ЖАЛҒЫЗДЫҚ - СУИЦИДКЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН БІРДЕН БІР СЕБЕП
Презентация қосу
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№ 209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта метебі.
Мақсаты: Суицид туралы түсінік беру, оның алды - алу
үшін ұйымдастыр жұмыстарын жүргізу, оқушы
мен мұғалім, ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынасты күшейту, сынып ахуалын
реттеу үшін пікірлесу жұмыстарын жүргізу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба
алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған
жасөспірім ұл - қыздардың арасында кездеседі. Соңғы кездері біздің аудан бойынша осы
оқиғалар жиі орын алып, тұрғындар арасында үлкен қобалжу туғызуда.
Суицид - қазақша айтқанда, өзіне - өзі қол жұмсау. Оларды екіге бөлуге болады. Ішкі және
сыртқы. Ішкі суицидқа ұшырайтындар - суицидқа жылдар бойы әзірленіп, алдын - ала
жоспарлап, ыңғайлы орын, тіпті асылатын арқанына дейін әзірлеп, ыңғайлы уақытты
күтіп жүреді. Олар тіпті туған - туыстарына да, ең жақын адамдарына да соңғы
сағаттарға дейін білдірмей - ақ, ішкі күйзелісін, жан айқайын шығармай жасырын күй
кешеді. Олар суицидтің нышаны бар деп әсте ойламайды. Ал, сыртқы суицид аса қауіпті
емес, өйткені тіршіліктен түңілу кезеңдері ерте ме, кеш пе бәрінің де басынан күйзеліс
кезеңдері өтуі заңды құбылыс. Бірақ бұндай жәйттің алдын алуға әбден болады. Ол үшін
суицидтың даму себептерін білу қажет. Оның себептері: жасөспірім мен оның ата -
анасының арасындағы түсінбеушілік, жасөспірімнің өмірде кездесетін қиыншылыққа төзе
алмауы немесе «гипоопека» - ата - ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, «гиперопека»
жасөспірімнің өзінің шешім қабылдауына тиым салу, еркіндік бермеу, кейбір балалардың
өзінің дүниеге келгеніне кінәлі сезінуі, құрбылары арасындағы қарым - қатынастың
нашарлауы, жанұядағы ахуал. Оқушы мен ұстаз арасындағы немесе қызметкер мен
басшы арасындағы шиеленіс те суицидке негіз болады.
Сол үшін де мектепте, студенттер арасында, жалпы көпшілік жерлерде суицид
оқиғаларының алдын алу шаралары атқарылуы тиіс, қандай жерде болмасын күйзелісте
жүрген, немесе жеке қиындығы басынан асып, еш шара таба алмаған жағдайды байқасаң,
жедел түрде қол созып көмек берудің психологиялық күйзелістен шығарудың жағдайын
ойлаған жөн. Өзін өзі өлтіру фактілері әсіресе ерлер арасында жиі кездеседі. Олардың
көпшілігі жастар мен орта жас аралығындағы, яғни 20 мен 50 жас аралығындағы адамдар
болып келеді.
Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын қоғаммен
байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз рухы әлсіз, қорқақ және мінезсіз адамдар ғана
осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид ешкімді де сырт айналып кетпейді
екен. Кейбіреулерінде суицид тқұым қуалайтын ауру болып саналады. Адамның бұл суицид
ауруынан тез сауығып кетуі үшін кешенді ем - дом жүргізілуі шарт. Бірінші кезекте
моральдық келесі сатыларда психологиялық және медициналық қолдау керек. Үлкен
қалаларда білікті суицидолог, психиатр, психологтар арнайы бағдарламалар жүргізіп,
арнайы жұмыстар жүргізіледі.
Суицид - дертінің емі иманда - дейді діндарлар, бұл пікірмен бәрімізде келіссек болар еді,
себебі өзіне өзі қол жұмсау - күнә болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам үшін
ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық
санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік - экономикалық шығынға да
батырады.
Сондықтан да жақын жандарымызға, осындай күйзеліске ұшыраған кездерін сезсек, мейрім
- шапағатымызды аямай, сөйлесіп, көңілін жұбатып, оқыс оқиғадан сақтайық, ағайын.
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша
дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид
көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең
төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Индияда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру
деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, СССР-де шамамен 23-24
адамнан келеді.
ХХ ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде
жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері
бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе
артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселем
Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл
өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19
жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде
АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978
жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген.
Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал
бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге
әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар,
ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия
тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың
ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.
Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі
келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.
Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа
халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне
Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп
жіберген.
Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды
діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.
Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы,
тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас
ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де
әсер етеді.
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;
- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;
- Жастар арасы - 17-29 жас;
- Ересектер арасы – 30-35 жас;
- Қарттық кезең – 55-70 жас.
5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек
кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%,
ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен.
Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-
анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып
табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе
қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге
баратыны анықталды.
Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын,
суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның
бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің
төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы
т.б.
Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына
шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін-
өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған.
Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4
есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.
Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде
немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі
өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол
келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да
психопаталогиялық жағдай негізінен балалармен жас өспірімдердің социолизация
деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер
барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген
тұжырымдарға келді.
Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология
дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидогенді жағдайлар тұлғаның
ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі және мінез- құлығымен анықталады.
Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда
кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол
субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың
шешілмеуіне байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін.
А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе
пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы
балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8%
кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе
тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе
аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл
балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен
ауыратын балалар құрайды деген.
А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді:
шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.
Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде
ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А.
Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе
аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына
байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар
арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады.
Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да
кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы
бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын
ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе,
енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай
психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.
Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен
балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің
айырылысуына да байланысты болады.
Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс
мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп
қарастырады.
Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания,
психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды
проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер
бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені
олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және
махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз
алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ
болады.
Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер
ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды.
Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.
Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде тұр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100
мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен. Бұл көрсеткіш
Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде екен.
ЖАЛҒЫЗДЫҚ – СУИЦИДКЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН БІРДЕН БІР СЕБЕП
Американың Nydailynews басылымы Қазақстандық супермодель Руслана
Коршунованың өлімін тергей отырып, 20 жасар бойжеткеннің Отанында өз-өзіне
қол жұмсау фактілері АҚШ-пен салыстырғанда 3 есе көп болатындығын
анықтаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандық
әйелдер арасындағы суицидтің көрсеткіші – 15 пен 24 жас аралығында 100 мың
тұрғынға шаққанда 11,1 оқиғаны құрайды. Салыстырмалы түрде АҚШ-та бұл
көрсеткіш – 2,9-ға тең.
20 жасар алматылық бойжеткен Руслана Коршунова өткен жылы Манхэттендегі өз
пәтерінің 9-шы қабатынан құлап қайтыс болған еді. Пәтердің ішінде қандай да бір
арпалыстың ізі анықталмаған. Сол кезде жергілікті басылым Руслана өз-өзіне қол
жұмсаған деген болжам айтқан болатын.
Қазақстанның тумасы Руслана Коршунова өз карьерасын сән әлемінде 2005 жылы бастаған
болатын. Сол кездің өзінде Vogue журналының еуропалық басылымы бойжеткенге арнайы
мақаласын арнап, «мысық пішінді» Руслананың болашағынан зор үміт күтетіндіктерін
жазған еді.
Жас фотомодель «Кристиан Диор», «Кензо», «Москино» сияқты беделді сән үйлерінің
жарнамасында түсіп, жетекші сән көрсетілімдеріне қатысқан. Руслананың осындай бір ғана
көрсетілімге қатысуы 5 мың АҚШ долларына бағаланып, бойжеткен сән-салтанатты өмір
сүрген. Осылайша бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік сән әлемінде өзіндік орынға
ие болған Руслана өз-өзіне қол жұмсап, 2008 жылдың 28 маусымында бұл әлеммен қош
айтысқан еді.
Америкадағы таныстары Руслананың өз отбасы мен туған жерін қатты сағынатындығын
еске алады. Руслана өте көп жұмыс істеп, өзінің сыртқы бейнесіне қатты мән берген деседі.
Алайда, оның ішкі күйзелісі ешкімге белгісіз болып қала бермек...
Психолог мамандар, әдетте жалғыздық – суицидке итермелейтін бірден-бір себеп екендігін
айтады.
– Өз-өзіне қол салу – түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема. Әрдайым
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында түсініспеушілік орын алып жатса, ата-ана
баласын түсіне алмаса, күйеуі әйелін түсінбесе немесе керісінше дегендей, жақын жандардың
бір-бірін түсінбеуі осындай қайғылы оқиғаларға алып келеді, – дейді біздің радиомызға
сұхбат берген Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярова.
ҚАЗАҚСТАНДА КІСІ ӨЛТІРГЕНДЕРДЕН ӨЗ-ӨЗІН ӨЛТІРГЕНДЕР КӨП
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, Қазақстан әлем
бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 53-і өзіне қол салу оқиғасы көрсеткішімен алдыңғы
орындардың бірінде. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша «тұрақты лидерлер» саналатын –
Венгрия (88) мен Литвадан (96-99) сәл төмен тұр. Ал кейбір деректер бойынша, Қазақстан
Ресей мен Латвиямен бір қатарда көрінеді.
Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз-өзіне қол
салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада
әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.
Мамандар өлуге құмарту – психиканың проблемасы екендігін айтады. Сондықтан әрдайым
жақындарыңмен бірге болып, бір-бірін бағалап, әрдайым түсіністікпен өмір сүре білу қажет
дейді психолог мамандар.
ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛУ ЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖИІ КЕЗДЕСЕДІ
Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 2007 жылы 342 суицид фактісі тіркелген.
Оның 2/3-і ер азаматтар.
Психологтардың сөзіне қарағанда, өз-өзін өлтіру оқиғалары әйелдерге қарағанда
ер адамдар арасында жиі ұшырасады келеді. Ер адам өз-өзіне қол саламын деп
шешсе, онда олар өз ісін аяғына дейін жеткізуге тырысады. Ал әйелдер әдетте
өлуді емес, өзіне назар аудартуды көздейді. Сол себепті, статистикада өз-өзіне қол
жұмсап өмірін қиған ер адамның 1 оқиғасына әйелдердің өз-өзіне қол жұмсауға
талпынған 5 фактісі сәйкес келеді екен.
Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярованың
айтуынша, өзіне қол жұмсаған ер адамдар көбінесе асылып өлуді таңдайды екен.
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД ЖЫЛ САЙЫН КӨБЕЙІП ОТЫР
Мамандар жыл сайын Қазақстанда 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-
8 суицид фактісі тіркелетіндігін айтады.
Елде 2005-2007 жылдары кәмелетке толмағандар арасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі
анықталып, оның – 887-і қазамен аяқталған. 2005 жылы – 261, 2006 – 274, ал 2007 – 352
суицид тіркелген.
Мақсат Айтбаев, алыстағы Америкада өзіне қол салып қаза болған қазақ ұланы.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2008 жылы «Балалар суициді»
тақырыбында жүргізген арнайы зерттеуінде балаларды суицидке итермелейтін негізгі
себептер ретінде баланың күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдайы, одан кейін –
ұлтаралық қатынас, отбасылық тұрмыстың қолайсыздығы мен қолдаудың болмауы сияқты
факторлар аталған.
Айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі
– көрнекі құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне
назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Өйткені,
келесі талпынысы қазаға ұласып жатады.
Балалар өз-өзін өлтірудің себебі көп деп түсіндіреді. Алайда, олардың басты проблемасы –
жалғыздық. Егер мектепте қандай да бір проблема туындап жатса – ата-ана балаға көмек
көрсету керек, ал отбасында проблема туындап жатса – ұстаздар балаға назар аударуы тиіс.
Сауалнама. Менің сыныбым
1. Сыныбың өзіне ұнайды ма?
а) ұнайды ә) онша емес б) мүлдем ұнамайды
в) амалсыз жүрмін.
2. Сынып жетекшіңмен қарым-қатынасың қандай?
а) өте жақсы ә) ұнайды б) орташа в) өзге адам болса.
3. Сыныптағы топ басшысының жұмысына көңілің тола ма?
а) тиянақты жұмыс істейді ә) ауыстыру керек
б) көңілім толатын сияқты в) мүлдем толмайды.
4. Сыныпта келеңсіз жағдайлар болып
тұра ма?
а) жиі болады ә) сирек б) мүлдем болмайды.
5. Сен өз сыныбың туралы қалай ойлайсың?
а) біріккен,тату ә) топқа бөлініп кеткен
б) әркім өзіңше өмір сүреді
6. Сыныбыңа қандай көңіл күймен кіресің?
а) амалсыз ә) қуанышпен
б) күнделікті қалыптасқан сезіммен
7. Пән мұғалімдерімен келіспеушілік болады ма?
а) ылғи ә) ешқашан болмайды б) анда-санда
8. Сынып ішіңде достарың көп пе?
а) әрине ә) ешкімнің керегі жоқ
б) көп достың пайдасы не? в) доссыз өмірдің мәні жоқ
9. Сынып жетекшіңнің өзіңе деген көзқарасы
а) мені мақтап отырады ә) ата-анама шағымданады
б) ескерту береді
в) үнемі көмектесіп жүреді.
10. Сыныптастарыңнан рухани азық алдың ба?
а) адами жақсы қасиеттерді үйрендім
ә) ешқашан көңілім толған емес
б) амалсыз жүрмін
в) кейде ғана
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz