Көктем тақырыбына сурет салу
Презентация қосу
7 “В” сынып 14. 04.2010 жыл
ИНФОРМАТИКА
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы
PAINT графикалық редакторы
Пән мұғалімі : Рустемова Айнур Идикановна
Алматы қаласы
2010 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:
Раіnt графикалық редакторы.
Негізгі түсініктер. Іске қосу.
Құрал-саймандар тақтасы.
Палитра. Сурет салу кезеңдері.
І. Cабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету.
Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру.
Түзу сызықтар, тіктөртбұрыштар мен дөңгеленген
тіктөртбұрыштар салу дағдыларын қалыптастыру.
Қылқаламмен сурет салу, бүріккіш және өшіргіш
құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Үзінділерді шағылдырып бейнелеуді, бұруды және
еңкейтуді үйрету.
2. Дамыту: Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін және пәнге
деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, есте
сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,
тиянақтылыққа
үйрету. Еңбекке баулу, ұлттық салт-дәстүрге,
ұжымдық
іс-әрекет үшін жауапкершілікке тәрбиелеу және алған
білімдерін келешекте өздері үшін пайдалана білуге
ықпал
ету, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық
ситуацияларды шешу: тест жұмысы
компьютерде сурет салу және төрт
шумақ өлең жазу, оны сақтау.
Көрнекі құралдар:Тест сұрақтары, үлестірме
карточкалар, компьютер.
Интерактивтік тақтасы.
Сабақтың пәнаралақ байланысы:
Орыс тілі, ағылшын тілі, геометрия,
сызу, бейнелеу өнері, әдебиет пәндері.
Сабақтың өтілу барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Біздің бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше,
өйткені бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр.
Біз “Paint графикалық” бөлімін оқып аяқтадық. Бүгін
енді осы бөлімнің қорытындылау сабағы. Осы бөлімнен
алған білімімізді көрсете білуіміз керек.
ІІ. Өткенді қайталау
Біз енді барлығымыз компьютерімізді іске қосамыз.
Ал олай болатын болса балалар біз 2 топқа бөлініп
білетінімізді ортаға салайық.
1- топ. Ғарыш.
1) Paint графикалық редакторы дегеніміз
не? Атқаратын қызметі қандай?
2) Paint графиктік редакторын қалай іске
қосамыз?
3) Paint графикалық редакторының
терезесінің бөліктерін атаңыз?
4) Сурет салу әдістері қалай орындалады?
5) Меню жолының қызметі қандай?
2-топ. Көктем.
1) Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
2) Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай
орындалады?
3) Үзінді дегеніміз не?
4) Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға
болады?
5) Үзінділерді көшіру және жылжыту
әрекеттері
қалай орындалады?
Ғарыш тақырыбына сурет салу.
Көктем тақырыбына сурет салу.
Салынып біткен соң оқушыларға фишка таратылады.
ІІІ. Рефлексия.
─ Ал балалар, “Paint “ программасының құрал-сайманын
еске түсіріп көрейікші !?
─ Қарындаш, құйғыш (эллипс немесе шеңбер), қылқалам,
тік төрбұрыш
ІV. Компьютер мен жұмыс тапсырмасы.
Енді осы оқып білгенімізді практика жүзінде
көрсетейік.
Бәріміз назарымызды интерактивтік тақтаға
салайық, бұл жерде екі топқа тапсырма берілген.
І-топ. Ғарыш
1- топқа 5 бағаннан, 4 қатардан тұратын кесте сызу.
ІІ-топ. Көктем
2- топқа 4 бағаннан, 5 қатардан тұратын кесте сызу.
(Осыдан кейін фишка таратылады).
3) Мәтіннің үзіндісін 1-құжаттан, 2-құжатқа ауыстыр. ( 2
топқа )
1- топ. (Ғарыш)
Ғашықтық кәусар бір басқа,
Махаббат елге, ар ұста.
Қос іңкәрлік пенденің,
Жандары жайлы ғарышта.
2- топ. (Көктем)
Сәлем, көктем,
Мен қайтадан туылдым,
Көк аспанның күмісімен жуындым.
Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.
(Соңынан фишка таратылады).
4) Әр топ өз тобына, тобының атына сай 1 шумақ
өлең жазып папкаға салады.
V. БЕКІТУ.
Енді сабағымызды тест жұмысымен қорытындылайық
“Paint графикалық редакторы” тақырыбына тест жұмысы берілген іске кіріселік.
І- нұсқа. Ғарыш
1. Paint графикалық редакторында үзінділерді бұру
командасы қалай орындалады? (2 жауабы бар).
А) Үіндіні белгілеу, қосымша меню-Отразить / Повернуть.
Ә) Правка – Отразить /Повернуть.
Б) Үзіндіні белгілеу. Рисунок –Отразить /Повернуть.
В) Үзіндіні белгілеу, негізгі меню-растянуть / Наклонить.
2. Paint графикалық редакторында үзінділері еңкейту мен
созу командалары қалай орындалады? (2 жауабы бар).
А) Қосымша меню – Отразить/Повернуть
Ә) Правка – Отразить /Повернуть
Б) Үзіндіні белгілеу. Рисунок –Отразить /Повернуть
В) Үзіндіні белгілеу, негізгі меню-растянуть / Наклонить.
3. Paint графикалық редакторын іске қосу үшін:
А) Іске қосу – Программалар – Стандарттар –WordPad;
Ә) Іске қосу – Программалар – Стандарттар – Paint
Б) Программа – Стандартты – Paint
4. Paint графикалық редакторын салған суретті сақтау
үшін:
А) Файл-Сохранить как;
Ә) Файл-сохранить;
Б) Файл-открыть.
5. Paint графикалық редакторын салған суретті ашу үшін:
А) Файл-Сохранить как;
Ә) Файл-сохранить;
Б) Файл-открыть.
1 2 3 4 5 Бағасы
А,Б Б,В Ә Ә Б
ІІ – нұсқа. Көктем.
1. Программа командасы қайда орналасқан:
А) Жұмыс үстелінде;
Ә) Есептер панелінде,
Б) Бас менюде.
2. Компьютерді қалай өшіру керек:
А) Іске қосу-жұмысты аяқтау-компьютерді қайта қосу,
Ә) Іске қосу- жұмыс аяқтау-компьютерді өшіру,
Б) Ажыратып қосқышты бекіту.
3. Кез-келген бағдарламада жаңа құжат құру командасы қалай орындалады?
А) Файл-Создать
Ә) Файль-Открыть
Б) Правка-Создать
В) Файл-Сохранить.
4. Кез –келген бағдарламада құжатты сақтау командасы қалай орындалады?
А) Файл-Создать
Ә) Файл-Открыть
Б) Правка-Создать
В) Файл-Сохранить.
5. Paint графикалық редакторында үзінділері еңкейту мен
созу командалары қалай орындалады? (2 жауабы бар).
А) Қосымша меню – Отразить/Повернуть
Ә) Правка – Отразить /Повернуть
Б) Үзіндіні белгілеу. Рисунок –Отразить /Повернуть
В) Үзіндіні белгілеу, негізгі меню-растянуть / Наклонить.
1 2 3 4 5 Бағасы
Б Ә А В Б,В
Балалар енді 2 топта жеке-жеке қанша фишка
қолдарында бар екендігін санайық.
Енді балалар алған фишкамызды көтерейік
Тек (қызыл) фишка!
VI. Үйге тапсырма Интерактивтік тақтада тұрған
фигураларды қағазға салып келу.
VIІ. Бағалау
Әр топтың мүшелеріне “ қызыл”
- өте жақсы
“ көк”- жақсы
“ жасыл” – орташа фишка
таратылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz