Азот оксидтері және қасиеттері



Сабақтың тақырыбы:
Азот оксидтері және қасиеттері
Дайындаған: Сайтова Шолпан
№203 орта мектеп

Пәні: Химия. Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Азот оксидтері және қасиеттері.
Мақсаты:
Білу: Периодтық жүйедегі орны бойынша азот атомының құрылысы, қасиеттері, оксидтерімен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, білімге құштарлығын арттыру.
Түсіну: Ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Азот оксидтерін алудың химиялық процестері туралы алған білімдерін жетілдіру; талдау, қорытынды жасау;
Қолдану: Өмірден көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызбанұсқа.
Күтілетін нәтиже:1. Азот оксидтерін, олардың қасиеттерін білу. 2. Азот оксидтерің формуласынжазу, білу. 3. Азот оксидтерің құрылысы мен құрылымын талдай білу, қолдану салаларын білу.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бірінші буыны көп емес,
Екінші буыны тілсіз жау.
Ауаның құрамдас бөлігі
Бұл қандай элемент?
ІІ. Үйге берілген тапсырмаға төмендегідей шолу жасалды.
І. «Менен сұрақ - сіздерден жылдам жауап».
1. Азотты алғаш рет ашқан ғалым:
2. Азот ауаның неше пайызын құрайды:
3. Азоттың сутекті қосылысы:
4. Мүсәтір спирті қайда қолданылады?
5. Өндірісте аммиакты қалай алады?

Сабақтың кезеңі
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-
әрекеті
Әр іс-әрекеттің
мақсаты(жеті
модульдыңкөрінісі)
Кіріспе
5-7 мин
2 мин
Мұғалім оқушыларды
топтастырады. Cанау арқылы
Оқушылар топ-
тасады.
Бір-бірімен дос ретінде қатынас жасау
3 мин
«Өзіндік бағалау»арқылы үй тапсырмасына дайындық деңгейін байқайды.
Оқушылар қол көтеру арқылы өздерінің деңгейлерін көрсетеді
Өз деңгейін өлшемдер бойынша бағалайтынын түсіндіру
Тұсау кесер
5-7 мин
3 мин
Аммоний тұздарына тән барлық реакция теңдеуін жазады, постермен жұмыс
Оқушылар бір-біріне материалдың мазмұнын, мәнін түсінуге көмектеседі. АКТ
Бірігіп ойласуы арқылы ойлау үдерісін жақсарту
5 мин
Азот оксидтерінің бір-бірінен айырмашылығы.
Тиісті реакция теңдеулерін жазады.
Оқушыларалдағы жұмысты жақсарту үшін дұрыс жауап беруге тырысады. жеке жұмыс
Сабақ барысында оқушылардың ойлауға бейімділігін, тап
қырлығын ұштау
Негізгі бөлім
15-20 мин
10 мин
«Ойлан, бірлік, бөліс»тәсілін пайдалана отырып, тақырыпты талдауға үйрету. жұптық жұмыс
Өзара ынтымақтаса отырып, логикалық ойлаумен әрекет ете отырып мақсатқа жету(бірін-бірі бағалау)
Оқушының өзара сыйластығы артады, өздеріне деген сенімі күшейеді.
5 мин
Азот оксидтерінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазады
Оқушылар логикалық ойлауын жақсартып, таным, түсінігін қалыптастыру
материалдардың мазмұны мен мәнін түсіну
10 мин
Екі топ озот оксидтерінің ауаны ластауға қатысуы бойынша сызбанұсқа арқылы өз ойларын айтады.
Оқушылар бірлесе отырып, ойларын ортаға салады, қызықты, маң
ызды мәліметтер жинауға тырысады.
Оқушылар бірігіп ойласуы арқылы ынтымақтастық орнатады, сенімді-лік артады.
5 мин
Оқушыларға есептер беріледі
Оқушылар логикалық ойлаумен әрекет ете отырып, нәтижеге жетеді.
Оқушылардың логикалық ойлауы мен сауаттылығын,
ойлау үдерістерін жақсарту.
Қорытынды 5-7 мин
Бағалау
Топтық
Жұптық
жеке
2 мин
Рефлексия жазу
ұсынылады
Рефлексия жазады
Нені меңгергенін анықтау

ІІ. Білгенге маржан.
І. Зертханада алу реакциясын жаз.
ІІ. Аммоний тұздарын жаз.
ІІІ. Аммоний тұздарына тән барлық реакция теңдеуін жаз.
Осы тапсырмалар бойынша әр топ өздерінің білімін ортаға салады, әрі қарай жаңа сабақты жалғастырады.
Азот әр түрлі оксидтер түзеді:
N2+1 NO+2 N2 O3+3 NO2+4 N2 O5+5
Азоттың периодтық жүйедегі орнын еске түсірейік. N (І) және N (ІІ) оксидтері тұз түзбейтін оксидтер, қалғандары қышқылдық оксидтер.
N (ІІ) оксиді мен N (IV) оксидтьерімен танысайық.
Азот (II) оксиді - түссіз, иіссіз, оңай тотығып, азот (IV) оксидіне айналатын газ. N2 + O2 = 2NO
Азот (IV) оксиді -NO2 - улы қоңыр түсті, оңай димерленіп (N2 O4) кететін газ (2NO2 = N2 O4 + Q) суда жақсы ериді.
Өндірісте: 2NO + O2 = NO2.
Өндірісте аммиакты тотықтыру арқылы алады: 4NH3 + 5О2= 4 NO + 6Н2О
Зертханада: 3Си + 8HNO3 = 3Cu (NO3) 2 + 2 NO2 +3H2O.

Химиялық қасиеттері:
3NO2+4 + H2O = 2HNO3+5 + NO+2
2NO2 + H2O = HNO2 + HNO3
1) . Азот (IV) оксиді сумен әрекеттескенде екі түрлі қышқыл түзіледі, азотты және азот қыщқылдары.
2) . Сілтімен әрекеттескенде осы қышқылдардың тұздары-нитрит, нитрат түзіледі.
2NO2 + 2Na OH = NaNO3 + NaNO2 + H2O.
3) . Азот () оксиді оттегінің қатысында сумен әрекеттесіп, азот қыщқылын береді.
4NO2 + O2 + 2H2O = 4HNO3.
Азот оксидтерінің ауаны ластауға қатысуы. (Сызбанұсқа) .

ІІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Мына қосылыстардағы азоттың массалық үлесі қандай?
Сu (NO3) 2 2. (NH4) 2 CO3 3. Na NO3
Оқулықтағы №5 есепті шығару.
IV. Ізденген жетер мұратқа.

Үйге тапсырма беру. §20 оқу. №4 жаттығу.
Ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz