Өлеңнен үзіндіні жатқа оқу




Презентация қосу
Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын» өлеңі

(7-класс)

Молжигитова Рита Маратовна,
№16 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ақтөбе қаласы
Сабақтың эпиграфы:

Бәленің түрін көрген мен – сары маса
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан.
Ахмет Байтұрсынұлы
Сабақтың мақсаты:
білімділік - ақынның «Екі шыбын» мысалының идеясын
ашу, өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау;
дамытушылық - сұрақтар, іздену тапсырмалары арқылы
өз ойын еркін, дәлелді түрде көркем тілмен жеткізуге, өз
бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;
тәрбиелік – мәдениеттілікке, адамгершілікке,
қарапайымдылыққа баулу, ақын уағыздаған жақсы
қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын тексеру

1. А.Байтұрсынов туралы ізденіс жұмысы

2. “Атыспақ” ойыны. Үй тапсырмасы
бойынша бір-біріне сұрақтар қою.

3. Өлеңнен үзіндіні жатқа оқу.
Ахмет Байтұрсынұлы. Екі шыбын

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.

Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында Өгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, - дейді, - сен қай жақтан?»

Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып, жөтеледі:
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?»
***
Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін
Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,
Өз әлдін өзі білген адам көп пе?
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.
Түсіндірмелі терме диктант
Болашақ, сұлулық, алып бару,

маңғаздану, тәртіп, төбесі көкке жету,

мамандық, әддін, дәстүр, ғибрат,

атамекен, мұрнын көкке көтеру.
Өлеңді рөлге бөліп оқу
Автор
Танысы
Шыбын
Концептуалдық кесте
Кілт сөздерді пайдалана отырып, жоспар құру.
Жоспарларды салыстыру. Үздік жоспарды таңдау
Өгіз, сабан, шыбын, жер жырту, ғибрат,
мұрнын көкке көтеру
***Қосымша ақпарат. Ақын И.А.Крыловтың «Пчела и
мухи» деп аталатын мысалының идеясын алған. Екі
мысалшының да айтар ой-пікірі де, берер сабағы мен ұсынар
түйіні де біреу - адамдар бойындағы мақтаншақтықтан,
өзімшілдіктен аулақ болу. Бұл туралы И.А.Крылов өлеңінің
басында айтса, Ахмет Байтұрсынұлы бұл ойды жинақтай
келе, оқырманға ғибрат ретінде ұсынып отыр
Өлеңді талдау
Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, /11 буын/ /а/

Өз әлін өзі білген адам көп пе? /11 буын/ /а/

Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді, /11 буын/ /б/

Біреудің шылауында жүріп текке. /11 буын/ /а/
•Авторы .- Сатылай кешенді
А. Байтұрсынұлы талдау
•Тақырыбы - Екі шыбын
•Жанр түрі - поэзия /өлең/
•Идеясы - мақтанға, тәкәппарлыққа салынбау
•Шумақ - 5 шумақ
•Тармақ - 20 тармақ
•Бунақ - 3 бунақ
•Буын саны - 11 буынды
•Ұйқас түрі - қара өлең
•Әдеби теориялық ұғым - ирония, кекесін зілді мысқыл
•Түсіндірме сөздік- маңғаздану, әддін, ғибрат, мұрнын көкке
көтеру
•Өлеңнің тәрбиелік мәні – шыбынның бейнесі арқылы
адамдарды мақтаншақтық, тәкәппарлық, өзімшілдік сияқты
жаман әдеттерден сақтандыру.
Рефлексия
Мен үшін Маған не Қандай
жаңалық ұнады? тапсырма
болды мен үшін
қиын болды?
Бағалау.
Үйге деңгейлік тапсырмалар:
3. «Ақын ініме» және «Екі шыбын»
өлеңдерін салыстыру кестесін толтыру;
2.«Екі шыбын» мысалын жаттау;
1.«Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым»
тақырыбына шығарма жазу.

Ұқсас жұмыстар
Отырар өлеңі
Шығамын тірі болсам адам болып 4 сынып
Өлеңнің тақырыбы
Апаның тілін алса егер..
Жылқының әні
Ананың тілін алса егер. 2-сынып. Ана тілі
Абай өлеңі
Төлеген Айбергеновтің өмірі
Зияткерлік олимпиада
Ашық микрофон Тілек Жұптық жұмыс
Пәндер