Тәрбие процесі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Игисинова Н. Б.
Тәрбие теориясы
Тіркеу номері: МП 00109-08
Ұсынған: ФӘК және УӘБ
Өскемен, 2008 жыл

Игисинова Нураш Бекпауовна
Философия ғылымдарының кандидаты

Мазмұны
1. Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы ретінде.
2. ТПҮ заңдылықтары және принциптері
3. Тәрбие мақсаты әлеуметтік қамтамасыз етілуі
4. Дүниетаным көзқарасы жеке тұлғаны қалыптастыру тірегі
5. Тәрбиенің мазмұны міндетті, мақсаты
6. ТПҮ-тегі тәрбие әдістері, түрі, құралдары
7. Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымының мұғалімдердің өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті
8. Сынып тәрбие жүйесін құру сынып жетекшісі іс-әрекетінің шығармашылық нәтижесі ретінде
9. Отбасы тәрбиесінің негізі

Аннотация
Пәннің мазмұны: Оқып меңгерілетін «Тәрбие теориясы» пәні жоғары мектептегі педагогикалық дайындау жүйесінде жоғары мәнге ие. Студенттерді іс-қимыл үстіндегі және теориялық проблемалардың ең ауқымды сұрақтарымен таныстыру, өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.
- Тәрбиенің дамуының қозғаушы күштеріне сипаттама береді
- Отандық педагогтардың бастауыш сынып оқушысын оқытудың педагогикалық негіздері жайлы мәселелері оқылады.
Пәнді оқытудың мақсаты: - Болашақ педагог студенттерге «тәрбие теориясы» мәселесі бойынша теориялық және практикалық білімдер беру.
Пәнді оқып үйренудің міндеті: - Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде болашақ тұлғаның дамуының педагогикалық теориялар туралы жалпы білім беру; педагогика саласындағы адамның атқаратын қызметін оқып білу; оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларының даму заңдылықтарын түсіну, арнайы әдебиеттермен жұмыс жасау.
Курсқа сипаттама
«Тәрбие теориясыі» курсын оқыған студент қарастыратын негізгі ұғымдармен таныс болуы, оны басқа ғылымдармен сабақтастыра алуы (педагогика, физиология, психология салалары)
Бастауыш сынып оқушысының даму ерекшеліктерін тану, кәсіби қызметте пәннен алған білімдерін қолдана алуы тиіс.

Тәрбие теориясы
Мазмұны
Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы ретінде.
ТПҮ заңдылықтары және принциптері
Тәрбие мақсаты әлеуметтік қамтамасыз етілуі
Дүниетаным көзқарасы жеке тұлғаны қалыптастыру тірегі
Тәрбиенің мазмұны міндетті, мақсаты
ТПҮ-тегі тәрбие әдістері, түрі, құралдары
Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымының мұғалімдердің өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті
Сынып тәрбие жүйесін құру сынып жетекшісі іс-әрекетінің шығармашылық нәтижесі ретінде
Отбасы тәрбиесінің негізі

Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы ретінде
Педагогика пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі, бұл ұғымдардың дамуы, мектеп практикасында, оқу құралдарында, бағдарламаларда проблемалар көрсетілген
Педагогикалық үрдістің мәні, оның коспоненттерінің құрылымы
Негізгі ұғымдар: “Педагогикалық үрдіс”, “Педагогтар-оқушылар” “Субъект-объект қатынастар” “субъект-субъектік қатынастар”

ТПҮ білімділік, тәрбиелік және дамытушылық қызметінің өзара бірлігі мен өзара байланысы. ТПҮ оқу және оқудан тыс болады.
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері. Педагогикалық үрдістің тәрбиелік мәні. Оқу-тәрбие үрдісінің құралы.
Педагогикалық үрдісті болжау және жағдайына диагностика жасау мәселелері


Тәрбие - мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер, қасиеттер мен құндылықтар, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру процесі.
Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.

Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.
Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.

Педагогикалық үрдісте іс-әрекет түрлерін кешенді қолдану

Педагогикалық процесс қызметі етуші жүйе ретінде

Педагогикалық процесс ерекшеліктері

Тұға дамуының қозғаушы күштері

Педагогикалық проесстің қозғаушы күштерін қарастырған ғалымдар
М. А. Данилов
Н. Д. Хмель
Г. И. Щукина
Б. Т. Лихачев
А. С. Макаренко
Н. К. Крупская
Г. С. Костюк
В. А. Сухомлинский
Н. А. Завалко

ТПҮ заңдылықтары және принциптері

Тәрбие принциптері



Тәрбие процесі
Тәрбие процесі-жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды, өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруде, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие процесінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұның соған негіздеп, оларды іс-жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктерідің қорытындысын белгілейді.
Тәрбие процйесінің екі жақтылық функциясының мәні -педагогтің белгілі мақсат пен жасаған педагогикалық ықпалы, табиғи түрде, оқушының өмірі мен іс-әрекеттерінің үйлесуі қажет.

Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Тәрбие процесі-жеке тұғаны қалыптастыруды мақсатқа бағытталған үрдіс.
Тәрбие процесі-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тиімді өзара іс-әрекеті (ынтықмастығы) .
Тәрбие процесінің көп факторларлығы объективтік және субъективті.
Тәрбие процесінің ұзақтылығы тікелей емес тәрбие ықпалы кезеңінен нәтижеден алыстау мен сипатталады.

Тәрбие процесінің үздіксіздігі бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекетінің жүйесі.
Тәрбие процесінің кешенділігі - мазмұны, міндеттері, мақсаты, түрі, әдіс-тәсілдерінің бірлікте болуы.
Тәрбие процесі екі жақытылық сипатта болады:тәрбиешіден тәрбиеленушіге қарай (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиеленушіге қарай.

Тәрбие процесінің заңдылығы деп педагогикалық құбылыстар мен процестердің бір-бірімен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталынады. Тәрбие процесінің заңдылығы қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдылығы мен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән. Әрбір жеке адамның іс-әрекеті мен қызметі және басқа адамдармен қарым-қатынасы, оның әлеуметтік өмірін құрайды. Сол себептен іс-әрекет пен қарым-қатынас- тәрбие процесінің негізі, қоғамдық мәні зор адамгершілік сапаларын қалыптастыратын өзекті тірек.

- Жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы- тәрбие процесі заңдылығының екінші құрамын құрайды.
- Тәрбие процесінің мазмұны жеке адамның ішкі позициясына жасаған ықпалы өте жоғары болатындығын тәрбиенің үшінші заңдылығы тудырады

- Тәрбие процесінің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуы-тәрбие жұмысының төртінші заңдылығы.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігін-тәрбие процесінің бесінші заңдылығы.
-Тәрбие процесінің мазмұндамасы қоғамдық ортаның объективтік және субъективтік факторларымен тығыз байланыста болатындығы - тәрбие процесі заңдылықтарының бірі болмақ.

Тәрбие - мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер, қасиеттер мен құндылықтар, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру процесі.
Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.
Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.
Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.

Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалдары

Тәрбие процесінің мәні

Тәрбие заңдылықтарын процессінің қарама-қайшылықтары

Тәрбие мақсаты әлеуметтік қамтамасыз етілуі

ЖОСПАР
1. Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама.
2. Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында.
3. Бүгінгі таңдағы тәрбие мақсаты мәселесі.

Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама
Мақсат - ол саналы түрде педагогикалық іс-әрекеттің алдын-ала болжамданған нәтижесі.

Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама
Педагогикалық әдебиетте мақсаттың келесі анықтамалары кездеседі:

Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама
Мақсат құру процесі

Мақсат құру - үздіксіз процесс.
Қойылған мақсат пен нақты алынған нәтиженің сәйкес келмеуі, бүкіл процесті қайта ойластырудың негізіне айналады, оның перспективаларын қайта қарастыруға итермелейді. Сөйтіп тәрбие процесін жетілдірудің жаңа мақсатын ұсынуға мәжбүр етеді. Осының барлығы үнемі және үздіксіз мақсат құруға әкеледі.
Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама

Тәрбие мақсатын анықтауға әсер ететін қажеттіліктер мен факторлар.
әлеуметтік-экономикалық жағдай
білім беру мекемесінің жағдайы
оқушылардың жас және дара ерекшеліктері
Ұжымның даму деңгейі
қажеттіліктер
баланың
ата-аналардың
педагогтардың
білім беру мекемесінің
қоғамның
факторлар
Тәрбие мақсаты
Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама

Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама
Тәрбие мақсатының тиімділігі төмендегі
талаптарға байланысты
Диагностикалануы, яғни мақсаттың ұсынылуы, негізделуі
және түзетілуі педагогикалық процеске қатысушылардың
қажеттіліктері мен Мүмкіншіліктерін, тәрбие жұмысының
жағдайларын зерделеудің негізінде жүргізілуі тиіс
Реалдылығы, яғни мақсаттың ұсынылуы мен негізделуі
нақты жағдайдың мүмкіншіліктерін ескеру арқылы іске
асырылуы қажет, реалды жете алатындай мақсат болу тиіс

Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама
Тәрбие мақсатының тиімділігі төмендегі
талаптарға байланысты
Сабақтастығы, яғни ол: а) тәрбие процесінде барлық
мақсаттар мен міндеттердің арасындағы байланысты іске
асыруды; б) мақсаттың ұсынылуы және негізделуінің
педагогикалық іс-әрекеттің әрбір куезеңінде қамтамасыз
етілуді талап етеді.
Нәтижеге бағытталуы, яғни мақсатқа жетудің
нәтижелерін “өлшемдеу”, ол тәрбие мақсаты нақты
белгіленген жағдайда ғана іске асырылуы мүмкін.

Тәрбие мақсаты мәселесі педагогикада ежелден талданып келеді. Құл иеленушілік және феодалдық дәуірде басқарушы тап тәрбиені және оның мақсатын ашық түрде өз қажеттіліктеріне орай бейімдеді. Ақыл-ой тәрбиесі тек ақсүйектер еншісінде болды. Қарапайым халық тек дене мен еңбек тәрбиесін қалыптастырды.
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық
ойлар тарихында

Көпке дейін тәрбие мақсатын құру абстрактілік-философиялық негізде іске асырылды, сондықтан оның нақты және ғылыми негізделуін қажет етпеді.
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық
ойлар тарихында

Неміс педагогы В. Рейн (1847-1929) «тәрбие тәрбиеленушіден нағыз жақсы, өз халқы үшін пайдалы жұмыс істей алатын шынайы және мейірімді адамды қалыптастыру керек», - деп жазды.
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық
ойлар тарихында

Американ педагогы Эдвард Торндайк : «Тәрбие жалпы алғанда адамда басқа адамдарға деген мейірімділікті, игілікті және таза ләззат алуға ұмтылысты дамыту қажет», - деп айтты.
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық
ойлар тарихында

Кейбір батыс ғалымдары тәрбие мақсатын анықтау қажеттілігін жоққа шығаруға тырысты.
Американ педагогы Джон Дьюи (1859-1952) : «Адам өзінің туа біткен түйсіктерінің (инстинкт) құлы болып табылады және оның табиғаты өзгеріске келмейді», - деп тұжырымдады.
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық
ойлар тарихында

ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында «еркін тәрбие» теориясы қалыптасады, оның негізінде Ж. Ж. Руссо ұсынған баланың табиғи ой және адамгершілік мүлтіксіздігі (совершенство) жатыр.
Оны құрастырушылар: Э. Кей (Швеция), К. Н. Венцтель (Ресей), М. Монтессори (Италия) және т. б.
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық
ойлар тарихында

Еркін тәрбие теориясының ұстанушылары бала қалыптасуының әлеуметтік негіздерін қабылдамады және тәрбиенің негізгі мақсатты нұсқамасы ретінде балалардың айқындалып жатқан қызығушылықтар мен қабілеттіліктерінің спонтанды дамытуды, еркіндіктерін ештеңемен шектемеуін ұсынды.
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық
ойлар тарихында

Бүгінгі таңдағы педагогикалық еңбектерде тәрбиенің ортақ мақсаты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу деп айқындалып отыр.
Бүгінгі таңдағы тәрбие мақсаты мәселесі

Бүгінгі таңдағы тәрбие мақсаты мәселесі
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасында (2001) тәрбиенің жалпы мақсаты - полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру деп анықталған.

Дүниетаным көзқарасы жеке тұлғаны қалыптастыру тірегі

Жоспар
1. Жеке тұлға туралы түсінік.
2. Жеке тұлға дамуы туралы теориялар
3. Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар.
4. Жеке тұлға дамуындағы іс-әрекет пен. қарым-қатынастың алатын орны.

Индивид - биологиялық тіршілік иесі, барлық адамдар тумысынан индивид болып табылады.
Тұлға - өзіне биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген адам.
Даралық - бір адамды басқа адамнан ерекше көрсетіп тұратын интеллектуалдық, еріктік, моральдық, әлеуметтік және тағы басқа қасиеттерінің жиынтығы.
Тұлғаның қалыптасуы - барлық факторлардың (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және т. б. ) әсерінен индивидтің тұлғаға айналу процесі.
Тұлғаның дамуы - адамның ағзасындағы сандық және сапалық өлшемдердің өзгеру процесі.
Тұлғаның тәрбиеленуі -тұлғаның аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибелерін меңгеру процесі.
Адам даму субъектісі ретінде
Адам
Интелектуалдық
даму
Эстетикалық
даму
Жалпы дене
дамуы
Эмоционалдық
даму
Адамгершіліктік
даму
Тәрбиенің мазмұны міндетті, мақсаты
Қарастырылатын сұрақтар
Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары туралы түсінік
Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Тәрбие әдістеріне сипаттама
Тәрбие түрлері
Ақыл-ой мәдениеті
Адамшершілік тәрбиесінің негіздері
Еңбек тәрбиесінің негізі
Экономикалық тәрбие
Құқық және саяси тәрбие
Экологиялық тәрбие негіздері
Эстетикалық тәрбие
Дене тәрбиесі
Тәрбие әдістері - бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету (Т. Е. Конникова) Тәрбие әдістері - тәрбиеші мен тәрбиеленушілер іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері (В. А. Сластенин) Тәрбие әдістері - бұл мектеп тәжірибесінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол (Ж. Әбиев)
Тәрбие әдісі дегеніміз тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысқан іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері
Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бір бөлігі, жеке-дара әрекет, нақты іс Тәрбие құралдары: іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, педагогикалық ықпал жасау құралдары, коммуникация, құралдары.
Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптер:
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Тәрбиеленушілердің жас және дара, тұлғалық ерекшеліктері
Ұжымның қалыптасу деңгейі
Тәрбиелік жағдайлар
Тәрбие құралдары
Тәрбиешінің тәжірибе деңгейі
Тәрбие уақыты
Күтілетін қорытындылар
Әдістердің жіктелуі дегеніміз анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі
Тәрбие әдістерінің жіктелу проблемасын шешуде зор үлес қосқан ғалымдар: Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородников, Н. И. Болдырев, И. С. Марынко, Г. И. Щукина, В. А. Сластенин т. б.
Тәрбие әдістері: (Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина бойынша)
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері
Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері
Әңгіме - бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоцияналды, айқын көрінісі. Түсіндіру - тәрбиеленушіге эмоцияналды-сөзді әсер ету әдісі.
Этикалық сұхбат - тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
пікір алысуға екіжақты кірісуін керек ететін
жүйелі және бірізді әдіс түрі.
Пікірталас - тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы
Жаттығу - автоматты түрде талап, әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Талап - бұл тәрбиеленушілердің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі бір қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін әдіс. Үйрету - пәрменді жасалынатын ағдыландыру.
Мақтау - тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы баға. Жазалау - қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жарыс - қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын балалардың ұжымдағы іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі.
Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымының мұғалімдердің өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті
Қарастыратын сұрақтар
Ұжым туралы түсінік
Ұжым - тәрбие құралы
Ұжымның даму кезеңдері
Ұжым туралы түсінік
Ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
Ұжым - бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т. б. тобы.
Әр бір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды.
Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді.
Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастаушы топ.
Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі.
Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы,
негізгі ұжым - факультет т. б.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады
Кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары)
Қоғамдық ұйымдар (партиялар, бірлестіктер, кәсіподақтар)
Ерікті қоғамдар, өз әрекетімен ерекшеленетін ұжымдар ( көркемөнерпаздар, коллекционерлер)
Ұжым - тәрбие құралы
Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады.
Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын аса зор көңіл аударып зерттеген педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту орггандарының озат өкілдері:
А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомилинский
А. В. Лунчарский: “Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады”- деп көрсетті.
Н. К. Крупская: “Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым” - деп атап айтқан.
В. А. Сухомилинский: “Әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі” - деп көрсеткен.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атап, ұжымның төмендегідей кейбір белгілерін көрсетті:
Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері, ұйымдастырушылары болады.
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ
Біздің елімізде қазірі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл
іс-әрекетімен (оқу, еңбек т. б) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ
Оқушылар ұжымы балаларды
ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы.
Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүдесімен мызғымас байланыстығын көрсетеді.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екендігін түсінеді.
Сондықтан оларды үнемі дамтытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты.
Қорыта айтқанда ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.
Ұжымның даму кезеңдері
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді.
Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А. С. Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратады.
Бірінші кезең - оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Мұғалім бұл кезеңде сынып өмірін ұйымдастыру үшін
жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою
балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік
тәжірибеге тарту.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы
оқушыларға сүйену керек.
Бұл кезеңдегі мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың
ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-
әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға ықпал
жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезеңде - ұжым өзін-өзі
басқаруға көшеді.
Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен
байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың
ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауға
барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның осы даму кезеңінде параллельді ықпал жасау
принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым
арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезеңде - қоғамдық
өмірдегі деректерді, құбылыстарды
бағалауда ұжымдық пікір пайдаланылады.
Бұл ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық пікірмен
сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің
талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық
талқылау, бағалау, әрекеттілік - қоғамдық пікірдің негізгі ерекшеліктері.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - перспективаны таңдау. Осыған орай А. С. Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық перспективаларын білгеніміз жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып
жеке адамды әр-түрлі іс- әрекетке ынталандыру, қызықтыру.
Мысалы, жарыс, саяхат, цирк, мұражай.
Орта перспектива- бұл перспективаға балалар лагеріне
бару, жыл сайын өткізілген ән, сурет сайыстарына қатысу.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz