Абайдың қонағы кім


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Мұхтар Әуезов

«Біржан сал Абай ауылында »

( «Абай жолы» романынан үзінді) (1-сағаты )

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. Сонымен қатар А. Құнанбаев пен Біржан салдың да өмірінен қысқаша мәлімет беру. «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесін оқыта отырып, түсіндіру, талдау жасату

2. Дамытушылық:

Өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелеу. Белсенді жұмыс істеуге машықтандыру. Оқушылардың ұшқыр қиялын туғыза отырып, өз ойын дәлелді, нақты жеткізе білуге, оны қорғай білуге жетелеу.

3. Тәрбиелік:

Шығарманы оқыта отырып, өнерлі Біржанның елге құрметін, өзінің өнерімен елге қадірін үлгі ете отырып тәрбиелеу.

Slide 3

Үй тапсырмасын тексеру

Балалар, өткен сабағымызда

І. Жансүгіровтың «Анам тілі», «Домбыра» шығармаларымен таныстық.

«Әдебиет әлемі» журналында жаңа сабақты талқылауға арналған

тапсырмалар берілген.

Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық.

Slide 4

Сызықтық диктант

1. І. Жансүгіров 1894 жылы дүниеге келген

2. “Далада” шығармасының авторы - І. Жансүгіров

3. Ілиясқа әкесі Абай, Шернияз, Махамбет

ақындардың шығармаларын оқытып жаттатады.

4. Ілиястың “Жастар”, “Жалпы жасқа”,

“Жас бұлбұлдарға”, “Жастар ұраны” сияқты

өлеңдерінде жастарды оқуға, білімге шақырады

5. Жансүгіровтың “Мен кім?”, “Қазақ тілі” атты

шығармалары бар

Ілияс әкесінен жазуды, оқуды, етік тігуді,

домбыра тартуды үйренеді

+ Иә /\

- Жоқ -

Slide 5

Дұрыс жауабы

+-++-+

/\_/\/\_/\

Slide 6

1-бет. «Армысыңдар, ақжүректерім!»

Бүгінде еліміз айрықша мереке - тәуелсіздігіміздің 22 жылдығын тойлауда. Тәуелсіздік әрбір қазақстандық үшін мәні мен мазмұны терең, баға жетпес басты байлығымыз. Оны сіздердің балғын жүректеріңіз жете түсінеді деп есептейміз. Еркін елдің бүгінгі ұландары азат Отанымыздың елтұтқа азаматтары болады деп барша жұрт сенеді.

Бас редактор

Slide 7

- Тәуелсіз еліміздің терең тарихы, бай әдебиеті мен қазыналы мәдениеті бар екенін білесіздер. Еркіндікті, азаттықты аңсаған талай арыстарымыз өтті. Елін, жұртын білім, ғылымға, өркениетке шақырған талай тұлғалар болды. Сондай тұлғалардың ішінде шоқтығы биік екі тұлғамен таныспыз. Олар кімдер еді?

Slide 8

Мұхтар Омарханұлы Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

Slide 9

1923-1926 жылдары «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімелері жарық көреді. 1923-1928 жылдары Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Одан кейін Ташкентте Ортаазия мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданады. Ленинградта оқыған соңғы жылында «Қараш-Қараш» пен «Көксерек» атты повестерін дүниеге әкеледі

Slide 10

Мұхтар

Әуезов

ойшыл

жазушы

зерттеуші

педагог

драматург

Қоғам қайраткері

ғалым

Әдебиет-танушы

Slide 11

«Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді».

( Н. Погодин)

«М. Әуезовтің құдіретті талантынан туған тамаша шығармалар даланың ақ арай таңындай жайнап, қазақ халқымен қатар, көршілес халықтарды да шүлен шұғыласына бөледі»

(Шыңғыс Айтматов)

«Мұхтар Әуезов - кейіпкердің характер мен портретін жасауға шебер жазушы»

(Айқын Нұрқатов)

Slide 12

Абай Құнанбаевтың

өмірі бойынша сұрақтар:

Абайдың шын аты кім?

Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

Әкесі, шешесі, әжесі кім?

Абайды кім тәрбиелеген?

Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Абайдың шәкірт -інісі кім?

Slide 13

Абай Құнанбаев жайындағы видеоматериалды тыңдау.

Slide 14

Біржан сал Қожағұлұлы-Әйгілі қазақ ақыны, сазгер. Көкшетау өңірінде дүниеге келген.

Бойында әншілік дарыны бар, домбырада шебер ойнайтын Біржан жастайынан қазақ даласына танымал болған. Ол бірегей сазды-поэтикалық шығармаларды дүниеге келтірген. Ел аралап, алуан түрлі айтыстардың ортасында жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған.

Рулық-патриархалдық әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, жырына әйел теңсіздігін, әлеумет күйін арқау еткен өнерпаздың өмірі қиындықтар мен мұқтаждыққа толы болды. Қуғынға ұшырап, руарарлық қақтығыстардың куәгері болып, ауруға шалдыққан ол 1897 жылы қайтыс болды.

Біржан шығармаларында махаббат тақырыбы негізгі орын алады. Осы тақырыпта оның "Айтбай", "Ғашығым", "Ғашық жар", "Ләйлім-шырақ" т. б. шынайы сыршылдықтан туындаған өлеңдерін атап айтуға болады.

"Орынбор әнінде" жан серігі домбыраны жырлайды.

Slide 15

3-бет. «Сиқырлы сандықша» ойыны

Ойынның шарты:

Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен әңгіме бойынша құрылған өз сұрақтарын салады. Сұрақтар араластырылады.

Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап оқып неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

Slide 16

4-бет. «Қыр-сыры мол дүние» немесе "Ой жинақта, түйінде, жоспарла"

Сіздер аталмыш шығарманы қандай бөлімдерге бөлер едіңіздер? Ұсыныстарыңызды жазып жіберіңіздер.

Біздің ұсынысымыз

Notes: Біздің ұсынысымыз

Slide 17

5-бет «Қос жазба күнделік» әдісі

Қатты әсер еткен үзінді

Бұл жайлы менің пікірім

Сұрақ

Slide 18

6-бет. Мәтінмен жұмыс /Блум жүйесі бойынша мәтінге талдау/

Абайдың қонағы кім? Әңгіменің негізгі тақырыбы, авторлық идея.

Демін тартып тыңдап қалған Абай. Абайдың көңіл-күйін суретте.

«Жанбота» әнінің авторы кім?

«Жанбота» әнінің шығу тарихы.

Өнерлі жастар кімдер?

/Әмір, Оралбай, Керімбала, Үмітей, Әйгерім/

Қандай әндер шырқалды?

/ «Жанбота», «Жиырма бес», «Гауһартас», «Баянауыл», «Жамбас сипар» т. б. /

Slide 19

7-бет. «Кейіпкерлер әлемі»

Мәтіндегі басты кейіпкерлердің бейнесін ашыңыз. Бұл үшін “Тұжырым” кестесін толтырып, бізге жолдаңыздар.

І топқа:

Өнер иесі

Портреті

Орындаған әні

Абай

Әйгерім

ІІ топқа:

Өнер иесі

Портреті

Орындаған әні

Біржан

Әмір

Slide 20

8-бет. «Ойлан да тап!»


Ұқсас жұмыстар
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы кейіпкерлерге мінездеме беру
Тапқыр достар ойыны жайлы ақпарат
Құдайы қонақ
Бақыт дегеніміз - денсаулық
Абайдың табиғат лирикасы жайлы
Онысы - әжесі
Абай жолы
Абайдың лирика лирикасы
МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН - ЭПОПЕЯСЫ ҚАЙ ЖЫЛЫ ЖАРЫҚҚА
М. Әуезовтің Абай жолы роман – эпопеясындағы кейіпкерлер келбет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz