ДИСКРЕТТІ СИГНАЛ
Презентация қосу
ДИСКРЕТТІ СИГНАЛ
Орындаған:Айтбаева Л.
Тобы:ЕТБҚ-23
Тексерген: Ташенова Ж.
АНАЛОГТЫ, ДИСКРЕТТІ ЖƏНЕ
САНДЫҚ СИГАНАЛДАР
Бастапқы физикалық сигнал уақыттың
үздіксіз функциясы болып табылады жəне
аналогты (analog) сигнал деп аталады.
Сандық өңдеулер үшін аналогты сигнал
дискретті сандық тізбекке(discrete series)
түрлендіріледі. Жеке (дискретті) уақыт
мезгілінде сигналдың мəніне сəйкес келетін
санды сигналдың санағы (samples) деп
атайды.
Есептеуіш қондырғыларда санақтар екілік сандық
(мысалы, 0110…),шекті жиындар түрінде
жазылады яғни, міндетті жуықтаулар болады.
Санақтардың сандық өрнектелуі деңгей бойынша
квантталу (quantization) деп аталады. Сондықтан
сигнал уақыт бойынша дискретті, ал бірақ деңгей
бойынша квантталмаған болса дискретті деп
аталады, ал сигнал деңгей бойынша квантталған
болса - сандық (digital) сигнал деп аталады.
НАЙКВИСТ ЖИІЛІГІ
Гармониялық сигнал толығымен дискретті
санақ арқылы қалыптастырыла алады.Ол
үшін оның жиілігі дискреттеу жиілігінің
жартысынан (Найквист жиілігінен, (Nyquist
frequency) аспауы қажет.
Мұны синусоиданың екі көршілес амплитудалары
арасындағы бірнеше санақтарды
байланыстыратын жазық сызықтармен
байланыстыру арқылы көруге болады. Үш жағдай
болуы мүмкін:
f
Бірінші жағдайда гармониялық сигнал жиілігі
Найквист жиілігіне қарағанда кіші жəне дискретті
сигнал аналогты сигналды дəл бейнелейді. Екінші
жағдайда аналогтық сигналдың жиілігі
сақталады, бірақ амплитуда мен фазасы
ауытқиды. Үшінші жағдайда қайтып тұрғызылған
аналогтытық сигнал бұрынғыша гармониялық
болады, бірақ өзге жиілікте болады. Бұл жалған
жиіліктің (aliasing) пайда болуы деп аталады.
Дискреттеу жиілігінің аздығынан (видео-түсіру
кадрларының ауысу жиілігі) тез айналатын
дөңгелек қозғалыссыз, немесе кез келген бағытқа
ақырын бұрылып бара жатқан болып көрінуі
мүмкін.
Үзіліссіз сигнал — уақыт бойынша бөлінбей
жүретін ток күшімен (немесе кернеумен) берілетін
сигнал. Үзіліссіз
сигналдар: детерминал немесе кездейсоқ
сигналдар және периодты немесе периодсыз
сигналдар болып бөлінеді. Қарапайым үзіліссіз
сигнал — синусоидалы, гармоникалық сигнал.
Дискретті сигнал — бөлек-бөлек үзілісті
сигналдардан тұратын сигнал. Үзіліссіз (аналогты)
сигналдарды кодалау, яғни сандық сигналдарга
айналдыру үшін оларды үзіп, дискреттейді.
Дискретті сигналдар периодты, периодсыз болып
және түрлеріне қарай тіктөртбүрышты,
үшбұрышты, қоңырау тәрізді,
экспоненсиалды болып бөлінеді.
Теориялық негіздері, СЦӨ іске асырудың
аппараттық және программалық құрылғылары,
аппаратты автоматтандырылған жобалау
құрылғылары мен жүйелері, базада принципті
жаңа идеология мен технологияларын жоғарыда
көрсетілген жүйелер мен құрылғыларды
тұрғызуды анықтайды. СЦӨ құрылғысы мен
әдістері көптеген заманауи басқару жүйелері мен
байланыстың міндетті бөлшегі бола отырып,
жоғары технологиялылықты, габариттердің
айтарлықтай төмендеуін, сипаттамалары мен
икемділіктерінің ұқсастығын (жылдам орнату мен
сигналдарды қабылдау шарттарына бейімделу
мүмкіндігі) қамтамасыз етеді.
СЦӨ дискретті сигналдардан шығатын сандық
сигналдармен да қатысы бар, олар уақыт бойынша
дискретті, күйі бойынша үзіліссіз. Олар
функциясымен сипатталады, мұндағы - санақ нөмірі
0,1,2, Т интервалы – дискретизация периоды, ал Т
кері шама - дикретизация жиілігі. Сандық
сигналдардың дискретті сигналдардан
айырмашылығы уақыт бойынша дискретті ғана
емес, күйі бойынша да дискретті, олар кейбір соңғы
интервалдардан тек соңғы сандарын ғана қабылдай
алады. Бұл мәндер квантталу деңгейлері, сәйкесінше
функциялары – кваттық деп аталады. Дискретті
сигнал анализинде нормаланған уақытты қолданған
тиімді Осылайша, дискретті сигналды санақ нөмірі
нормаланған уақыт ретінде түсіндіруге болады.
ТЕСТ
1. Дискретті сигнал деге не?
a) уақыт бойынша бөлінбей жүретін ток күшімен
(немесе кернеумен) берілетін сигнал
b) бөлек-бөлек үзілісті сигналдардан
тұратын сигнал.
c) берілетін хабарды алып жүретін электр
сигналының алғашқы түрі.
d) уақыт бойынша өзгерісі алдын ала белгілі
болатын сигнал
g) әр түрлі заң бойынша таратылатын
сигналдардың жиынтыгы
2. Үзіліссіз сигнал…
a) уақыт бойынша бөлінбей жүретін ток күшімен
(немесе кернеумен) берілетін сигнал.
b) белгілі бір заңдылықпен өзгермейтін, белгіленген
уақытта қандай болатынын алдын ала айтуга болмайтын
сигнал
c) ықтималдық тығыздыгы уақыт өлшемінің басталатын
жеріне байланысты болмайтын кездейсок сигналдар
d) уақыт бойынша өзгерісі алдын ала белгілі
болатын сигнал
g) белгілі заңдылықпен берілген амплитудалы, берілген
жиілікті және фазалы синусоидалық немесе
косинусоидалық сигналдар
3. Cандық сиганалдар…
a) Берілетін хабарды алып жүретін электр
сигналының алғашқы (көбіне төменгі жиіліктегі) түрі
b) Уақыт бойынша өзгерісі алдын ала белгілі
болатын сигнал
c) Сандық өңдеулер үшін аналогты сигнал
дискретті сандық тізбекке түрлендіріледі
d) Белгілі заңдылықпен берілген амплитудалы,
берілген жиілікті және фазалы синусоидалық немесе
косинусоидалық сигналдар
g) бір спектр ауқымынан басқа спектр ауқымына
ауыстыру үшін пайдаланатын сигнал
4. Деңгей бойынша квантталмаған болса
a)сандық
b)дискретті
с)үзіліссіз
d)кездейсоқ
g)күрделі
5. Деңгей бойынша квантталған болса
a)сандық
b)дискретті
с)үзіліссіз
d)кездейсоқ
g)күрделі
6. Дискретті сигнал түрлері...
a) детерминал немесе кездейсоқ
b) периодты немесе периодсыз
c) синусоидалы, гармоникалық
d) тасушы, кездейсоқ
g) бірінші ретті, арналық
7. Гармоникалық сигнал…
a) уақыт бойынша өзгерісі алдын ала белгілі
болатын сигнал
b) бөлек-бөлек үзілісті сигналдардан тұратын сигнал
c) белгілі бір заңдылықпен өзгермейтін, белгіленген
уақытта қандай болатынын алдын ала айтуга
болмайтын сигнал
d) белгілі заңдылықпен берілген амплитудалы,
берілген жиілікті және фазалы синусоидалық
немесе косинусоидалық сигналдар
g) уақыт бойынша бөлінбей жүретін ток күшімен
(немесе кернеумен) берілетін сигнал
8. Детерминалды сигнал…
a) бөлек-бөлек үзілісті сигналдардан тұратын сигнал
b) белгілі заңдылықпен берілген амплитудалы,
берілген жиілікті және фазалы синусоидалық немесе
косинусоидалық сигналдар
c) уақыт бойынша бөлінбей жүретін ток күшімен
(немесе кернеумен) берілетін сигнал
d) белгілі бір заңдылықпен өзгермейтін, белгіленген
уақытта қандай болатынын алдын ала айтуга
болмайтын сигнал
g) уақыт бойынша өзгерісі алдын ала белгілі
болатын сигнал
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz