Жанұя денсаулығы


Slide 1

Тексерген: Баймолдин . Н

Орындаған: Зәкір Айдана

Факультет: Жалпы медицина

Топ: 015-02

Алматы-2014

Slide 2

Тақырыбы: Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы

Slide 3

Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім. 1. Қазақстан Республикасындағы балалр мен жасөспірімдердің ауру-сырқау жағдайы. (ресми статистикалық деректер негізінде) 2. 12-ден 18 жасқа дейінгі оқушыларды медициналық тексеруін, сауықтыруын ұйымдастырудың және жүргізудің әдістемесі. 3. 12-ден 18 жасқа дейінгі оқушыларды медициналық тексерудің және сауықтырудың нәтижесі. Қорытынды

Slide 4

1. Кіріспе. “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім және сәттілігі” атты “Қазақстан-2030 Даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының шешімімен №1678 бұйрық негізінде 1997 жылы 3 желтоқсанда салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын нығайтуға айтарлықтай жетістіктерге қол жетті.

Slide 5

Еліміздің келешегі - жастардың денсаулығына айтарлықтай, шынайы қауіп төнуде десек, артық айтқандық емес, Қазіргі кезде балалардың денсаулығына қауіп тудыратын себептерде көп. Гигиена, клиника саласының ғалымдарының, дәрігерлерінің айтуынша, денсаулыққа қоршаған ортаның зиянды экологиялық факторлары көп зиян тигізеді, антопогендік іс-әрекеттің нәтижесінде ауа, су, топырақ ластануда.

Slide 6

12-18 жас аралығындағы балаларды бөлек жас санатына жатқызу бала дамуының анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері туралы деректерге негізделеді. Атап айтқанда, 12 жастан бастап жыныстық дамудың қарқынды кезеңі басталады. Бұл пубертаттық “секіру” көптеген медициналық және әлеуметтік қиын мәселелердің себебі болады. Бұл жастағы балалардың анатомиялық физиологиялық ерекшеліктеріне қарасты, дамудың кейбір гормоналдық өзгерістерін яғни, нақты жыныстық белгілерінің пайда болуын және бірқатар организм жүйелері кызметінің қайта құрылуын атау керек.

Slide 7

Оқушылар денсаулығының жағдайына кейбір тәртіп себеп-шарттарының ықпал етуі ерекше үрей туғызады. Елімізде балалар арасындағы темекі шегу және нашақорлық мәселелері одан сайын асқынуда. Соңғы 5 жыл ішінде оқушылардың аурулары 2есеге өсті, жасөспірімдердің тең жартысы темекі шегеді, 17% есірткі тұтынады. 11-14 жастағы балалар арасында спирттік ішімдіктер қолдану көрсеткіші шамамен 20% құрады.

Slide 8

2. Негізгі бөлім. 1. Ресми статистика деректері бойынша балалар арасындағы жалпы ауру-сырқаушылықтың өсуге айқын тенденция бар. Балалардың жалпы ауру-сырқаттанушылығы 1996-2002 жылдар аралығында нақты түрде 21, 4%, яғни 1, 2 есеге өскен. Балалық жаста кездесетін патологиялар ішінде, сезім органдарының, жүйке, эндокриндік, сүйек-бұлшықет жүйелерінің дәнекер ұлпаларының аурулары және туа біткен кемістіктер әлеуметтік бейімделу жағынан мүдделі болып табылады.

Slide 9

Статистика деректері бойынша жоғарғы сынып оқушылары арасындағы жарақаттану1996-2001 жылдарда 1, 4 есеге өскен. Бір жыл ішінде 100 жасөспірім ішінен әрбір алтыншы түрлі сатыдағы ауырлық деңгейдегі жарақаттануға ұшыраған, тәжірибе күйінде бұл үлкен адмдармен және 14 жасқа дейінгі балалармен салыстырғанда екі есеге көп. Өскелең ұрпақтың несеп-жыныс жүйесі ауруларының жағдайы алаңдатушылық туғызады.

Slide 10

жылғы сараптамалар бойынша жасөспірімдердің жалпы ауруға шалдығу құрамында, келесі патологиялар барлық ауруларға шалдығудың 23 бөлігін (67, 4%) құрады: -тыныс органдары-29, 1% -ас қорыту органдары-9, 5% -тері және тері асты шел қабаттары -8, 3% -көз және оның қосалқылары-8, 2% -несеп-жыныс жүйесі -6, 3% -жүйке жүйесі-6% болса,

Slide 11

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылының Шакен Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп интернатының оқушыларында бұл патологиялық аурулар 15, 8%-ды құрады: -тыныс органдары-3, 7% -ас қорыту органдары-2, 8% -тері және тері асты шел қабаттары-1, 5% -көз және оның қосалқылары-5, 8% -несеп жыныс жүйесі-0, 6% -жүйке жүйесі-1, 4%

Slide 12

Cоңғы уақытта жылдан жылға балалардың алдын ала қараумен қамтылуы төмендеп келеді. Бұл жұмыс формасының өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етудегі маңыздылығын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етудегі маңыздылығын тәжірибелі дәрігерлер, ғалымдар және денсаулық сақтау ұйымдастырушылары жақсы түсінеді. Денсаулық сақтау мекемелеріне өз еркімен қаралғандардан тұратын ауру-сырқаушылық көрсеткіштері тұрғын балалардың әртүрлі контингенттеріненде денсаулық жағдайын толық сүреттей алмайды.

Slide 13

Аурудың клиникалық және дертке дейінгі өзгерістерін анықтаудың олардың алдын алу жұмыстарын мезгілінде ұйымдастыруды қамтамасыз етуде үлкен мәні бар. Алдын ала қараудың кемшілігі оның қымбаттылығында. Бұл іс-шараларға көптеген жоғары білікті мамандардың қатысуы үлкен шығындарға әкеледі.

Slide 14

Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының 12-ден 18 жасқа дейінгі 1, 7 млн. оқушы қамтылған тексеру 3-кезеңнен тұрады: 1 кезең-ұйымдастыру; 2 кезең-медициналық тексеру жүргізу; 3 кезең-анықталған науқастарды кезеңдік сауықтыру; емдеу және диспансерлік бақылау;

Slide 15

Медициналық тексеру нәтижесінде 12-ден 18 жасқа дейінгі балалардың арасында патологиялық зақымдалу анықталды. Олар : неврологиялық аурулар; гипертензиялық аурулар -4, 8% ; түнгі энурез-0, 2 %. Хирургиялық аурулар: майтабан -2, 6%; сколиз -2, 9%; лордоз-0, 8% ; кеуденің деформациясы-0, 5% ; Окулист: жеңіл миопия -1, 6%; орта миопия -4%; ауыр миопия -0, 2%; Соматикалық аурулар: кариес-5, 1%, гиперстатура-0, 5%, гипостатура-1, 6%, темір жетіспеушілігі-1, 5%. Тері аурулары-11, 5%. Жүрек аурулары-5, 9%. Психикалары дамымаған-1, 3%. “Д” есебіндегі балалар-5, 6%, лор аурулары-3, 7%.

Slide 16

Жоғарыда көрсетілген әдістемелік тәсілді пайдалану бізге скринингтік тексеру бағдарламасының негізгі әрекеттер сипаттамасын төменде келтірілген есеп формуласын сәйкес анықтауға мүмкіндік берді. Сезімталды=D(B+D), % 58929+589×100-95, 3% Өзінділігі=A(A+C), % 270270+115×100=70, 1% Оң нәтижесінің болжамдық құны=D(C+D), % 589115+589×100=83, 7% Теріс нәтижелердің болжамдық құны=A(A+B), % 270270+29×100=90, 3%270+29

Slide 17

Қорытынды. Медициналық тексерумен қамтылған 12-13 жастағы оқушылардың 55, 8% “дені сау” деп белгіленді. Бұл көрсеткіштер Атырау(66, 4%), Ақтөбе(65, 5%), Маңғыстау(65, 4%), Ақмола(64, 1%) облыстарында және Астана(61, 3%) қаласында көбірек орын алған. Ең төменгі көрсеткіштер Қарағанды(43, 9%), Павлодар(44, 3%) облыстарында және Алматы(47, 6%) облыстарында байқалды.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қарым қатынастарды реттейтін құжат талапарыз
Ана мен бала
БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ
ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
Даму мен өсудің негізгі заңдылықтары
Мейіргер Жұмысындағы пациент күйін клиникалық тұрғыдан бағалаудың маңызы
Отбасы тәрбиесінің негізі
Психогигиена және психопрофилактика
Баланың жүйке жүесіне өмір сүру жағдайының және тәрбиенің әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz