Экономикалық әлеуметтану


Slide 1

“Астана медицина университеті”АҚ

Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану

Орындаған:Сембаева Г. К.

Тексерген:Қалменова Б. Т.

2011 Астана

Презентация

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Экономикалық әлеуметтану .

2. Экономикалық әлеуметтанудың даму тарихы.

3. Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе.

Экономикалық өмірге социологиялық тұрғыдан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру, біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т. б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық социология экономиканы ондағы әреект етуші әлеуметтік топтардың белсенділігімен, олардың мүдделерімен, жүріс-тұрысы мен өзара әрекеттесуімен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды.

Slide 4

Экономикалық социологияның іргелі ұғымдарына ең алдымен экономикалық жүріс-тұрыс, экономикалық әрекет, экономикалық сана мен ой, экономикалық мәдениет, шаруашылықты ұйымдастыру, экономикалық институт және басқалар жатқызылады. Экономикалық және социологиялық ғылымдардың бір-бірін толықтыруы нарықтық құбылыстарды зерттеудің өзектілігінің жоғарылау деңгейіне қарай нарықтық терминология экономикалық социологияға жақындай түседі. Олар нарықтық экономика, жақсы тұрмыс экономикасы, формальді және формальді емес экономика, жеке меншік, жекешелендіру, индивидтер мен шаруашылықтардың нарықтық жүріс-тұрысы, жұмыспен қамту және жұмыссыздық, еңбек нарығының икемділігі және т. с. с.

4

Slide 5

Экономикалық әлеуметтану.

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының, қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін теория. Бұл теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестермен тығыз байланысының негізінде пайда болған. Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды, осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда, беделде болады. Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды. Ал, экономикалық жүйеде - өндіріс - бөлу - айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс». Нарық дегеніміз - тар мағынада - азық - түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.

Slide 6

Т. И. Заславская және Р. В. Рывкина экономикалық социологияға “қоғамдық өмірдің екі - экономикалық және әлеуметтік салаларының өзара байланысын тиісінше екі жақты - экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланыстары негізінде зерттейтін ғылым” деген анықтама береді . Әлеуметтік саланы олар қоғамдағы топтардың жағдайының әр текті болуымен байланысты әлеуметтік теңсіздік қатынастарының саласы деп түсіндіреді.

Slide 7

А. И. Кравченко экономикалық социология - ол қоғам өмірінің түрлі салаларының (өндірісте, айырбаста, бөліп беру мен тұтынуда) үлкен әлеуметтік топтардың өнімдері ретінде адамдардың жүріс-тұрысы жайлы ғылыми білім жүйесі деп санайды. Ол экономикалық әрекеттің көрінуінің формаларын және адамдардың экономикалық мүдделерін білдіруді, сонымен қоса адамдарға экономикалық институттардың (жеке меншік, еңбек бөлінісі, тауарлар мен еңбек нарығы, қаржы институты т. б. ) ұзақ және қысқа мерзімді әсер етудің механизмдері мен құрылымдарын зерттейді

Slide 8

Экономикалық социологияның негізгі міндеті - экономикалық құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін индивидтер мен әлеуметтік топтардың мүдделері, мүмкіндіктері тұрғысынан социологиялық түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін зерттеу болып табылады.

Экономикалық социология бізге экономикалық дамудың әлеуметтік механизмдерін біртұтас жүйе ретінде тереңірек түсінуге жол ашады; нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен қызмет етуі жағдайында адамдардың экономикалық іс-әрекеті; шаруашылық және қаржы институттарының қалыптасуына саяси және әлеуметтік әрекеттердің, қоғамдық пікірдің, діл (менталитет) пен мәдени дәстүрлердің әсерін ашу.

Slide 9

Экономикалық әлеуметтанудың тарихи дамуы

Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болған. Алайда мұндай білімнің теориялық сипаты ХVІІІ ғасырда бастау ала бастады. Бұл уақытта философтар Шарль Луи Монтескье, Клод Гельвеций, экономистер Адам Смит, Томас Роберт Мальтус, Жан Шарль Сисмондидің, философ және социалист-утопистер Уильям Годвин, Анри Сен-Симон, Шарль Фурьенің ойлары құнды болды. Осы кезеңнің өзінде тәжірибешілердің, өндірісті басқарушылардың экономикалық-социологиялық білімге жүгінген алғашқы жәйттері пайда бола бастады. Бұл тұрғыда ең жарқын мысал - Роберт Оуэн.

ХVІІІ ғасырда экономикалық социологияның дамуының “философиялық-экономикалық” кезеңі аяқталып, өзіндік “социологиялық” кезеңі басталды

Slide 10

Огюст Конт (1798 - 1857) - француз социологы және философы. Ол дәстүрлі философиядағы дерексіз конструкциялар мен заңдық ойлардағы шашыраңқы эмпирикалық байытуларға қарағанда қоғамдық өмірдегі диахроникалық және синхроникалық аспектілердегі құбылыстарды ғылыми зерттеп білуді ескере отырып “социология” ұғымын енгізді.

О. Конт қазіргі заманды анықтап-тануға талпыныс жасап көрді. Ол жаңа әлеуметтік тәртіптің бірқатар ерекшеліктеріне көңіл аударды: 1) еркін кәсіпкерлік пен бәсекелестікке негізделген экономикалық жүйенің қалыптасуы; 2) жұмыс күшінің қалады шоғырлануы; 3) өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану; 4) басшылар мен жалдамалы жұмысшылар арасында жасырын немесе ашық қарама-қарсылықтың пайда болуы; 5) әлеуметтік теңсіздіктің күшейе түсуі; 6) табыс табуға бағыт ұстану.

Конт индустриалдық қоғам мен өндірістің адамға және мәдениетке әсер ету теориясын дамытты. Оның теориясы бойынша өндіруші мен ойлап табушының түйсігі өрлеуді тудырады. Өндірістің дамуы адамның өмір сүруін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге тұлғаны жоққа шығарады және әлеуметтік тәртіпті бұзады.

Slide 11

Карл Маркс (1818 - 1883) - неміс социологы, философы және экономисі. Ол жасаған қазіргі заманғы капиталистік қоғамның бейнесі кең тарады. Маркс капитализмге күшті сыни және идеологиялық сипат берді.

Маркс көтерген ең танымал тақырып “жатсыну” болып табылады. Маркстың пайымдауынша, адамдар табиғатынан еркін, үйір және жасампаздыққа бейім. Алайда, адамның табиғи мүмкіндіктерінің көрінуіне кедергі болатын белгілі бір тарихи жағдайлар туатын болса, онда олар табиғи бейімділіктерінен айырылып қалады. Мұндай парасаттан жұрдай қалатын жағдайлар қоғамдағы барлық топтар тарапынан болады, атап айтқанда қазіргі капитализм көптеген адамдарды тәуелділікке айналдырып, оларды қинап, экономикалық механизмнің жатсынған бөлшегіне айналдырып жіберді. Өз еңбегін және оның өнімін бақылаудан айырылған жұмысшы жатсына бастайды, өз еңбегінен, айналасындағы адамдардан және ақырында өз-өзінен шеттеле бастайды. Маркс атап кеткендей, жұмысшы еңбек процесінде өзін орнықтыра алмайды. Керісінше, өзін жоққа шығарып, бақытты емес, бақытсыз деп санайды. Ол үшін - еңбек дене және ақыл-ой күштерінің еркін ойыны емес, қаны мен сүйегін жансыздандыру және сананы бұзу. Сонымен, жатсыну социоцентристік серпіндердің (өзімшілдік, атомизация), шығармашылықтың жоқтығының (кертартпалық, еңбектің бір сарындылығы), күшеюіне, әрекеттерді бақылаудан (енжарлық), дербестіктен (адамдарды басқарушы заттар фетешизмі), бас тартуына бара-бар. Адам табиғаты өз мәнін жоғалтып алады. Оларды қалпына келтіру жатсынудан арылған жағдайда ғана мүмкін болады, ал оны тудырушы әлеуметтік жағдайлардың төңкерісін, тапсыз коммунистік қоғамның орнауын талап етеді

Slide 12

Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын социологы және экономисі, өз еңбектерінде әлеуметтік даму және әлеуметтік эволюция мәселелеріне баса назар аударды. Ол “әскери” және “өндірістік” қоғамның полярлық қарама-қайшылық үлгісін жасай отырып, қазіргі қоғамға дәстүрлі қоғамды қарама-қарсы қояды. Спенсер жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін ашты. Олар - дамудың, қиратудың және реттеудің шешуші фокторлары болып саналатын әлеуметтік күрес пен бәсекелестік. Міне осылар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтардың ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Жеңіске жеткендер меншік иелерінің тобын құрады, ал жеңіліс тапқандар - жалданбалы жұмысшылар т. б. қалыптастырады; жеңілгендердің ерте ме кеш пе абырой сезімі оянады және оның салдарының бірнеше нұсқасы болады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Саяси әлеуметтану
ДӘРІС Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары
Әлеуметтану теориясы
Әлеуметтану ғылымының түсінігі
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛУМЕТТАНУ
Аумақтық Жаһандану - мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі
Экономика - қоғамдық және жеке кажеттліктерді қанағаттандыру және материалдық игіліктер үшін жасалатын адам қызметінің бөлімі
Экономикалық әлеуметтанудың пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz