Білімді жетілдіру


Slide 1 Slide 2

Тәрбие туралы мәселелер Ежелгі Рим философтары мен шешендерінің де еңбектерінде орын алған. Қызықты педагогикалық ойларды Лукреций Кар (б. з. д. 99-55 жж. шамасында), М. Ф. Квинтилиан (б. з. д. 42-118жж. ) және т. б. айтқан.

Марк Фабий Квинтилиан (римдік) алғашқы кәсіптенген педагог болып табылады. Ол гармонияға дұрыс ұйымдастырылған оқыту арқылы жетуге болады деген. Мұнда ол балалардың жалпыгуманитарлық дамуына басты назар аударған. Белгілі «Наставление в ораторском искусстве» атты еңбектің авторы. Шешендік өнерге арналған қоғамдық қызметке даярланушы жастар білім алған алғашқы қоғамдық мектеп ашқан.

Квинтилиан алғаш рет мұғалімнің тұлғасына талап қойған:

Білімді жетілдіру;

Балаларға деген сүйіспеншілік;

Олардың жеке тұлғасына деген құрмет;

Әрбір оқушыда мұғалімге деген сүйіспеншілік пен сенім қалыптасатындай етіп іс-әрекетті ұйымдастырудың қажеттігі.

Орта ғасырларда тәрбие мәселелері құдайға құлшылық етуші философтар еңбектерінде діни тұрғыда қарастырылды.

Қайта өрлеу дәуірінде (XIV-XVI ғғ. ) педагогикалық ойлар одан ары өрбіді. Осы дәуірдің ерекше өкілдері итальяндық гуманист Витторио да Фельтре (1378-1446), испандық философ және педагог Хуан Вивес (1442-1540), нидерландық ойшыл Эразм Роттердамскийлер (1465-1536) . Олар жаттанды оқуды сынады, балаларға гуманды қарым-қатынас жасау керектігін және оларды басып-жаншудан құтқару қажеттігін атап өтті.

Тәрбие туралы теорияның қарқынды дамуына қарамай педагогика көп жылдар бойы философия ілімінің қарапайым бір тармағы ретінде дамып келді. Тек XVII ғасырдың басында ғана философиялық білім жүйесінен дербес ғылым ретінде танылды. Педагогиканың жеке ғылым ретінде бөлініп шығуын көптеген ғалымдар ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) есімімен байланыстырады. Оның қалыптастырған принциптері, әдістері, балалармен оқу процесін ұйымдастыру формалары, адамгершілік тәрбиесі ғылыми-педагогикалық ғылымның бөлінбейтін бөлшегіне айналған.

Slide 3

Ғылыми педагогиканың қалыптасуына Франциядағы Ж. Ж. Руссо (1712-1778), Д. Дидро (1713-1784), К. А. Гельвеций (1715-1771), Англиядағы Джон Локк (1632-1704), Швейцарлық Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег (1790-1866), Германиялық Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) еңбектері орасан зор.

Орыс педагогикасының басында революциялық-демократиялық көзқарас өкілдері В. Г. Белинский (1811-1848), А. И. Герцен (1812-1870), Н. Г. Чернышевский (1828-1889) және В. А. Добролюбов (1836-1861) тұрды. Кеңестік ғылыми педагогиканың қалыптасуына Л. Н. Толстой (1828-1910), Н. И. Пирогов (1810-1881) еңбектері ықпал етті.

Кеңестік педагогиканың тұтастай да жүйелі қалыптасуына К. Д. Ушинскийдің (1824-1870), Н. К. Крупская (1869-1939), А. В. Луначарский (1875-1933), М. И. Калинин (1875-1946), А. С. Макаренко (1888-1939), В. А. Сухомлинский (1918-1970) еңбектерінің әсері орасан зор.

Қазақстандық педагогиканың қалыптасуына басында тұрған қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаевтар

Slide 4

Ежелгі Грециядағы тәрбиенің екі жүйесі:

Спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі

Афиналық тәрбие жүйесі.

Спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесінің мақсаты - спартиат балаларын әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құл иеленушілер етіп тәрбиелеу.

Мемлекет балаларды туғаннан бастап бақылауда ұстаған, ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек дендері сауларын ғана отбасына қайтарып беріп, әлсіздерін өлтіріп отырған;

балалар 7 жасқа дейін үйде тәрбиеленді;

7 жастан бастап мемлекеттік тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығулармен айналысуына ерекше ден қойылды;

Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиыншылыққа төзімділікке үйрету көзделді;

Жас спартиаттар жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер, саз айтуға, діни билер үйретілді;

18-20 жаста эфебия, демек әскери қызмет атқаратын топқа назар аударылды;

Қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді.

Slide 5

Афиналық тәрбие жүйесінің (б. з. д. V-VI ғ. ) мақсаты - әскери жауынгерлер дайындау ғана емес, білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу.

7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, олардың тәрбие ісіне бекітілген құлдар көмек көрсетті;

Қыз балалар 7 жастан асқанда анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырады; ер балалар үйде жекеменшік мектептерге қатысады;

7-14 жас аралығында грамматист (оқу, жазу, санау) және кифарист (саз, ән-күй, тақпақ айту) бөлімдерінен тұратын мусикалық (мусическая) мектепке барады (мұғалімдер - дидасколар деп аталды) ;

14 жастан полестра (гимнастика, күрес) мектебіне қатысады, дене жаттығулары жүйесімен айналысты, оларды “пентатхлон” - пятиборье деп атады, оған жүгіру, секіру, күрес, диск, копье лақтыру енгізілді (мұғалімді педотриб деп атаған) ;

әлді отбасынан шыққан балалар философияны, саясатты, әдебиетті оқып үйрететін гимназияларда білімдерін жалғастырады;

18-20 жас аралығында балалар -эфебия (школа всадников) мектебінде оқыды, онда әскери қызметке даярланады, саяси білімдерін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді;

Дене тәрбиесі, адамгершілік, ақыл-ой және эстетикалық тәрбие ерекше орында болды.

Slide 6

Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т. б. Грецияда педагогикалық ойлардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.

Демокрит (б. э. д. 460-370ж. ) - философ-материалист, атомистік теорияның негізін салушы:

Жеке тұлға дамуның материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдық, бір-бірінен түрі және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Организмнің өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына әкеледі;

Жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді;

Ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне мән берді,

Материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін шешуде ерекше орында.

Сократ (б. з. д. 469-399ж. ) - философ-идеалист:

Тәрбиенің мақсаты - заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болу керек.

Демокрит (б. э. д. 460-370ж. )

Сократ (б. з. д. 469-399ж. )

Slide 7

Платон (б. э. д. 427-347ж. ) - философ-идеалист, Сократтың оқушысы, Аристотельдің ұстазы. Сабақты Афинаға жақын, өзінің Академа деген меншік жерінде (имение) өткізеді, міне осыдан академия деп аталатын жоғары оқу орнының аталуы шыққан.

Педагогикалық көзқарастарын білдірген еңбектері: «Мемлекет», «Заңдар»

Негізгі қағидалары:

«Мемлекет» атты еңбегінде «Математикаға тәрбиеленген, оған жаттыққан балалардың өзі, тіпті олар бұдан ешбір пайда алмаса да, бұрынғыға қарағанда қабылдаушылық қасиеті арта түседі» деп тәрбиешінің түсіндіретін ұғымдарын берік ететін жаттығуға ерекше мән берген;

Шәкірт білімді, икемділікті игеруде, оқу дағдыларын дамытуда зор ұқыптылыққа ие болуы қажет. Ол оқуда табысқа табандылық танытуы, үнемі жаттығуы және шыңдала түсуі керек. Қабылдаушылық қана емес, сондай-ақ оқу қызметі дағдыларын да жаттықтыра түсуі қажет. Бала өз ақыл-ойын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті;

Тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес болуы қажет.

Платон (б. э. д. 427-347ж. )

Slide 8

Шәкірт білімді, икемділікті игеруде, оқу дағдыларын дамытуда зор ұқыптылыққа ие болуы қажет. Ол оқуда табысқа табандылық танытуы, үнемі жаттығуы және шыңдала түсуі керек. Қабылдаушылық қана емес, сондай-ақ оқу қызметі дағдыларын да жаттықтыра түсуі қажет. Бала өз ақыл-ойын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті;

Тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес болуы қажет.

Тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсер етуі, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастырулары.

«Оқу» ұғымына ғылымдарды оқып-үйрену арқылы білімді меңгеруді жатқызды, «шындық үшін ойлауды пайдалану да жанды ояту» деп түсінді. «Кішкентай балалардың ішкі негізі эмоциялар болып табылады» деді.

Ойын, әдеби шығармалар, мифтерді балаларға оқу мен айтып беру тәрбие құралы.

Slide 9

Платон балаларға жас кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын және оны ұйымдастырудың жүйесін ұсынды:

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мемлекет тағайындаған тәрбиешілердің қарамағында тәрбие алады және тәрбиелеудің негізгі құралы ойын;

7 жастан 12 жасқа дейін оқуды, жазуды, санауды, саз өнерін, ән-күйді үйрететін мемлекеттік мектепке бару;

12-16 жас аралығында дене тәрбиесімен айналысатын мектепке - полестраға қатысу.

16 жастан - арифметиканы, геометрияны, астрономияны оқып үйрену;

18-20 жас аралығында эфебияда арнайы әскери әскери-дене даярлығын алу;

20 жастан бастап ақыл-ой сабақтарында ешқандай қабілеттілігін

байқатпаған жастар әскер қатарына алыну;

30 жасқа дейінгі қабілетті жастар философияны, арифметиканы,

геометрияны, астрономияны және саз теориясын үйрететін білім берудің жоғарғы үшінші сатысына өту;

35 тен 50 жасқа дейін мемлекетті басқару ісімен айналысу.

Slide 10

Аристотель (б. з. д 384-322ж. ) - гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы белгілі философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі - лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А. Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті.

Аристотель еңбектері 4 топқа бөлінеді:

Логика,

Метафизика және жаратылыстану,

Этика және саясат,

Поэтика және риторика.

Тәрбиенің мақсаты - табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту;

Оқуды «өзіне емес, отанға тиісті», қоғам үшін пайдалы адам дайындаумен байланысты қоғамның өмір сүру формасы ретінде қарастырған;

Әрбір тәрбиеші өз қызметін әлеуметтендіруге, яғни қоғамға пайдалы адам тә рбиелеуге бағыттайды деген идеяны ұстанған;

Баланың табиғатына сәйкес адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру және балалардың жас ерекшеліктерін ескеру;

Шығармашылықтың бастапқы нүктесі ретінде адамның белсенділігін, өз бетінше әрекеті мен икемділігін атап өткен;

Балаларды дамуына қарай жас кезеңдеріне бөлуді алғаш ұсынған:

туғаннан 7 жасқа дейінгі кезең;

7 жастан 14 жасқа дейін;

14 жастан 21 жасқа дейін.

Отбасы тәрбиесіне, дене тәрбиесіне ерекше мән берген;

Саз өнерін адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағалаған.

Аристотель (б. з. д 384-322ж. )

Slide 11

Чехтың ұлы ағартушысы, сыныптық-сабақтық жүйенің, дидактикалық принциптердің, пансофияның (табиғат пен қоғам туралы энциклопедия), «дидактиканың алтын ережелерінің» авторы Ян Амос Коменский (1592-1670) .

Ян Амос Коменскийдің әлемге танымал шығармалары:

«Ұлы дидактика» (1657ж. ) - әлемдік педагогикалық еңбектердің ішіндегі тұңғыш ғылыми-педагогикалық еңбек;

«Картинкада бейнеленген әлем» (Шарош-Патаке, 1650-1654ж. ) оқулық,

«Жалпыға кеңес»,

«Ана мектебі» (мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуге жетекшілік туралы жазылған)

«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары»

«Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» және т. б.

«Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» (Открытая дверь языков и всех наук) (1631),

«Чех тілінің қазынасы» (Венгрия, 1654ж. )

«Лабиринт света и рай сердца» (1623) ;

«Предвестник всеобщей мудрости»,

«Всеобщий совет об исправлении дел человеческих»,

«Одна необходимость» және т. б.

Ян Амос Коменский

(1592-1670)

Slide 12

Педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан.

Оқытудың ең негізгі және ұтымды түрі сыныптық-сабақтық жүйе деп белгілеген.

оқыту теориясын ғана емес, тәрбие теориясын да қамтыған «Ұлы дидактика» еңбегінің авторы;

Оқу материалын оқушыларға түсінікті етіп баяндау үшін өте қажетті дидактикалық принциптерді (көрнекілік, жүйелілік, бірізділік) ұсынды;

Оқытудың төмендегідей кезеңдерін береді: автопсия (өзбетті бақылау) ; автопраксия (практикалық әрекет) ; автохрессия (меңгерілген білім мен іскерлікті қолдану) ; автолексия (өз еңбегінің нәтижесін әңгімелеу іскерлігі) ; сондай-ақ, білім беру кезеңінің адамның жасына сәйкестігі.

Slide 13

Я. А. Коменскийдің педагогикалық идеяларының мәні мынада:

жалпы мен ерекшенің, тұтастық пен жеке бөліктердің, даму мен тәрбиенің, білім берудің қоғамдық жүйесімен тұтастай жеке тұлғаның табиғи да баяу еркін дамуының, дербес және қоғамдық дамудың бірлігі;

тәрбиенің үш құрамдас бөлігі: ғылыми білім алу, адамгершілік тәрбиесі, діни тәрбие;

жеке тұлғаның жан-жақты дамуы;

адам - табиғаттың перзенті, сондықтан барлық педагогикалық құралдар адамның табиғатына сәйкес болуы қажет. Тәрбиенің «табиғатқа сәйкестігі» принципі дегеніміз адамның рухани өмірінің заңдарын зерттеу мен олармен барлық педагогикалық әсер етулерді үйлестіру;

табиғатты, адамды және оның іс-әрекетін басқаратын басты принциптердің бірлігін мойындауы;

Білім беру мен оқытудың оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жүруін, жеке пәндердің өмірмен байланысты салыстырмалы әдістермен оқытылуын талап етті;

оқыту мен тәрбиелеу мақсатының тығыз байланысты болуын талап етті;

ана тілі негізінде жан-жақты білім беру;

оқытуға қойылатын негізгі талаптар: оқытуды ертерек бастау, оқу материалының баланың жасына сәйкестігі. Оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «қарапайымнан күрделіге», «нақтылыдан абстрактіліге» қарай көшіп отырудың ережесінің құрылуы;

танымның үш көзі: сезім, ақыл, сенім;

тәрбие мақсаты тек қана білімді меңгеру ғана емес, моральдық сапаларды дамыту да (ең алдымен, шыншылдық, батылдық, өз күшіне сенімділік) ;

бәрін де барлығына оқыту.

Пәнаралық байланыс туралы: «өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек».

Slide 14

«Ұлы дидактика» туралы. Еңбек алғаш чех тілінде жазылып, 1638ж. латын тіліне өзі аударған. Чех тіліндегі тараулар саны - 30; латын тіліндегі тараулар саны - 33. 1657ж. ең алғаш рет Амстердамдық педагогикалық еңбектер баспаханасында басылым көрген. Еңбек көпке дейін ұмтылып тек ХІХ ғ. ортасында ғана европалық оқырмандарды педагогикалық әдебиеттердегі классикалық еңбек ретінде қызықтыра бастаған. Барлық мемлекеттерде педагогикалық салада жұмыс жасайтындардың барлығы еңбекпен танысуға тиіс болды. Ұлы дидактика ХVІІғ. тиесілі еңбек болғандықтан, онда көбінікей діни көзқарастар көрініс тапқан.

Slide 15

«Ұлы дидактикадағы» оқыту мен тәрбие мазмұндалған бөлімдер:

Адам ең жоғары, ең кемеліне жеткен ерекше жаратылыс.

IV. Мәңгілікке даярланудың үш кезеңі бар: өзін-өзі тану (өзімен бірге бәрін тану), өзіңді басқару және құдайға ұмтылу.

V. Білім, ізгілік бізге табиғаттан берілген.

VI. Адам, егер ол адам болғысы келсе білім алуы керек.

VII. Адам ерте жастан білім алса, ол әлдеқайда тиімді болмақ.

VIII. Жасөспірім білімді бірлесіп алуы керек және ол үшін мектептер қажет.

IX. Мектепке екі жыныс өкілдерінің жастарын сеніп тапсыру қажет.

X. Мектептегі оқу жан-жақты болуы қажет.

XI. Осы уақытқа дейін барлық талапқа сәйкес мектеп болған жоқ.

XII. Мектептерді көркейту қажет.

XIII. Мектепті көркейту үшін барлығында тәртіп болуы қажет.

XIV. Мектептегі нақты тәртіпті табиғаттағы тәртіптен алу қажет.

XV. Тіршілікті жалғастыру негіздері.

XVI. Оқытуға қойылатын жалпы талаптар, яғни қалай оқыту және қалай оқу қажет.

XVII. Оқытуды жеңілдету негіздері.

XVIII. Оқытуды бекіту негіздері.

XIX. Оқытудың қысқа жолдарының негіздері.

XX. Жекелей ғылымдар әдістері.

Slide 16

XXI. Өнер әдістері.

XXII. Тілдік әдістер.

XXIII. Адамгершілікке тәрбиелеу әдістері.

XXIV. Ізгілікті орнату әдістері.

XXVI. Мектептегі тәртіп туралы

XXVII. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жетістіктеріне сәйкес мектеп құрылымын төртке бөлу туралы.

1) Туғаннан 6 жасқа дейінгі кезең - «Ана мектебі»;

2) 6-12 жасқа дейін - «Ана тілі мектебі»;

3) 12-18 жасқа дейін - «Латын мектебі», гимназия;

4) 18-24 жасқа дейін - академия.

XXVIII. Ана мектебі очеркі (идеясы) .

XXIX. Ана тілі мектебі идеясы.

XXX. Латын мектебі очеркі.

XXXI. Академия, әлемге саяхат туралы.

XXXII. Мектепті жалпыға бірдей толықтай ұйымдастыру туралы.

XXXIII. Осы жалпыға бірдей әдістерді практикалық қолдануға қажетті

жағдайлар туралы.

Slide 17

Джон Локк (1632-1704) - ағылшын философы, әрі ағартушысы

Негізгі еңбектері: “Тәрбие туралы ойлар”:

Тәрбие теориясына басты назар аударды. Тәрбие мақсаты - білімді, іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол «джентельмен» тәрбиелеу.

Баланы «таза тақтаға» теңеді; бала - не жазғың келсе соны жазуға болатын «ақ тақта» сияқты тап-таза.

қоғамға пайдалы білім алатын, дене және рухани жағынан тұтас адамды дамыту қажет;

ізеттілік - ұзақ уақыт бойында адамда ләззатқа батырады, қайғы-мұңды азайтады. Моральдық ізеттілік - ерікті түрде адам ерік-жігерінің тәңірі берген еріктің қарамағындағы - шынайы моральдың негізі - қоғам және табиғат заңына бағынулары;

жеке тұлға мен қоғамдық қызығушылық арасындағы үйлесімділік есті және тақуалық мінез-құлық арқылы жүзеге асады.

Локк бойынша тәрбие идеалы - джентльмен - жоғары білімді және іскер адам. Әрине бұл жоғары деңгейдегі ортадан шыққан, үйге шақырылған мұғалімдер мен тәрбиешілерден тәрбие мен білім алған адам. Джентльмен - адамдармен қарым-қатынаста ерекше, іскер адамдардың сапаларын меңгерген адам. Осы ерекшеліктер XVIII-XXғ. батыстық тәрбие-білім беру дәстүрлері негізіне айналған.

Джентльменді тәрбиелеу процесі бірнеше кезеңдерден тұрады және оның өзіне тән құрылымдық ерекшеліктері де бар: дене тәрбиесі - міне бен ерікті дамытады; адамгершілік тәрбиесі - жақсы қылықтарды қалыптастырады; еңбек тәрбиесі; оқуға, білім алуға деген қызығушылық. Ең басты тәрбие құралы үлгі көрсету, еңбек, өсіп келе жаитқан адамның ортасы. Бұл жүйе тәрбиеленушілердің дербес ерекшеліктерін ескеруге, оны дамытуға, адамды дербес адам ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Джон Локк (1632-1704)

Slide 18

Жан Жак Руссо (1712-1776жж. ) - Швейцар педагогы.

Негізгі еңбектері:

«Эмиль, немесе тәрбие туралы» (1762ж. )

Тәрбие баланың толықтай жетілуіне бөгет болмауы тиіс, сондықтан да балалардың қызығушылықтары мен тілектеріне сәйкес толықтай еркіндік берген дұрыс. Осы идеялар «Еркін тәрбие» теориясы мен тәрбие міндетті түрде баланың қызығушылықтары мен тілектерін ескере отырып олардың дамуына ықпал ету қажет деген ойды тұжырымдайтын педагогика ғылымындағы педоцентризмнің дамуына әкелді.

Ж. Ж. Руссоның педагогикалық принциптері:

Оқытудың мазмұны мен әдістемелері оқушылардың өзіндік іс-әрекеті мен белсенділіктерін дамытуға ықпал етуі қажет. Оқыту процесінде оқушыға ғылыми ақиқатты ашушы зерттеуші ретінде қарау қажет. «Бала білімді сіз арқылы емес, өзі арқылы меңгерсін, ол ғылымды жаттап алмасын, оны өзі ойлап тапсын» - дейді.

Білімді кітаптан емес, өмірден алу қажет. Оқытудың кітаптық сипаты, өмірден, практикадан алшақтау, ол - жарамайды және құрдымға апарады;

Барлығын бірдей бірдеңеге үйретудің қажеті жоқ, нақты адамды не қызықтырады, оның бейімділігіне не сәйкес келеді, соған сәйкес оқыту қажет, сонда оқушы даму мен білім алуда белсенділік танытады;

Баланы табиғатпен, өмірмен, практикамен қатынасқа түсіре отырып онда зеректікті, зейінділікті, байқампаздықты, белсенділікті дамыту қажет.

Жан Жак Руссо (1712-1776жж. )

Slide 19

Г. И. Песталоцци (1746-1827) - Швейцарияның даңқты педагогы (ХІХғасыр) . Негізгі еңбегі: «Лингард және Гертруда»

Г. И. Песталоццидің педагогикалық жүйесі:

Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген;

«Адам ақиқатты танып қана қоймай, сондай-ақ дұрыс нәрсені істеуге қабілетті болуы тиіс. Осы бір дәлелді қағида адамдардың қарапайым білімін үш бөлікке бөлді: 1. Қарапайым интеллектуалды білім. Оның мақсаты - адамның ақыл-ой қасиеттерін жан-жақты әрі үйлесімді дамыту. Осы қасиеттер оның интеллектуалды өз бетінше әрекетін қамтамасыз етеді, белгілі бір дамыған интеллектуалды дағдыларды сіңіреді. 2. Қарапайым тән білімі. Оның мақсаты - адамның дене қасиеттерін дұрыс бағытта дамыту, бұл қасиеттер оған сабырлық пен өз бетінше дене әрекетін береді. Дененің жақсы дағдыларын шыңдай түседі. 3. Қарапайым адамгершілік тәрбие. Оның мақсаты - адамның жан-жақты және үйлесімді адамгершілік қасиеттерін дамыту. Мұның өзі адамгершілік пайымдаулардың өз бетінше іске асуымен қамтамасыз етіледі, белгілі бір адамгершілік дағдыларды қалыптастырады».

Г. И. Песталоцци (1746-1827)

Slide 20

Оқытудың мақсаты - адамилықтың дамуында, адамның барлық күші мен қабілеттерінің үйлесімді дамуында. Оқыту білім қорын жинақтауға және сондай-ақ ақыл-ой қабілетін, адамның ойлауын дамытуға ықпал етуі қажет;

Тәрбие табиғатқа сәйкес болуы қажет: ол баланың тән жан-жақты іс-әрекетке деген ұмтылысына сәйкес адам табиғатына тән рухани және дене күштерін дамытуы қажет.

Ең басты еңбегі - бастауышта білім беру дидактикасының негізін қалаушылардың бірі;


Ұқсас жұмыстар
Әдістемелік білім жетілдіру
Педагогтың кәсіби өзінөзі тануы және өзіндік дамуы
Өздігінен білімін жетілдіру - педагогтың кәсіби өсу шарты
Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы, міндеттері мен мақсаттары
Бастауыш сынып мұғалім
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерін сипаттау
Пәндік білімін жетілдіру
Мұғалімнің құзыреттілігі
Педагогтың өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы
Метатехникалық сабақтың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz