулы, ұзын, ақылды, қалың, боранды, ұзақ, ынталы, ұлы.


«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Күшіңе сенбе,
Адал ісіңе сен.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар.
Жері байдың,
Елі бай.
Еңбек ет те,
Міндет ет.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Арпа, бидай -ас екен,
Алтын, күміс -тас екен.




1. Ұлттық ойынды көрсетіңіздер.
а) футбол;
ә) бәйге;
б) тенис;
2. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға ұзын жіп немесе арқан керек.
а) бәйге;
ә) алтыбақан;
б) арқан тарту;
3. Бәйге ойынын қандай жануар үстінде ойнайды?
а) есек;
ә) жылқы;
б) сиыр;
4. Тоғызқұмалақ ойынын неше адам ойнайды?
а) 2;
ә) 3;
б) 1;
5. Қыз қуу ойынында жігіт қызды қуып жетсе, не істейді?
а) бетінен сүйеді;
ә) басынан сипайды;
б) қамшымен ұрады;
6. Қыз қуу ойынының қатысушылары кімдер?
а) жігіт;
ә) қыз бен жігіт;
б) қыз;
7. Ойынға белгіленген уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.
а) жамбы ату;
ә) арқан тарту;
б) аударыспақ;
8. Теңгенің көмегімен ойналатын ойын:
а) жамбы ату;
ә) арқан тарту;
б) теңге алу.
9. Ұлттық ойынға жатпайтын ойынды
көрсетіңіздер
а) тоғызқұмалақ;
ә) аударыспақ;
б) футбол;
10. Ұлттық ойындар адамның қандай қасиеттерін қажет етеді?
а) әдемілік пен жомарттылықты;
ә) адамгершілік пен сұлулықты;
б) ерлік пен тапқырлықты;
Тест тапсырмасы


№
Оқушының
аты-жөні
«5»
10-12 ұпай
«4»
8-10 ұпай
«3»
5-7 ұпай
1
Бигалиев Рустембек
2
Ерболатова Гулбахыт
3
Жарылгасов Бекарыс
4
Кабделов Куанышкали
5
Калмуханова Гулбакыт
6
Куспанов Ернар
7
Малева Анжелика
8
Муратова Гулдана
9
Мендешова Гульнур
10
Орынбасаров Исмаил
11
Сарсенгалиева Нурбейбі
12
Серикова Анель
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz