Жұбан жыры жадымда


Slide 1

“Жағаңда тұрмын, Жайығым”

Slide 2 Slide 3

Өмірі

Уақыты

Болған оқиға

1920 ж.

БҚО, Ақжайық ауданы, Сайқұдық ауылы, Жыланды елді мекенінде Жұбан Молдағалиев дүниеге келген.

1940 ж.

Орал ауыл шаруашылық техникумында оқыған

1940 - 47 ж.

Әскерде болған, Ұлы Отан Соғысының басынан аяғына дейін қатысқан

1948 - 52 ж.

“Лениншіл Жас”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде жауапты қызметтер атқарған

1949 ж.

“Жеңіс жырлары” деген атпен тұңғыш жинағы жарық көреді.

1956 ж.

“Жыр туралы жыр” поэмасы жарық көреді

1958 - 63 ж.

“Жұлдыз” журналының бас редакторы болған

1964 ж.

Атақты “Мен Қазақпын” поэмасы жарық көреді

Slide 4

1970 ж.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, содан кейін КСРО Қорғаныс министрлігі сыйлығының лауреаты және А. Фадеев атындағы алтын алтын медальді иеленді.

1978 ж.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

1985 ж.

Қазақстан халық жазушысы

1988 ж.

Дүниеден өтті

Өмірі

Slide 5

Шығармашылығы

Шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады.

Ж. Молдағалиев туған жері - Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды. Ал 1914 жылы жазылған "Сағындым, Жайық" өлеңінде ақын өзінің суреткерлігімен көрінеді.

Сағындым сені, Жайық, алма бақты,

Өткізгем өз бойыңда жастық шақты.

Сүюші ем төңкерілген толқыныңды,

Солқылдап соғып жатқан жарқабақты.

Суына қармақ салып, ілгем талай,

Күмістей жалтыраған ақ шабақты!

Мұнда ақын туған, өскен жерге деген сағыныш сезімін өзен, толқын, "күмістей ақ балық", т. б. нақты дәл берілген суреттер арқылы оқырманның көз алдына келтіреді. Жайықтың әсем көрінісі өрнектеледі.

Slide 6

Алғашқы жырларынан-ақ Жұбан жалаң ұраншылдыққа берілмей, адамның шынайы көңіл күйін, сезімін қоршаған ортаның шындығымен астастыра жырлайды. "Алматы тау өзені" өлеңінде:

. . . Тау текедей бір ұсталмай

Тастан-тасқа атылды.

Темір тиген хрустальдай

Шытынайды, уатылады, - деген жолдарда ақын толқындардың шатынауын естіртеді, өзен ағысының күштілігі көз алдымызға келеді.

Өлеңнің әсерлілігі, өлең ерекшелігі келесі шумақта бір-бірімен байланыста жымдаса түседі.

. . . Тау бұйырса, сыз бұйырса,

Желе жортар желі даяр,

Кұз құласа, мұз құйылса,

Сең-сең тасы, селі даяр. . . - деп, ақын тау өзенінің жан-жақты тағы бір қыр-сырын аша түседі.

Slide 7

"Қазақ тілі" өлеңінде алдымен халқымыздың көне дәуірден бергі тарихына үңіле келіп:

. . . Жерленген әсем қалалар,

Мүжілген, шөккен

Таулар да

Шұбарлап түзді.

Алалап

Шеру сап өткен жаулар да. . .

Жау тисе сырттан өріске,

Салыпты бүлік бәрі іште,

Пана да түскен бөліске,

Ана да түскен бөліске. . . - деген жолдарда ауыр тауқымет, жау ойраны, азап тартып бәрін көтерген, басынан кешірген ана мен жер, іштегі бүлік, бөліске түскен мал мен жай тағдырына үңілдіре түседі. Осындай қиын кезеңді басынан өткізген бүкіл халық тағдырына ортақтаса түсеміз; келесі шумақтар оқырманды өзіне тарта түседі. . .

Slide 8

. . . Бүтіндік, бірлік

Ерсі боп,

Жақында мал-жан енші боп.

Тіліміз ғана тұрьш та

Емші боп, әрі елші боп.

Сол ғана қалған бөлінбей

Бөліске түсер кезде ондай

Сол ғана қалған бөлінбей-

Жүректей,

Күндей,

Ождандай . . . - деп, жау ойранында бөліске түспей, қадір-қасиетін сақтап қалған тіліміз ғана болғанына еріксіз куанасың. Ана тілінің құдіретін танытуда ақынның ең алдымен қиын асуларды суреттеуінде үлкен мән жатқанын байқауға болады. Қандай қиыншылықта да тілдің сақталуы өз оқушысын ойландырмай қоймайды.

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т. б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.

Slide 9

Ақын "Мен қазақ әйеліне қайран қалам" деген белгілі өлеңінде, тарихтың тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді.

Қай өлеңінде болмасын, даланың табиғатын да ол адамдық сезіммен қабылдайды. Оны қимас адамы - анаға балайды:

. . . Мен үшін қазақ жерінің

Жаманы мен жаты жоқ.

Мен үшін қазақ жерінің

Анадан өзге аты жоқ.

"Ғашық көзбен" атты лирикалық кітабы үшін Ж. Молдағалиевқа Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Поэзиядағы ең негізгі қасиет - сөз тығыздығы, ой қалыңдығы, сыйымдылығы, айқындылығы болса, мұнда ақын шеберлігі біртіндеп таныла түседі. Ақын өлеңдерінде жалтыраған сөз қатары емес, әр сөз өзіндік мағына арқылы көрінеді:

Ризамыз бүгінге, біз кешеге,

Бір ғұмырды таныттық бірнешеге,

Не тілесе туған ел - сол болдық біз.

Бірде семсер, бірде орақ, бірде шеге.

Осы шумақта бейбітшілік егінін, жемісін егу, "шеге" арқылы құрылыстағы еңбекті дәріптеу - бәрі үйлесе келіп, туған елге деген ақын сүйіспеншілігін таныта түседі.

Slide 10

“Мен қазақпын” поэмасына композициялық талдау

Авторы:

Тақырыбы:

Жанр түрі:

Идеясы:

Шумағы:

Тармағы:

Бунағы:

Буын саны:

Ұйқас түрі:

Өлеңнің

негізгі түйіні:

Жұбан Молдағалиев “Мен қазақпын”.

Қазақ халқының ұлылығын ардақтау, әлемге паш ету.

Поэма.

Нағыз қазақ баласының бойында болатын қасиеттерді дәріптеу.

3 бунақты, / Мен қазақпын // мың өліп, // мың тірілген /

11 буынды, мен қа - зақ - пын мың ө - ліп, мың ті - ріл - ген.

Қара өлең ұйқасы: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, а

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. а

Жылағанда жүрегім күн тұтылып, б

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. а

Отанды сүю, шыққан тегі қазақ жұртын қастерлеу, оқушыларды өздеріне артылған азаматтық жүкті сезіне білуге

1132

283

Slide 11

Жар да жоқ Софьямдай жер бетінде,

Жел болып бір тимеген ел бетіне.

Қуаныш, Қуандығым, Азаматын,

Ананың сусындатқан шербетіне.

Суреттер сыры

Slide 12

Гүлмирам - алтын қызым, бота көзім,

Танытар дала кейпін, ата көзін.

“Папа” деп мен айтқам жоқ, айтады олар,

Қызыққа, қызғанышқа батам өзім.

Суреттер сыры

Slide 13

Төрт перзент - үш жас бүркіт, ерке елік.

Бір кезде біз де осындай төртеу едік.

Жоқ, жоқ, жоқ, бұл төртеудің тағдыры өзге,

Біз болсақ бұлар үшін ерте келдік.

Суреттер сыры

Slide 14

Сонымен білмек болса Жұбанды кім,

Өлеңде, өмірде де Жұбан бүгін -

Құлы да қожайыны ұлы елдің,

Тұрақты өкілі әрі Жыландының.

Суреттер сыры

Slide 15

Арнау

Жұбан жыры жадымда.

Қош келдіңіз, Жұбан ақын тойына,

Қазақылық сіңген тұла бойына

Той болғасын мен де байыз таппадым,

Шабыттанып қалам алдым қолыма.

Жайықта туған ұлы нар тұлға,

Келіп қапты торқалы тоқсан жасқа.

Және дағы 45 жыл толып өтті,

«Мен қазақпын» деген ұлы поэмаға.

Қаһарланып жау келгенде алыстан,

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Еңбек етіп газетінде майданның,

Тар окопта жаумен талай атысқан.

Таңдамалы талай-талай жазылды

Ұшырғандай көлден аққу-қазыңды,

Жазушылар Одағының хатшысы -

Түсінетін өкпе менен назыңды.

Сексен алты дауылында тулаған,

Қанға бөккен жастарымды шулаған.

Қорғап қалды қарсы тұрып Колбинге,

Ақтап шықты нағыз қазақ -Ұлы адам !

Қазақтың мың сан түрлі қасиетін,

Ашып берді мен қазақпын жырында.

Туған жердің арман-мұңын арқау етіп жырына,

Ақжайығым, Тайпағым деп, жырлап өтті тағы да.

Қазақтың ақыны деп мақтан тұтам,

Жайықтың жырын сүйіп құмар басам.

Шеті жоқ сол Жайықта жүзгендеймін,

Жұбанның өлеңдерін оқып қалсам.

Мен сөйлесем Жұбан тілін сөйлейін,

Мен жырласам Жұбан жырын жырлайын.

Шіркін, мен де сол ақындай болсам деп.,

Жырларымды туған жерге арнайын.

Жырлары жүрегіңді жандырады,

Оқыса кәрі - жасқа ой салады.

Келер ұрпақ мәңгі бақи ұмытпасын.

Елінде дара болван Жұбандарды!

Slide 16

Жыландының жұпарынан нәр алған,

Бабалардың айбынынан жаралған

Жұбан ақын келді бүгін сексенге

Жырларынан арай-шуақ таралған.

Тұла бойда нағыз қазақ қаны бар,

Ұрпағы осы Махамбеттің танып ал

Ұлы Отан соғысында қан кешкен,

Жұбан ақын білесіз бе, бауырлар!

Қан майданнан оралғасын еліне,

Нағыз ерлік дәнін сеуіп жеріме

“Жеңіс жырын” оқырманға сыйлады,

Тұңғыш кітап қойған ақын төріне.

Содан кейін талай істі басқарды,

Қалам ұстап баулыды да жастарды

“Мен қазақпын” жыр жауһардың авторы,

Еңбегімен риза қылды достарды.

Содан кейін талай істі басқарды,

Қалам ұстап баулыды да жастарды

“Мен қазақпын” жыр жауһардың авторы,

Еңбегімен риза қылды достарды.

Таңдамалы талай-талай шығарды

Тау басынан ұшырғандай ұларды

Жазушылар Одағының хатшысы-

Жырларымен қандыратын құмарды.

Қарашаны хан ұлына теңгермей,

Көтеретін сөзбен жүлде бергендей

Қолы тисе асығатын ауылға,

Жыландысын Астанадан кем көрмей.

Елеп-екшеп сексен алты дауылын,

Қорғап сөйлеп қыршын жастар қауымын

Колбинге де қарсы тұрып сөз айтқан

Жеңілдеткен Желтоқсанның ауырын.

Арнай білді жырларын ұлылыарға,

Дәулеткерей, Махамбет, Абайларға.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ солдаты
"Әдебиет пен өнер" тақырыбындағы сабақ жоспарына презентация
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Махамбет сияқты арманда кеткен ерлердің кейіп қалпын күй әсерлері арқылы танытып, білдіретін поэма
Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжі ұстазым
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Майдангер ақын-жазушылар
"Ана-өмірдің шуағы" (Ә.Кекілбаевтың "Құс қанаты" повесі бойынша)
Әдебиет пен өнер
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрілігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz