Еңлік-Кебек: шығарманың мәтіні, тақырыптық талдау және оқыту тапсырмалары


Slide 1

Өткен адам болады көзден таса,

Өлді- өшті, оны ешкім ойламаса.

Ол кетсе де, белгісі жоғалмайды,

Керектісін ескеріп, ұмытпаса.

Естіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ,

Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ.

Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек,

Бастан кешкен әр істен белгі қалмақ.

Slide 2

( Зерделейік, ойлайық, айтайық)

І. Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыз?

1. Махаббат

2. Тарих

3. Әлеуметтік өмір шындығы

4. Өз ойым

Slide 3

ІІ. Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?

1. Екі ел арасындағы дау- дамай

2. Әлеуметтік теңсіздік

3. Жер дауы

4. Өз ойым

Slide 4

ІІІ. Екеуінің өліміне кім ( не) кінәлі?

1. Кеңгірбай

2. Заман

3. Салт- дәстүр

4. Өз ойым

Slide 5

Поэзия минуты

Еңлік пен Кебектің кездесуі

Slide 6 Slide 7

Семантикалық карта

Slide 8

Кейіпкерлер

Шығармадан

Үзінді

Еңлік

Кебек

Көбей

Қойшы

Нысан

Қыз да жоқ, Кебек те жоқ, ел шабысты

Мен сізден ақыл сұрай келдім

Оның аты Кебек еді,

Сонан соң да осында келмеп пе еді?

Ұмытпасам, соны Еңлік аттандырып,

«Қош аман бол келіп жүр, Кебек», - деді.

Барымта алмай бітімге көнсе елің,

Қанша мал алса аярым жоқ менің,

Қызды қайтар, әйтпесе бітпейміз деп,

Жатып алса табамыз қайтіп жөнін?

Бетіне тумай тұрып түскен әжім

Күңге де есіктегі қылды тәжім,

Кер кеткен кеселдіге душар болдым,

Осыдан құтыларлық бар ма лажым?

Матай алса, Тобықты тек жата ма,

Азбын деп жанын аяп ар сата ма?

Абыл шауып, мал алып, қан төгілер,

Ойла! Қалып жүрмелік теріс батаға!

Ей, батыр, бұл сен айтар сөзің емес,

Уайым қып сескенер кезің емес.

Келер істі жалғыз-ақ алла білер,

Ол сенің өлшеп сатар бөзің емес.

Әдейі іздеп бармассың, кез боларсың,

Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың.

«Сақтыққа қорлық жүрмес» деген бар ғой,

Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың.

Slide 9

Кейіпкерлер

Шығармадан

Үзінді

Еңлік

Кебек

Көбей

Қойшы

Нысан

Қыз да жоқ, Кебек те жоқ, ел шабысты

Мен сізден ақыл сұрай келдім

+

Оның аты Кебек еді,

Сонан соң да осында келмеп пе еді?

Ұмытпасам, соны Еңлік аттандырып,

«Қош аман бол келіп жүр, Кебек», - деді.

+

Барымта алмай бітімге көнсе елің,

Қанша мал алса аярым жоқ менің,

Қызды қайтар, әйтпесе бітпейміз деп,

Жатып алса табамыз қайтіп жөнін?

+

Бетіне тумай тұрып түскен әжім

Күңге де есіктегі қылды тәжім,

Кер кеткен кеселдіге душар болдым,

Осыдан құтыларлық бар ма лажым?

+

Матай алса, Тобықты тек жата ма,

Азбын деп жанын аяп ар сата ма?

Абыл шауып, мал алып, қан төгілер,

Ойла! Қалып жүрмелік теріс батаға!

Ей, батыр, бұл сен айтар сөзің емес,

Уайым қып сескенер кезің емес.

Келер істі жалғыз-ақ алла білер,

Ол сенің өлшеп сатар бөзің емес.

+

+

Әдейі іздеп бармассың, кез боларсың,

Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың.

«Сақтыққа қорлық жүрмес» деген бар ғой,

Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың.

+

Slide 10

Еңлік:

Кебекпен мені азғана араздастыр,

Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.

Мына бала - Тобықты баласы ғой,

Мұны өлтірме, Кеңгірбай биге тапсыр, -

деп, шуылдаған көптің алдында ашу мен ызаға толы тілегін айтады. Сүйген жары мен перзентіне деген махабатын ту етіп көтерген қайсарлықпен көз жұмады.

Slide 11

Сен Кеңгірбай болсаң қандай шешім қабылдар едің?

( үзіндіге байланысты сұрақ)

Академиялық дау-дамай

Slide 12

Тест

1. Поэмаға өзек болған оқиға қай ғасырда өткен?

В) ХҮІғ

С) ХҮІІғ

Д) ХҮІІІғ

2. Матай ненің атауы?

Р) Ру

С) Жер

Т) Тау

3. Поэмадағы Тоқтамыс кімнің жақыны?

А) Кебек

В) Еңлік

С) Қабанбай

4. Еңліктің нағашысын көрсетіңіз.

Л) Бөгенбай

М) Қабанбай

Н) Наурызбай

5. «Сұңқар қалай,

Тауық қалай?» деп жұмбақтаған кім еді?

А) Қабекең

В) Көбей

С) Тоқтамыс

Slide 13

6. «Қыз алды да, жөн жауап бермеді» деп,

Матайлар не алып кетті?

П) 1 табын сиыр

С) 1 отар қой

Т) 1 қос жылқы

7. Поэма кімнің тікелей тапсыруымен жазылған?

У) Абай

С) Құдайберді

Т) Құнанбай

8. Шәкәрім Шақпақ деген жерде жалғыз үй тұрып, қай жылдары тұрды?

С) 1905-1906ж

Р) 1909-1910ж

Т) 1907-1908 ж

9. Шәкәрім үшін байлықтың үлкені ғылым болып табылатын өлеңі?

К) «Жастарға»

Г) «Үш-ақ түрлі өмір бар»

Ғ) «Адамдық борышың»

Slide 14

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Д Р А М А Т У Р Г

Кілті:

Slide 15

Ұлы Мұхтар Әуезовтың “Еңлік-Кебек” драмасы бойынша Қасқабұлақтық өнерпаздар “Еңлік-Кебек” ескерткішінің басында әзірлеген бес көрініс

Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21

Ұлы Мұхтар Әуезовтың “Еңлік-Кебек” драмасы бойынша Қасқабұлақтық өнерпаздар “Еңлік-Кебек” ескерткішінің басында әзірлеген бес көрініс

Slide 22

Ақшоқыға қарай созылған жазықтың көз ұшында қазақтың тұңғыш театрының шымылдығы ашылған тарихи орын « Ойқұдық» тұр. 1917 жылы жапсарлас тігілген екі киіз үйде М. Әуезовтың басшылығымен өзінің туындысы « Еңлік-Кебек» пьесасы қойылған.

1926 жылы тұңғыш ұлттық театрымыздың шымылдығы да осы шығармамен ашылған. Сайын дала төсіндегі дөңестегі осынау мрамордан қаланған еңселі ескерткіш - шынайы махаббаттың мазары. Ол қатыгез билер үкімімен өлтірілген Еңлік пен Кебекке қойылған. Серті мен сеніміне, махаббаты мен сезіміне берік қос ғашық осы жерде мәңгілік тыныштық тапқан.

Еңлік- Кебек тағдыры Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» дастаны мен Мұхтардың «Еңлік-Кебек» драмасына арқау болған.

Үлкен өмірге алғаш қадам басқан жас жұбайлар қыр төсіндегі мәңгілік махаббаттың мазарына тағзым етпей өтпейді:

Кебек пенен Еңлік, Махаббаттағы ұлылық. Алауы боп сенімнің, Маздай берер, мәңгілік.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтің Еңлік-Кебек пьесасын талдау: композиция, кейіпкерлер және пікірталас
Ш. Құдайбердіұлының Еңлік - Кебек поэмасына арналған сабақ жоспары
Мұхтар Әуезов және қазақ ұлттық театрының қалыптасуы: Еңлік-Кебек трагедиясының рөлі
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек дастаны: шығу тегі, құрылымы және әдеби маңызы
Сәбит Мұқановтың Саятшы Ораз әңгімесін талдау және оқыту тапсырмалары
Қар мәтіні: оқу, талдау және шығармашылық тапсырмалар
Көркем шығарманың композициясы мен сюжеттік құрылымы
Міржақып Дулатовтың азаматтық жырлары: тақырыптық-идеялық талдау және Оян, қазақ жинағындағы отаршылдыққа қарсы поэзия
Дамыта, модульдік, жобалау және сатылай кешенді талдау оқыту технологиялары: салыстырмалы талдау
Шытырманда тарауының тақырыптық-идеялық және композициялық талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz