Ежелгі мәдениет пен өркениет



Ежелгі мәдениет пен өркениет

Жоспары:
1. Ежелгі грек мәдениеті
2. Ежелгі Қазақ мәдениеті мен өркениеті
3. Ежелгі египет өркениеті


Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр. Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарың мекендеген тайпалардың өркениеті ерекше тарихта орын алды. Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы Пелопоннес түбіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп аталынды. Крит-найзағай тәңірі Зевстің туған жері, аңыз бойнша Гректің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы асқан сұлу Еуропаны алады, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туылған. Атақты Геракл жайлы да аңыз осы аралмен байланысты.
Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен «Гомер кезеңі» деп аталынады. Қазба дүниелерден талдау жасағанда Гомерлік кезеңнің IX-XIII ғ. рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастаған. Өмір үшін күрестің яғни күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар -деген өмірлік қағидаларға грек философы Протогор былай деген «Адам - бар дүниенің өлшемі». Дегенмен адамнан гөрі құдiретті құдайлар бейнелерінің көптен берілуі - грек мифологиясына тән қасиет болып саналады. Гомер дәуірінен келіп жеткен - аю өрнектер, құмыралар, қоладан жасалынған құмыралар, мүсіндер жатады. Құмыраны әшекейлер үшін геометриялық стильді қалыптастырды.

Ежелгі Спарта
Спа́рта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) - ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б. з. б. 6 - 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б. з. б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялыұ мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б. з. б. 10 - 9 ғасырларда басқа жерде - Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б. з. б. 8 - 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары - спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар - илоттар өң- деді.
Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы - периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.
Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.
Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б. з. б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б. з. б. 431 - 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б. з. б. 371 - 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б. з. б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті
ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары - ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады. Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.

Қазақтың мәдени мұралары


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz