Бактериялар: ашылу тарихы, құрылысы, тіршілік әрекеті және табиғаттағы маңызы


Slide 1

Бактериялар

№3 мектеп-интернаттың биология пәні мұғалімі Орынханова С. А.

Slide 2

Бактериялар - тірі ағзалардың ежелгі түріне жатады. Олар 3, 5 млрд. жыл бұрын архей эрасынан бастап өмір сүреді.

«Бактерия» термині гректің «bacterion» - таяқша деген сөзінен шыққан.

Slide 3

Бактерияларды тек микроскоп арқылы көруге болады, сондықтан оларды микроорганизмдер немесе микробтар деп атайды;

Микроорганиздерді микробиология ғылымы зерттейді.

Бактерияларды зерттейтін ғылым - бактериология ғылымы.

Бұл ғылым негізін Антони ван Левенгук қалаған ( XVII ғ. ) .

Slide 4

Ашылу тарихы:

Ең алғаш бактерияны микроскоп арқылы көріп, сипаттаған 1676 жылы голландиялық натуралист Антони ван Левенгук.

«Бактерия» терминін 1828 жылы Христиан Эренберг енгізді.

1850 жылдары Луи Пастер бактериялардың физиологиясы мен зат алмасу қасиеттерін, олардың ауру туғызушы қасиетін сипаттады.

Роберт Кох бактерияларды зерттей отырып, олардың ауру қоздырғыш екенін ( Кох таяқшасы) . 1905 жылы туберкулез ауруының себебін анықтағаны үшін Нобель сыйлығын алған.

М. В. Бейерник және С. Н. Виноградский микробиология мен бактериялардың табиғаттағы рөлін ашудың негізін қалаған.

Микроскоп 1751 ж

Slide 5

Бактериялар қайда өмір сүреді?

Бактериялар Жер шарының кез-келген жерінде кездеседі: атмосферада, мұхит түбінде де, ағысы жылдам өзенде де, өте қатты суықта да, қайнаған сүтте де, ядролық реакторда да; ең көп кездесетін жері топырақта. Топырақтың жоғарғы қабатында 1г. Миллионға жуық бактерия болады, яғни шамамен 1 гектарда 2 тонна бактерия. Бактериялар сонымен бірге өсімдіктер, жануарлар, адамдар денесінде паразиттік жолмен тіршілік етеді.

Slide 6 Slide 7

Бактерия жасушалары өте ұсақ.

Бактериялар - организмдердің ішіндегі жасушалары ең ұсақ түрлері, оның жасушаларының мөлшері 0, 1 - 10 мкм.

Қарапайым типографиялық нүктеден орта көлемдегі 100 мыңға жуық бактерияны көруге болады екен.

Slide 8

Өсімдік жасушасы мен бактерия жасушасын салыстыр:

Өсімдік жасушасы

Бактерия жасушасы

Бактериялардың ерекше белгілері:.

Ядросы жоқ.

Жасуша шырынына толы үлкен вокуолі жоқ.

Қозғалу органоидтары бар ( талшығы мен кірпікшесі)

Цитоплазмсы бар.

Қабықшасын қоршаған капсуласы бар.

Slide 9

Бактериялар пішініне қарай бірнеше топқа бөлінеді:

коккалар (шар тәрізді) ;

бациллалар (таяқша пішінді) ;

спириллалар (оралма тәрізді) ;

вибриондар (үтір пішінді) .

Slide 10

Бактериялардың қоректену типтері

Автотрофты Гетеротрофты

Ауада өмір сүреді

Оттексіз ортада өмір сүреді

Күн сәулесінің энергиясын пайдаланады(цианобактериялар)

Бейорганикалық заттар энергиясын пайдаланады

(күкіртбактериясы, темірбакте-риясы)

Сапрофиттер- өлекселарді ыдыратушы

Паразит-тер- тірі ағза денелерінде тіршілік етеді

Симбиоздар

Slide 11

Бактериялардың тыныс алу жолдары:

Аэробты - оттекті ортада тыныс алады.

Анаэробты - оттексіз ортада тыныс алады.

Slide 12

Бактериялардың көбеюі:

Бактерия жасушалары әр 20-30 минут сайын екіге бөлінеді

Slide 13

Спораларының пайда болуы

Қолайсыз жағдай туғанда (су, тамақ жетпегенде, температура төмендегенде) бактериялар тыныштық күйге көшеді.

Споралар өте төзімді, олар қайнатқанда, құрғатқанда, төмен температурада сақтала алады.

Slide 14

Бактериялардың көп түрлілігі:

Бактерия сибирской язвы

бактерия вызывает заболевание туберкулёзом.

Бактерия холеры

Бактерия молочнокислого брожения

Бактерия дифтерии

Бактерия стафилококка

Slide 15

Бактериялардың табиғаттағы және халықшаруашылығындағы маңызы.

Slide 16

Метан түзушілер

Күкіртбактериялары

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Туберкулез таяқшасы

Стафилококкалар

Ішек таяқшалары

Slide 20

Бекіту сұрақтары:

Тест.

1. Бактериялар қандай ағзаларға жатады:

а) көпжасушалы; 6) біржасушалы.

2. Бактерия жаушасында не жоқ:

а) ядро б) цитоплазма

3. Бактерия споралары не үшін қажет:

а) көбеюге;

б) қолайсыз жағдайдан қорғануға.

4 Өзіне қажет органикалық заттарды бейорганикалық қосылыстардан алатын бактериялар қалай деп аталады:

а) автотрофтар; б) гетеротрофтар

5. Таяқша пішінді бактериялар:

а) спириллалар

б) бациллалар

Slide 21

Рахмет!

Үйге тапсырма:§3 оқу, сұрақтарға жауап беру. ”Ауру тудырушы бактериялар” атты эссе жазу.


Ұқсас жұмыстар
§45 Қосжақтаулы ұлулар: айқұлақтар мен мидиялардың құрылысы, тіршілік процестері және табиғаттағы маңызы
Жорғалаушылар класы: дене құрылысы, тіршілік әрекеті және отрядтары
Бактериялар: құрылысы, қоректенуі, көбеюі және экологиялық-өндірістік маңызы
ДНҚ молекуласының құрылысы және оның ашылу тарихы: оқу тапсырмалары
Жасушаның құрылысы, тіршілік қасиеттері және жасуша теориясының даму тарихы
Озонның табиғаттағы таралуы, құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері мен маңызы
Витаминдер: анықтамасы, адам ағзасы үшін маңызы, классификациясы және ашылу тарихы
Витаминдер: маңызы, ашылу тарихы және майда мен суда еритін кластар
Сапрофитті бактериялар мен цианобактериялардың экологиялық және шаруашылықтық маңызы
Папоротниктәрізділер мен қырықбуынтәрізділер: құрылысы, классификациясы және табиғаттағы, фармациядағы және медицинадағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz