Шойын мен болат




Презентация қосу
Шойын
мен болат
Шойын жақсы құйылатын қасиеті бар

Шойын
темірмен көміртектің (2% жоғарғы)
қорытпасы;
темірдің көміртек (2%-дан астам, әдетте, 3—
4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке
дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт(0,08%-
тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал
кейде басқа да элементтер қосылған
қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді
Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы
мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін
домна пештерінде балқыту арқылы алынатын
өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен
химиялық құрамына қарай шойын
қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған
Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып
бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын
жақсарту үшін азғана мөлшерде
түрленгіштер қосып түрлендіру және
шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау
қолданылады.[2]
Түрлері
Ақ шойын -карбид түрінде көміртек құрамына кіретін, ал омырық
бетінің түсі күңгірт-ақшыл болатын шойын;
Домна шойыны—домна пешінде балқытылып алынған шойын;
Соғылмалы шойын— құрамына жапалақ түрлес графит кіретін және
ақ шойынды босаңдату нәтижесінде алынатын шойын.
Сұық шойын— домна пешінде немесе шойынпеште қорытылған
шойын.;
Шындалған шойын— механикалық қасиеттері жағынан сүр шойын мен
болат аралығына сәйкес келетін шойын.
Сұр шойын -тілімшелі графит түріндегі көміртек едеуір дәрежеде
немесе толық бос күйде болатын шойын;
Шар тәрізді графитті беріктігі жоғары шойын —беріктік
көрсеткіштері жоғары шойын.
Шойынды домна пештерінде
алады. Домна пешінің биіктігі
25-30м, екі диаметрі 6м, іші
отқа берік кірпіштермен
қаланған. Темір кендері
негізінен оксид болғандықтан
оларды көмірмен
тотықсыздандырады, бірақ
балқыған темір өз ішінде
көмірді ерітеді, сондықтан
тотықсызданған темір таза
түрде емес, ішінде еріген, 1,7-
5% көміртек және басқа
қоспалары бар қима түрінде
шығады, ол қима шойын деп
аталады. Шойында
көміртектен басқа күкірт,
кремний,фосфор, марганец,
т.б. элементтер болады.
Вставка
Вставка рисунка
рисунка

Болат
Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін)
және басқа элементтермен қорытпасы];
темірдің көміртегі және басқа
элементтермен қосылып жасалған
деформацияланатын қорытпасы.
Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында
көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы
элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат
сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден,
ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай
қорытпа легирленген болат деп аталады. Болат – қара металлургия
өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста
пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай, болатты
басты-басты төрт топқа бөлуге болады :
Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының
әртүрлі элементтері мен вагон, кеме жасауда қолданылады.
Машина жасау болатынан негізінен әр түрлі машина бөлшектері
жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден
өтеді.
Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға
пайдаланылады.
Айырықша-физикалық қасиеттері бар болат кәбінесе электр техникасы,
химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады
Болат өндірісі
Қарағанды металлургия комбинатының болат табақ прокаттау цехтарын металмен
қамтамасыз етеді. Мартен және конвертер цехтары бар.
Мартен цехы алғашқы балқыманы 1964 жылы 10 қаңтарда берді (1970 жылға дейін
Қарағанды металлургия зауытының мартен цехы). Цехта 2 пеш бар, әрқайсысының
шөгіндісі 650 т. №1 домна пештерінде қорытылған шойыннан және металл
сынықтарынан болат балқытылады, олардың ара қатынасы тиісінше 65% және 85%.
Қоспалары: әктас, боксит, әк. Негізгі өнімі — прокат алу үшін болат құймалар.
Назарларыңызға
рақмет!!!!!!

Ұқсас жұмыстар
Домна шойыны
Металдардың физикалық қасиеттері
Металдар мен бейметалдар қасиеттері
Қара және түсті металдарды халық шаруашылығында қолдану
Металл емес материалдар
МЕТАЛЛ МАТЕРИАЛДАР
Дүниежүзінің қара металлургиясы
Болат, шойын, түсті металл қортпасынан құйма жасау
Шойын өндірісі
ҚАРА МЕТАЛДАР ҚАРА МЕТАЛДАРҒА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Пәндер