Абай жолы


Slide 1

………. . қаласының М. Жұмабаев атындағы № …. мектеп-гимназиясы

Қазақ әдебиеті

Автор: …. . қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Slide 2

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,

Қазақтың қос арысы, қос данасы.

Қалайша бас имессің оған, сірә.

Slide 3

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің “ Абай жолы”роман -эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті

Білімділік мақсаты: Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушының идеялық -эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, талаптылыққа тәрбиелеу

Slide 4

М. Әуезовтің “Абай жолы” роман - эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті

I. Даңқы өлмес, даусы сөнбес

II. Атаның ұлы емес, адамның ұлымын (Абай бейнесі)

III . Адамның емес, ата ұлдары (Құнанбай бейнесі )

IV. Атаның ұраны емес, аталының қорлығы қосқандар

( Эпопеядағы халық өкілдерінің образы ) (Ƞ

Ү. . . Қарашығым қоңыр қозым . . .

(Абайдың сүйікті аналары-Зере, Ұлжан)

Slide 5

Сабақтың барысы :

Жаңа сабақ

Әр елде, әр кезде халық-анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық-анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді. Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі - М. Әуезов. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу -маржандай жалтылдаған, сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің “Илиадасымен” тең түсетін “Абаймен”әлем халқын шарлауда.

Slide 6 Slide 7

Қазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын, оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде?

Slide 8

(Шетел жазушыларының ортақ лебізі)

Л. Арагон (француз жазушысы )

Мен оның (М. Әуезовтің ) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман -”Абай”, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиялы мен өрен ой өлкесіне кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады.

Альфред Курелла (неміс жазушысы)

Сіз әлі “Абайды” оқыған жоқпысыз ? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл - таңғажайып, бұл - керемет! Қандай тұйық поэзия! Проза формасымен басылған осынау қалың-қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсашы.

I. Даңқы өлмес, даусы сөнбес

Slide 9

Камерундық Бенжамен Матип

Шынында, бұл қазақтар - неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын. . .

Slide 10

Эпопея дегеніміз не?

Қайтқанда

Шытырманда

Бел -белесте

Өрде

Қияда

Биікте

Абай

Құнанбай

Биікте

Қияда

Өрде

Бел -белесте

Шытырманда

Қайтқанда

Slide 11

Негізгі бөлімдер

Оқиғалар

Абайдың іс-әрекеті

8. “Тайғақта”

а) Құнанбайдың қажыға аттануы

ә) Абайдың Дәркембайды жұбатуы

б) Әйгерімді кездестіруі

в) Балаларын орыс оқуына беруі.

Әйгерімге үйленуі.

9. “Жайлауда”

а) Біржанның Абай ауылында қонақта болуы. Ән, өнер жайында аналарымен келісе алмауы

ә) Майбасардың кедей -кепшікке істеп отырған зорлығына тыйым салуы

10. “Еңісте”

а) Абайдың Пушкинді оқуы

ә) Ояздан Базаралыны арашалауы. Михайловпен кездесуі. Достық.

11. “Оқапта”

а) Әмірді ажал тырнағынан арашалауы .

ә) “Қансонарда” өлеңінің тууы

12. “Тарауда”

Балқыбек сиязы.

13. “Биікте”

а) Пушкинді аудару

ә) Орыс әдебиеті мен мәдениетін қазақ сахарасына тарату.

14. “Эпилог”

а) Абай - ақын

ә) Абай өлеңдерінің халық арасына тарауы

Slide 12

Абай жолы

Slide 13

Сұрақтар

Абай неге халық жағына шықты ? Қандай сөзімен дәлелдер едіңдер ?

Абайдың өнер-білім жолына бет бұруының себептері неде ?

Құнанбай мен Абай арасындағы келіспеушілік, қайшылық тек әке мен бала арасындағы өкпе, наразылық па ?

Абай бейнесін жасаудағы жазушы жеткен биіктікті немен түсіндірер едің ?

Slide 14

Құнанбайлар

жолы

III . Адамның емес, ата ұлдары

(Құнанбай бейнесі )

Slide 15

Құнанбай бейнесін қатыгез, кері кеткен кер заманның жанкешті жоқтаушысы ретінде суреттеуінің себебі неде ?

Құнанбайдың дәуренінің өтіп, заманның кетіп бара жатқанын романнан үзінді келтіре отырып дәлелде.

Қодар мен Қамқа өлімінің басты себептері неде?

Slide 16

IV. Атаның ұраны емес, аталының қорлығы қосқандар

( Эпопеядағы халық өкілдерінің образы )

Дәркембай қандай типтік бейнедегі кейіпкер екеніне тоқтал ?

Базаралы арқылы таптық санасы ояна бастаған күрескер қазақ кедейінің жиынтық бейнесі екенін дәлелде.

Slide 17

Базаралы

Slide 18

Дәркембай

Slide 19

Ү. . . Қарашығым қоңыр қозым . . .

(Абайдың сүйікті аналары-Зере, Ұлжан)

Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан біріне-бірі ұқсамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-кейпімен, ерекше ішкі сырымен соны, тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар.

Жазушы әйел образдары арқылы қазақ халқының ұлттық асыл

қасиеттерін тамаша шеберлікпен жеткізеді.

“Ел анасы” атанған Зере баласы Құнанбай алдында неге әлсіз ?

Ұлжан бақытты әйел ме ?

3. Тест

Маған ұнаған кейіпкер (Оқушылар пікірі)

Сұрақ: 6 айдан кейін өздерің де мектепті бітіріп, өмір жолына бет аласыңдар. Сол жолда Абайдың қандай қасиетін өзіңе үлгі етіп алар едің?

Slide 20

Абай Ділдәға үйленуге бас құда болып барған адам кім?

Құнанбай Меккеге аттанарда құн сұрай келген адам кім?

Абай “Жұт” деген тарауда қай қырынан көрінеді?

Романда Абайдың беделін биікке жеткізген ас беру рәсімі кімдікі?

-Шырағым, азаматым-ау! Одан да қолыңнан келсе, өзің айтып үйімізді өзімізге қайырып қайтарып бер. Қай тараудан, кімнің сөзі?

“Көк шекпенді біздің мырза пішкен жоқ, құдай пішкен. Кім киерін көрерміз!” деген сөздің иесі кім?


Ұқсас жұмыстар
Кеңгірбай қай шығарма кейіпкері
Мұхтар Әуезов (1897-1961)
Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы арнайы мектеп-гимназия интернаты
М.Әуезов Абай жолы романы
М. Әуезов Абай жолы романы туралы ақпарат
Абай журналындағы еңбегі, 1924 жылғы
Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі
Есімдікті құрама баяндауышты есімді сөйлемдер
“Абай жолы” романындағы тарихилық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz