Адам психикасының теориялық негіздері мен қызметтері


Slide 1

Адам псхикасы

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Ақпараттық технологиялар факультеті

Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт

Инф - 21к

Slide 2

Психология Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Slide 3

1. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т. б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны - адам санасы. 2. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы. [1]

Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И. М. Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның - сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Slide 4

Психика

1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;

2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.

Slide 5

Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика - биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И. М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады.

Slide 6

Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт

Инф - 21к


Ұқсас жұмыстар
Тіл қызметтері мен функцияларының теориялық негіздері
Сананың философиялық тұжырымдамасы мен адам психикасының ерекшеліктері
Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері, пәні және қызметтері
Психика және сана: құрылымы, дамуы және адам мен жануар психикасының айырмашылықтары
Балалар психикасының дамуы: тарихи-теориялық негіздер және ойындардың тілдік-танымдық дамуға әсері
Сана және өзіндік сана: адам мен жануар психикасының айырмашылықтары, еңбек, тіл және бейсана
Адам терісінің құрылысы мен қызметтері
Лидерлік және басқару стильдері: адам қызметін басқарудың теориялық негіздері мен ықпал ету механизмдері
Жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері
Мектептегі психологиялық қызметтің өзекті бағыттары мен теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz