Мағжанның сөзі
Презентация қосу
7-сынып
қазақ әдебиеті
Тақырыбы : М.Жұмабаев
”Мен жастарға сенемін “ өлеңі
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
• М.Жұмабаев (1893 – 1938 ж.) солтүстік
Қазақстан облысы, қазіргі М.Жұмабаев
ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге
келеді.
• Ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті
өкілі, 1912 жылы “Шолпан” тұңғыш өлендер
жинағы жарық көрді.
• М.Жұмабаев - философ ақын, “Қорқыт”
поэмасы бар. Мектеп оқушыларына,
мұғалімдерге арнап “Педагогика”,
“Бастауыш мектепте ана тілін оқыту
жөні” еңбектерін жариялады.
• Ол орыс ақын – жазушылары И.Гете,
Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В.Кольцов,
М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, А.А.Блок,
Д.Н.Мамин-Сибиряк т.б. әңгімелерін қазақ
тіліне аударған.
• “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы
психологиялық талдау, сана ағымы
әдістерін енгізді.
Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында
Мағжан – ұлы Мағжан – Мағжан – эпик
ақын лирик, ақын
сыршыл ақын
Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол
жүректің қобызын шерте біледі, оның
жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті
сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан
не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын
құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан
таба алмайсыз.
Жүсіпбек Аймауытов
“Білім” “Түркістан” өлеңі бойынша тапсырма
1- топ “Түркістан өлеңінің тақырыбы мен идеясы неде?
2- топ “Жылдар сөйлейді”
( 1893. 1905. 1910. 1912. 1913-1916. 1919. 1923-1928. 1929.1936.1938
3- топ Өлеңдегі жалқы есімдерді ата. Қандай тұлғалар туралы
жырлаған?
«М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ
поэзиясының арасындағы
поэтикалық көпір»
(Ғ.Ибрагимов)
Мағжан Жұмабаев
“Мен жастарға сенемін” өлеңі
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Суттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арка жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..
Алаш — айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Мен оттанмын, от-менен
Жалынмын мен, жанамын,оттан туған баламын.
М. Жұмабаев
“Мен жастарға сенемін “ өлеңі
Ақын жастарды қарсыласуға үйретеді.
Мағжан өлеңдерінен өзекті өртер қайғымен бірге
асқақ арманды, үмітті қатар көреді. Ол толықтай
уайымға берілмейді. Өкінішті айта отырып, жарқын
болашаққа сенім артады.
Айбанды алаш елім дер
Алтын Арқа жерім дер
Мен жастарға сенемін
М. Жұмабаев
“Түсіну”
1- топ Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңдар
2- топ “Мені түсін” ( негізгі ұғымды білдіретін
сөздерді жаз)
3- топ Өлеңдегі көркемдеуіш сөздерді тап
“Бағалау”
Деңгейлік тапсырмалар
3- деңгей Өлең мазмұны арқылы ақынның қандай
мінезін тануға болады? “Топтастыру”
2- деңгей “Екі жақты күнделік”
1- деңгей “Мен сенемін жастарға” ойтолғау жаз.
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды
сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым,
алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан
соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті
зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен
күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның
шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар
жазушысының ішінен келешекке бойұрып,
артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз –
Мағжанның сөзі»
Мұхтар Әуезов
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz