Естен танудың белгілері


Slide 1

Естен тану-қатты күюдің, қансыраудың, қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс. Сондай-ақ естен тану жағдайын іштен көп қан кету де тудыруы мүмкін.

Естен танудың белгілері

Әлсіздік, тамыр соғысының жиіленуі (минутіне 100-ден астам соғу жиілігі)

Салқын тер шығу, көгіс тартып, мұздап, дененің тершуі;

Қан қысымының күрт төмендеп кетуі;

Ақыл-естің ауысуы; әлсіздік немесе талып қалу.

Slide 2

Күйік-деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.

Адам денесіндегі терісінің, етінің, сүйегінің күйік шалуының мөлшеріне, қауіптілігіне байланысты күйік төрт дәрежелі.

Бірінші дәрежелік күйік.

Мұнда тері қызарады, іседі және ауырады. Ешқандай тыртық қалмай, тез жазылып кетеді.

Көрсетілетін көмек: егерде күйіктің орнында басқа жарақат болмаса, күйген теріні таза сумен жуады, зақымданған жерді спирт, арақ немесе әтірмен, әлсіз (сұрғылт көк) марганец қышқылды калий ерітіндісімен сүртеді, стерилденген құрғақ таңғышпен орап тастайды.

Екінші дәрежелік күйік. Оған шалдыққанда, күйген жер қызарады, күлдіреп ісінеді. Күлдіріктердің ішіне су толады. Күйіктің бұл дәрежесінде емдеу мекемелеріне қаралу қажет. Оған дейін сақтық шараларын да қарастырған жөн.

Көрсетілетін көмек: зақымданған жерді стерилденген құрғақ таңғышпен орап немесе стерилденген бинтпен жауып ұстайды. Бұл мақсатқа арнайы пакеттерді пайдаланады. Есте болатын жағдай: күлдіреп тұрған жерді өз бетімен жармайды, кез-келген дәріні жағуға болмайды, үйдегі дәрі-дәрмектерді пайдаланбайды. Өйткені, бұл күйік жарақатын ластайды, содан оны емдеу қиынға түседі. Мұның бәрі күйікті емдеу мекемесіне көрсеткенше жасалатын сақтық шаралары.

Үшінші дәрежелік күйік. Тері ғана емес, оның астындағы тіндер де зақымданып, күйген жер жансызданады.

Көрсетілетін көмек: күйікті дереу емдеу мекемесіне жеткізу, алғашқы медициналық көмек шақыру қажет. Дәрігер емес адамдардың ем қолдануына болмайды.

Төртінші дәрежелік күйік. Мұндайда тін шала күйеді, қараяды.

Көрсетілетін көмек: мүмкіндік болса тездетіп емдеу мекемесіне жеткізген дұрыс.

Slide 3 Slide 4

Алғашқы көмек көрсетілерде

Адам күйіп қалғанда ең бірінші атқарылатын шаралар: Күйік дәрежесін, күйдіру көздерін анықтау қажет. Күйік дәрежесі адамның көңіл-күйіне, қиналуына, денсаулығының нәшарлауына, жараның көлемі мен тереңдігіне байланысты белгілі болады.

1. Егерде тері бетінің 10 пайызы күйсе: науқас мазасызданады, тыныс алуы, тамырының соғуы жиілейді, жүрегі айныйды, шөл қысады. Ол бірнеше күннен кейін басылады. Әрине, оны емдеу шаралары жеңілдетеді.

2. Адам денесінің 20 пайызы күйсе: қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы нәшарлайды, тынысы тарылады, орталық жүйке жүйесінде өзгерістер туады. Кейде адамның естен тануы (шок) мүмкін. Күйген жерге микроб түссе, адам бойында сепсис ауруы пайда болады. Ол күйік шалған адамның жағдайын одан әрі нәшарлатады.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілер алдында күйдіру көзін анықтап, оған себеп болған заттарды дереу жойғаннан соң, адамнан күннің көзін көлеңкелейді. Киімі жанып жатса, сумен сөндіреді, күйген адамды кез келген қалың матаға орайды. Көбінесе, киімі күйген адамдар оттан қашамын деп жүгіріп, жел киіміндегі оттың одан әрі жануына себеп болып, адам одан сайын қатты күйеді. Осы есте болсын. Жалпы, күйген жердің киімін жұлмаламай, ептеп кесіп алады.

Slide 5 Slide 6

Үсік -тәуліктік орташа температура 0°С-тан жоғары кезде түнде немесе таңертең, көктемде немесе күзде ауа температурасының теріс мәнге дейін төмендеуі.

Кенеттен түскен аяз, жоғары ылғалдылық, суық жел, далада ұзақ уақыт жүріп қалу - үсудің себептері негізінен осылар.

Бет пен құлақ үсуі

Жиі жағдайда далада ашық қалатын бет, мұрын, құлақ зардап шегеді. Ашық жерлердің үсуінің бірінші белгісі ашуы мен шаншуы. Далада жүргенде бет пен құлақтың қызаруы - қалыпты жайт, бұл қан тамырларының қосымша жұмысының белгісі ғана. Алайда бетіңіз қатты қызарып, тіпті күлгін түсті болып кетсе, немесе аппақ болып, қызғылт-күлгін дақтар пайда болса, тезірек жылынуыңыз керек.

Бұл - үсудің белгілері.

Қол-аяқтың үсуі

Саусақтардың шаншып ауруы, ұйып қалуы қол-аяқтың үсуін білдіреді. Тіпті қалың етік пен қолғап қатты аяздан қорғай алмауы мүмкін, саусақтарыңыз ылғалдық, қар әсерінен тоңып қала алады. Оған қоса қыста қабаттап шұлық кию етікті тар қылып, қимылдауға мүмкіндік бермеуі де аяқтың тез үсуіне өз ықпалын қосады.

Slide 7

Жарақаттар-бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек дегенiмiз-зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.


Ұқсас жұмыстар
ТАҢҒЫШТАР ЖҰМСАҚ ТАҢҒЫШТАР
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
Жедел қан жетіспеушілігі
Оқыстан болған жағдайлардан азап шеккен адамдарға 1 ші көмек көрсету
Бинтті таңулар
Таңғыш материал пішіндері
Сенің әрекеттерің
Жарақаттар. Жарақат ұғымы
Көздің жарақаттануы
Компрессті таңулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz