Лиро - эпостық


Slide 1

"Лиро - Эпос" жырлары

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы

Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Шарамикова Мирагүл Жанболатқызы

Slide 2

Лиро - Эпостық жырлар өзінің тақырыбы

жағынан өткен дәуірдің күрделі әлеуметтік

проблнмағ құрылған, бұл жырлардың өлмейтін

көркемдік қасиеті - қоғам өмірінің ұсақ сыртқы

көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын,

философиясын жинақтайды.

Slide 3

Лиро - Эпостық поэмалар - ауыз әдебиетінің мол әрі рухани асыл қазынасы. Батырлар жырымен салыстырғанда, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы, адамның ішкі сезімі көбірек баяндалады. Бұлардың лиро - эпостық деп аталуы срндықтан. Кең мағынасында бұл - лирика мен эпикалық тектер элементтерін бірдей қамтитын шығармалар деген сөз. “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Айман - Шолпан”, “Күлше қыз”, т. б. жырларының бәрі де лиро - эпостық жырларына жатады.

Slide 4

"Қыз Жібек"

Лиро - эпостық жыр

Slide 5 Slide 6 Slide 7

"Падишадан кем емес,

Ер Төлеген келбеті"

Slide 8 Slide 9

Базарбай 9 ұлынан айырылып, қан жұтып, қасірет жұтып жүрген кезінде, Алла нәсіп етіп, Төлегені дүниеге келді.

Оны жыршы былай суреттеді:

Төлеген деп қойыпты ұлдың атын,

Құдай артық жаратқан оның затын,

Баланы сипат қылып айтып болмас,

Көрген жұрт ақылынан бір танатын.

Slide 10

Төлеген әкесінің ен дәулеті арқасында бұла боп өсті. Айналасында қадірлі азамат болды. Үйленер шағынада жетті. Қалыңдық іздеп, ел кезеді.

Сол кезде Төлегеннің қыз іздеп жүргенін саудагер шал естіп, оған:

Қыз жақпай өз еліңнен жүрсе саған,

Төлеген, сүйінші бер енді маған,

Елі бар Ақ Жайықта алты шекті

Аласың жақсы қызды барсаң соған, -

деп, Төлегенді Ақ Жайықтың қыздарына ынтық етеді. Жолы ауыр, жүз күндік болса да, «Төлегеннің. . . қыз іздеуге көңілі кетті. . . Төлеген іздемекке талап етті». Белін бекем байлады. Барлық жол жабдығын әзірлеп, Төлеген «сексен жігіт қосшы алып, он бес жігіт басшы алып, Ақ Жайыққа жөнеген».

Анасының қарсы болғанына қарамай аттанды.

Slide 11

Төлеген Ақ Жайыққа 25 жорға алып аттанды. Саудагер шал аңыз етіп айтқан сұлуларды көрмек болып, елге: «Жас қызы болып, оны әкеліп көрсеткен адамға, қызын алсам да, алмасам да бір жорға беремін», - деп хабар етеді. Төлеген ешбірін жаратпайды, сонда да уәдесінен қайтпайды. Көңілінен шығар қыз таппаған ол: «Бұл қыздарды шал сұлу деп бекер айтқан екен», - деп өкінеді.

Сол кезде сұлу іздеген Төлегеннің келгенін естіп, ханның ақылшысы әрі ақын Қаршыға Төлегенді көрмекке жолға аттанады. Қаршыға: « Мен Төлегенді көрейін, маған Төлеген ұнаса, Қыз Жібеккеде ұнағаны», - деп ойлайды.

Төлегеннің келісті келбетіне, парасаттылық - адамгершілігіне көңілі толған ол:

Мен бір сұду табайын,

Патшалардың жалғызы

Аты Жібек сұрасаң,

Кереметін көр, - дейді.

Slide 12

Сонымен, Төлегенді Сырлыбай ханның ауылына Қыз Жібекке аттандырады.

Қаршыға екі жастың қосылып, бақытты болуларына ақылын, шешендігін қосып, адамгершілік көрсетті.

Ақыры, жайлауға көшіп бара жатқан Сырлыбай ханның ұзақ көшіне килігеді. Солай ұлар 11- ші көштен өтіп, әлқисса Қыз Жібектіңде күймесіне жетеді.

Төлеген есігі жабулы пәуеске ішіндегі Жібекке ен дәулеттің ішінде еркін өскендігіне, өз еліне ханмен тең екендігіне басып:

«Кім бар! - деп, - бұл күймеде? - дауыстады. . .

Төлеген үш қайтара шақырсада,

Қыз Жібек сөйлесуге намыстанды».

Slide 13

Төлеген қыз мінезіне қапа болып, ат басын кері бұра бергенде. Қаршыға келіп қалады.

«Бұл Жібекті үш қайтара дауыстап шақырсамда, үн қатпады, бұл қалай?» - деп Қаршығадан сұрайды. «. . . Мұның бектігі бар, ешкім бұрын бұлай дауыстап сөйлескен емес», - деп түсідіріп, Төлегеннің ашуын басады.

Slide 14

Жібек басында, Төлегенді менсінбейді, тек Қаршығаның сөзінен кейін ғана, бетін бір ашып, бір жарқ етіп амандасады да қайтадан ауып, жатып қалады.

Жыршы Жібектің сипатын былай бейнелейді.

Ләйлі - Мәжнүн болмаса,

Өзгеден асқан келбеті. . .

Қыз Жібектің дидары,

Көгала көлдің құрағы,

Көз сипатын қарасаң,

Бектер мінген пырағы. . .

Қыз Жібектің ақтығы,

Наурыздың ақша қарындай. . .

Slide 15

Төлеген қайткенде де Жібекпен қосылуды армандайды. Ал, Жібек паңдық иінезінен қайтпайды.

Төлеген Жібектің әкесіне барып, Жібекке қосылмақ көңілін білдіреді. Сырлыбай хан келісімін береді.

Ол: «Айналайын, Жібегім, шыныдан аппақ сүйегің, осы емес пе еді Құдайдан, қарағым, сенің тілегің», - деп, Жібектің иін жібітіп, Төлегенмен кездесуге көндіреді.

Жібек:

Ау, Қаршеке- ау, Қаршеке- ау,

Мінгенде атың қаркер,

Барайын өзім бара бер.

Шақырғанда бармасам,

Қаршекем тілін алмасам,

Ақыр бір күн болармын,

Сол жігітке нәубаткер. . . - деп,

әрі Төлегенді көргенше тағат таппайды.

Slide 16

Жібектің Төлегенге Танысуға беттеген кезін жыршы:

Алтын тақтың үстінен

Қояндай қарғып түседі.

Ақ маңдайы жарқылдап,

Танадай көзі жалтылдап. . .

Жүйрік аттай ойқастап. . .

Кер маралдай керіліп,

Тәңірі берген екі аяқ,

Бір басарға ерініп,

Үйден шықты Қыз Жібек, - деп суреттеген.

Slide 17

Қыз Жібек еркелігін ұмытып, Төлегенге бар жанымен құлай кетеді:

«Төлегеннің мойнына

Асыла барып отырды».

Манағы Төлегенге айтқандарына кешірім сұрайды.

Төлеген кетер шағында, Жібек түс көріп, түсінде жаман іс көріп, жеңгесі арқылы Төлегенге:

Айналайын Төлеген,

Бикешжан бүгін түс көрді,

Тілімді алсаң жүрмагін, - деп жалына тіл қатады.

Төлеген алған бетінен қайтпайды. Жаны жанымен үйлескен Жібегімен, «олай - бұлай боп кетсем, Жібекті еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар. . . көктем шыға, қазбен бірге келем» деп қоштасып еліне кетеді.

Slide 18

Төлеген уәдесін орындап, қаз келе Жібекке Ақ Жайыққа жалғыз өзі аттанады.

Төлеген орта жолда Бекежан бастаған қара ниетті адамдардың қолынан қаза табады. Бұл жерде Бекежан Төлегенмен жекпе - жекке шықпай, мылтыққа білте басады.

Төлеген өзімен бірге әуеде ұшып келген алты қазбен қоштасады:

Әуелеп ұшқан алтықаз

Жерге неге қонбайсың,

Сіздер тірі, мен өлі,

Жатырсың неғып демейсің?. . деп Төлеген жан тапсырады.

Slide 19

"Ақмарал атым Жібек. . . "

Slide 20 Slide 21

Дастанның басты кейіпкерінің бірі - Қыз Жібек.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні
”Қыз Жібек” жыры бойынша бекіту сабағы
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ. АУЫЗДАН- АУЫЗҒА ТАРАП, ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА САҚТАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ МАҒЫНАСЫ ДА, МАҢЫЗЫ ДА, ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР
Мәшһүр - Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы кейіпкерлерге мінездеме беру
Әдебиет тектері мен түрлері
Халық музыкасы және опера
ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ
Үйлену тойының әндері
Әлем әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz