Ортаңғы топ тәрбиешісі




Презентация қосу
Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің
«Гүлдер» ясли - бақшасы мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Су бар жерде – тіршілік бар

Ортаңғы топ тәрбиешісі: А.Ф.
Абдрешова
Білім беру саласы: Танымдық, шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Экология
Тақырыбы: Су бар жерде – тіршілік бар
Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру,
табиғат сыйы туралы жан – жақты мәлімет
беру, табиғатқа деген қамқорлық сезімін оятып,
оның ғажайып сырларын ұғынуға үйрету, судың
денсаулыққа пайдасы туралы жан- жақты
түсінік беру, суды берекетсіз төгіп шашпай,
сақтай білуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, тәжірибе
Көрнекі құралдар: Табиғатқа байланысты суреттер, стақан,
тұз, қант, мұз, қар, аялдамалардың аттары
жазылған қағаздар.
Сабақтың барысы:
Іс - әрекет Тәрбиешінің Баланың
кезеңдері іс - әрекеті іс - әрекеті
Мотивациялық Сәлематсыздар ма, балалар !
қозғаушы Мен сендерді көргеніме қуанып тұрмын.
Ал , кәнекей, қол ұстасып шаттық
шеңберіне тұрайық.
Келген қонақтармен сәлемдесейік. Сәлеметсіздер ме?
Еркенұр
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейміз үлкенге.

Ал енді өзіміз бір – біріміз амандасып
алайық.
Күлім қағып қолымды,
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Мен қолымды бұлғайын.
Жылы, жылы сөзбенен,
Маңдайыннан сипайын,
Жылы, жылы сөзбенен.
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Құшақтасып өзіңмен, Балалар қимылмен
Амандасып алайын. көрсетіп істейді

Балалар, сіздерге көп – көп рахмет.
Енді бәріміз орындарымызға отырайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс
-Қыс айларын атайық. Желтоқсан, қаңтар,
ақпан.
- Бүгін нешесі? Желтоқсанның 24-і
- Кім қыс туралы өлеңдер біледі?

Еркенұр
Неткен суық қыс деген.
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағынды тістеген.
Алфинура
Неткен қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша - бауды,тауды да,
Бояған ақ түспенен.
? - Қыс мезгілінде табиғатта қандай Күн суытады, су
өзгешеліктер болады? қатады, аяз, боран
болады.Қар жауады.
?- Балалар, табиғат нешеге бөлінеді? Екіге
? – Оларды атаңыз. Тірі табиғат, өлі
табиғат.
/Суретпен жұмыс жүргізіп
өту/

-Балалар сендерге бір жұмбақ
жасырамыз, сендер сол жұмбақтың
шешуін тапсаңдар бүгінгі сабағымыздың
тақырыбын табамыз.

Нұрхан
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Су
Барша тірлік қурайды.
Бұл не?

Балалар, бүгінгі біздің ұйымдасты
рылған оқу іс – әрекетіміздің
тақырыбы «Су бар жерде –
тіршілік бар».
Қазір біздер саяхатқа шығамыз.
Саяхатқа су көліктерінің бірі яғни
өзімізге жақсы таныс кемемен
шығамыз. /Суретін көрсету/ Жарайды
Бәріміз тату, тыныш отырып
саяхатымызды бастайық.
Кемемен алғашқы аялдамаға жеткенше
су туралы білетін тақпақтарымызды
айтып отырайық.

Балайна
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолын жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ сенің маңдайың,
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Гүлизар
Су табиғат байлығы,
Өзен – көлге барғайсың.
Су тіршілік негізі,
Сондықтан оны қорғайсың.

Жаңбырдың жаууы үшін де, егіннің
жақсы өсуі үшінде, кемелер жүзуі үшін
де, тамақ үшін де, тазалық үшін де су
керек екен, яғни Су өмірдің нәрі,
Су бар жер де тіршілік бар.
Ізденушілік – І–ші аялдама
ұйымдастырушылық « Су – өмірдің нәрі»
Жуынамыз, ішеміз,
? – Күн сайын суды не үшін қолданамыз?
тамақ пісіреміз.
Жоқ. Сусыз адамдар
?- Сусыз адамдар, өсімдіктер өмірсүре
да, өсімдіктерде тек
ала ма?
бірнеше күн ғана
өмір сүреді.
? – Ал, мынау не балалар? Бөлме өсімдігі.
- Оны суармасан не болады? Солып, жапырағы
түсіп қурар қалады.
- Өсімдік бөліктерін ата? Сабағы, жапырағы,
топырақта тамыры
бар

- Барлық тіршілік үшін не керек? Су, ауа, жарық керек.
? – Су тағы не үшін керек? Су шынығу үшін
керек, су жолымен
жүк тасиды,
адамдар мақта,
күріш, егіс , бау –
бақша суарады.
- Жер шарының көп бөлігін ащы су алып
жатыр, тек кішкене бөлігі ғана тұщы
су.
ІІ – ші аялдама
«Су қайдан келеді?»
Су туралы ертегіні слайдтан көрсету.
Міне, балалар су қандай ұзақ және қиын
жолмен келген. Сонымен адамдар үшін
сондай қымбат не екен? Су
ІІІ – ші аялдама
«Тәжірибе»
Бұл аялдамада сумен жақынырақ
танысамыз.
-Міне, менің қолымда стақанға құйылған Су
не бар?
-Оның иісі, түсі, дәмі бар ма? Жоқ
-Оған бір қасық тұз салып
араластырамыз.
-Тұз қайда кетті? Еріп кетті
-Судың дәмі қандай? Дәмі ащы болды
-Судың түсі жоқ дедіңдер. Су неше түрлі түске
-Ал, оған мен бояу құйсам не болады? боялды
-Су неше түрлі күйде болады? Су үш түрлі күйде
болады. Сұйық, бу,
қатты.
-Қар мен мұздың су екенін қалай
білесіздер? Ерітіп білуге болады.
/Стақанға мұзды салып ерігенін көрсету/

ІҮ – ші аялдама
«Тиым сөздер»
Ал балалар суға байланысты қандай
тиым сөздер, мақалдар білесіздер?

Тиым сөздер
Лунара
Суға түкірме. Судың да сұрауы бар.
Суды берекетсіз, төгіп шашпа.
Мақал – мәтел
Нұрбек
Су – анасы бұлақ. Сулы жер, нулы жер.
Гүлизар
Бұлақ көрсең, көзін аш.
Су тіршілік көзі.

Сергіту сәті Балалар бағанадан бері судың пайдасы ,
жақсы жақтарын айттық.
Енді « Жақсы – жаман »деген ойын
ойнайық.
Жақсы жағын айтқанда қол
шапалақтаймыз, жаман жағын
айтқанда аяқ тарсылдатамыз.

Жақсы: Тазалықты сақтаймыз.
Тісімізді, қолымызды жуамыз.
Тамақ пісіреміз.
Жаман: Суық суға жуынсақ ауырып
қаламыз. Суық су ішуге болмайды.
Су тасқыны болса, көп шығын
болады.
Ү- ші аялдама
«Ғажайып алаңы»

Жұмбақтар шешу.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
Бұл не? Балық

/балақ туралы қысқаша айтып өту/

Су бетінде қалқиды,
Адамдарды әрлі – берлі тасиды.
Бұл не? Кеме

Олай болса балалар «Ғажайп алаңына»
барып жұмыстанамыз.

І топ.
Қайықшаның суретін салады.
ІІ топ.
Желкенді қайықтың суретін
жапсырады.
ІІІ топ.
Қиылған геометриялық фигуралардан
қайықты құрау.
ІҮ топ.
Ақ қағаздан кеме жасау.

Қорытынды Балалар не туралы әңгіме айттық? Су туралы.
Оқу іс – әрекетімізді су туралы тиым Суды қайнатып ішу
сөздермен аяқтайық: керек.
Қайнамаған суды
Суымыз мөлдір, ішуге болмайды.
Ауамыз таза, Суды ластама.
Түніміз тыныш болсын ! – деп
сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Судың негізгі қасиеттерін білуі
Білді: Балалардың халқына, еліне деген сүйіспеншілік
Меңгерді: Өз беттерімен анализ жасап, қорытынды
шығаруды, меңгерген білімдерін
шығармашылық жұмыста қолдана біледі.

Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесі-ортақ міндет
Мектепалды даярлық топтарының әдістемелік бірлестігі
Баланың отбасына бару
ТӘРБИЕШІ ПОРТФОЛИОСЫ
Ата - ана
Ата - ана және қоғамдық жұмыс
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Өйгә тапшурма
Жұлын, сопақша ми, вароли көпірі
Пәндер