Мейірбикелік процесс


Slide 1

Тақырыбы:

Мейірбикенің функционалды міндеттері.

Slide 2

Жоспар.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Мейірбикенің функционалды міндеттері.

б) Мейірбикелік процесс туралы түсінік.

в) Мейірбикелік науқас сырқатнамасын жүргізу.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе.

Мейірбикелік іс - денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бөлігі, ол денсаулықты күшейту қызметін, аурудың алдын алуды, физикалық және психикалық ауруы бар, тіпті еңбекке жарамсыз барлық топтағы ересектерге психосоцияльдық көмек беруді және адамдарды күтімілдеуді қамтиды. Мейірбикелік іс денсаулыққа әсер ететін, ауру, жұмысқа жарамсыздық және өлім тудыратын физикалық, ақыл-ой, қоғамдық көріністерді өз ішіне алады.

Slide 4

Функционалдық диагностикадағы мейірбикенің қызметтік міндеттері:

Функционалдық диагностика бөлімінің дәрігері белгілеген диагностикалық шараларды жүргізу;

Функционалдық диагностикалық зерттеулер жүргізу;

Диагностикалық және қосымша аппараттарды жұмысқа дайындау;

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Аппараттың сақталуын және күтімін қадағалау;

Науқасты аппаратта зерттеуге дайындау. Функционалдық зерттеу барысында науқас жағдайын қадағалап отыру;

Науқас және медперсоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Медициналық және басқада қызметтік құжаттарды уақытылы және сапалы орындау;

Науқастарды тіркеу және жүргізілген зерттеулерді тіркеу журналына енгізу;

Науқастармен қарым қатынаста моральдық-құқықтық нормаларды сақтау;

Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмекті көрсету;

Санитарлық-эпидемиологиялық режим тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

Квалификациясын жүйелі түрде жоғарылату;

Slide 5

Функционалдық диагностикадағы мейірбике құқылы:

Кіші мейірбикенің жұмысын бақылау, оларға қызмет аясында бұйрық беру және орындалуын талап етуге құқылы.

Өзінің міндет құқығын орындау мақсатында нормативтік-құжаттарды ақпараттық мәліметтерді қолдануға және талап етуге құқылы.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға және жиналыстарға қатысуға құқылы.

Сәйкес квалификациялық категория алу үшін белгілі тәртіп бойынша аттестациядан өтуге құқылы.

5 жылда 1 рет жетілдіру курстарына қатысып біліктілігін арттыруға құқылы.

Slide 6

Мейірбикелік процесс

Мейірбикелік үрдіс - кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.

Slide 7

Мейірбикелік процесстің мақсаты - ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.

Slide 8

Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;

Медбикелік диагноз (диагностика) ;

Күтімді жоспарлау;

Жоспарлауды жүзеге асыру;

Медбикелік процес 5 кезенге бөлінеді:

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.

Slide 9

Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау Науқас туралы ақпарат көзі:

Емделушіден сұрастыру Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру

Дәрігермен сұхбаттасу

Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу

Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.

Емделушінің ауру тарихымен танысу

Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.

І кезең.

Slide 10 Slide 11

2-кезең Медбикелік диагноз (диагностика)

Ауру сырқатнамасын жүргізу. Медбикелік диагноз түсінігі алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасында Америкада пайда болып, 1973 жылы ресми және заңды тұрғыда бекітілді. Медбикелік диагноз - емделушінің физиологиялық және психологиялық өмірлік маңызды қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған симптомдық немесе синдромдық диагнозы.

Slide 12

Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді жазады, артықшылықтарын айрықша белгілейді. Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болып саналады. Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т. б. белгілерге шағымданады. Медбикелік диагноз: қан қысымы көтерілу синдромы.

Slide 13 Slide 14

ІІІ кезең.

Мейірбикелік көмекті жоспарлау

Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.

Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:

1.

жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;

2.

қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

Slide 15

Мысалы:

емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.

емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;

емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;

емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т. б.

Slide 16

IV кезең.

Жоспарлауды жүзеге асыру

Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

тәуелді

тәуелсіз

өзара тәуелді

Тәуелді - дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т. б.


Ұқсас жұмыстар
Мейірбикелік процесстің кезеңдері
Ісіну синдромы
Онкологиялық науқастарға мейірбикелік күтім
Емделушінің ауру тарихымен танысу
Дәрігермен сұхбаттасу
Дәрігерлік диагноз Медбикелік диагноз
Емделушіден сұрастыру
Мейірбикелік үрдістің кезеңдері
Мейіргерлік істегі өзгерістер, Жаңа мейіргер концепция туралы
МЕЙІРБИКЕ ІСІ ҒЫЛЫМЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫН ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz