Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар



Сабақтың тақырыбы: Толықтауыш
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Шарамикова Мирагүл Жанболатқызы

Мақсаты
Білімділік : толықтауыш туралы түсінік беру, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, ой жинақтау еркін сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік : Дұрыс сөйлей білуге, өз білімін бағалай білуге, ізденгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Ұранымыз
Зейін қойсаң-ұғарсың,
Ізденсең-табарсың,
Талаптансаң-жетерсің.

Жаңа сабақ
Т о л ы қ т а у ы ш деп баяндауыш
білдіретін амал-әрекетті, іс-оқиғаны
заттық мағына жағынан толықтыру үшін
жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.

Толықтауыш атау және ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
Толықтауыш болатын сөз заттық мағына білдіреді.
Сұраулары аталған септіктердің кім? не? түбірлес сұраулары болады.
Байланысу түрі- меңгеру және матасу.
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі
белгілері мыналар:

Толықтауыш құрылысына қарай былай бөлінеді:
Дара толықтауыш
Татулықта табыс мол.
Күрделі толықтауыш
Жүз-жиырма беске бөлінеді.
Үйірлі толықтауыш
Жасау дегеннен көз тұнады.

Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері
Толықтауыштың сұрақтары
Мысалдар
Тура толықтауыш
табыс септігінде
Кімді? Нені?
Жаман-сыйлағанды білмес.
Оқушылар емтихан тапсырды.
Жанама толықтауыштар
барыс септігінде
жатыс септігінде
шығыс септігінде
көмектес септігінде
Кімге? Неге?
Кімде? Неде?
Кімнен ? Неден?
Кіммен? Немен?
Күресуге дәрмен жоқ.
Халықта жер бар.
Күштіден істі озды.
Бала тоқсанды беспен аяқтады.

Қай жақ озар екен?
Мал, мектеп мүлкі, жастар бригадасы, егін жинау, кітап сөздерін тура және жанама толықтауыш етіп сөйлем құраңдар.

Тиісті жалғауларын тауып жазыңдар да, сөйлемге синтксистік талдау жасаңдар.
Оқушылар мектеп маңы. . . гүлдендірді.
Оқушылар колхоз жұмысын. . . көмектесті.
Үйірме жиналысы 6-сынып бөлмесі. . . өткізіледі.
Көп көрген. . . сұра. (Мақал)

Кітаппен жұмыс
45-жаттығу
Әке, ақылды, төрт, ол, оқыған, оқу сөздерін атау және ілік септіктерден басқа септіктерге қойып, толықтауыш етіп сөйлемдер құраңдар.
46-жаттығу
Тура және жанама толықтауышты тауып, синтаксистік талдау жасаңдар

Сұрақ және тапсырма
Тура толықтауыштың табыс септігі қандай жағдайда түсіп қалады?
2. Өсек, өтірік, мақтанға
Ағып тұрса бейне су. (Абай) -деген өлең жолында неше толықтауыш бар?
3. Толықтауыш болатын сөздер қай жалғауда тұрады? Атау тұлғада тұрған сөздер толықтауыш бола ма?
4. Шылаулардың көмегімен жасалған толықтауыштар, толықтауыштың қай түріне жатады?
5. Төмендегі қарамен жазылған сөздердің қайсысы туратолықтауыш, қайсысы басқа мүше? Қалай айыруға болады?
Басты мәселе-оқу үлгерімі. Отан ісіне басты тіктім. Малды жемшөппен қамтамасыз еттік. Елімізде малды колхоздар көп.
Білімді ерінбей үйрен. Білімді адамдар көбейді.

Сабақты бекіту:
Толықтауыш
дегеніміз не?
Толықтауыштың
түрлерін атаңдар
Толықтауыштың
сұрақтарын атаңдар
Толықтауыш
құрылысына қарай
қалай бөлінеді?

Бағалау
Үйге тапсырма беру:
Ереже жаттау
47, 48-жаттығу
Әдебиет оқулығын пайдаланып күрделі толықтауышы бар бес сөйлем тауып жазыңдар. Сөйлемдерге талдау жасаңдар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz