Аллаға шүкір



Иманды ұрпақ - ұлт болашағы
Ислам - дін ғана емес, ол біздің иманымыз және мәдениетіміз.
Н. Ә. Назарбаев

Мақсаты:
Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе - жас ұрпақтың жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру, экстремистік көзқарастардың орын алуына жол ашатын саңылауды жабу;
Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс - тіршілігіндегі рухани құндылықтарынының көркем мәтіндеріндегі яғни Абай сынды ғұламаларымыздың өлең, қарасөздері арқылы мән - маңызын саралау, түсіндіру.
Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт - дәстүр, әдет - ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып оқушы бойына сіңіру.

Мейрамбек Бесбаев. Иман
Ойының терең түбінен
Қай ақын маржан сүзбеген
Өмірдің басы даңғыл жол
Өмірдің соңы құз деген.
Жастығың келер қөктем боп
Қарттығың келер күзбенен
Адымның бәрі жолаушы
сарылып бақыт іздеген
Алладан пәрмен келген күн
Қайтармыз бізде сол күні
Бабалар қайтқан ізбенен
Қыс келсе күтер жаз алда
пенде де бітпес әз арман
Құл сүйгіш Алла ешкімді
Тыс калдырмайды ау назардан
Алланы зікір еткеннің
Жүрегі таттан тазарған
Бөленер Хақтың нұрына
Оянған намазға азаннан
Ахыретке жауап дайында
Құтылмас ешкім ажалдан
Дүние ешкім әкетпес
қызылда жасыл базардан
Тақуа талай даналар
Иманың жайлы сөз қылған
Адамның жауы ібіліс
Нәпсіңді елітіп қоздырған
Адалдығыңды кірлетіп
Адамдығыңды тоздырған
Иманың жалғыз жолдасың
Қолыңды көкке создырған
Жаныңды нұрға бөлеген
Атыңды жұрттан оздырған
Бес күндік жалған тірлікте
Біріңді бірің бағалап
Қызғаныш отын жандырма
Қайтесің босқа табалап
Патшаға берсін тау биік
Жұртыңа берсін қанағат
Қыз ұлыңа ермей жаман ат
Ананың туған тілімен
Бабабның тілі аманат
Пайғамбарға айтып салауат
Ислам жолын тұтынсаң
Ашылар жолың саған ақ
Мыңдаған ғалам иесі
Бір Алла болар саған жақ
Алланың жаусын рақымы
Сіздерге мәңгі жамағат

«Қазіргі кезде ел болашағы - жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ»
Н. Ә. Назарбаев.

Қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен:
Біріншіден - Дін. Ерте ғасырлардың өзінде ұлан - ғайыр қазақ сахарасына кең тарап, жергілікті ұлттардың арасына сіңіп, олардың өмір - тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат діні - Ислам діні.
Екінші тірегі - салт - дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі.
Үшінші тірегі - Ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан - ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.

Ислам дәуіріндегі ғұламалар
Әл - Фараби
Ахмет Йасауи
Жүсіп Баласағұни
Мұхаммед Хайдар Дулати

Қазақтың үш бәйтерегі
Абай Құнанбаев
Ыбырай Алтынсарин
Шоқан Уәлиханов

Аристотель
Сократ
Д. Н. Байрон
И. В. Гёте
Г. Низами
Ә. Науаи
Л. Н. Толстой
А. С. Пушкин


Қайрат Нұртас. Аллаға шүкір
Мекеге барсам сурадым, АЛЛА
Қағбада турсам жыладым, АЛЛА
Тәуелсіз менің елімнің жаққан
Сөндіре көрме шырағын, АЛЛА
Нанынан жедік, суынан іштік
Отаным сенен көрмедім ыстық
Ұрпаққа сені жеткізу ушін
АЛЛА-ның әділ жолына тустік
(Қайырмасы)
Шүкір, шүкір АЛЛА-ға шүкір
Шүкір, шүкір АЛЛА-ға шүкір
Көкте сұңқар, жерде тұлпар
Қарасам біздей бақытты кім бар?
Аллах Уагбар, Аллах Уагбар
Аллах Уагбар, Аллах Уагбар
Уал лил ла хил хамд
Отаным деген пайгамбар сөзі
АЛЛА-ға қолын жайғандар сөзі
Харамга карны тойгандар емес
Иманга журек тойгандар созі
Бабалар еккен балуыз бақта
Бере көр өмир бақытты шақта
Ел жұртым аман, бауырым бутін
Я, АЛЛА, бізді тіл көзден сақта!

. . . Біз адамдарға ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста болуға бұйырдық. Себебі, анасы оны қиыншылықтарға төзе отырып құрсағында көтеріп жүрді. Туғаннан кейін екі жыл емізді. Ей, Адамдар! Алдымен Маған, сосын ата-аналарыңа алғыс айтыңдар!. . .

М. Бесбаев. “Алланың бары ақиқат”
Алладан басқа жоқ тәңір
Мұхаммед - оның елшісі.
Оқысаң құран тәп-тәуір
Жаныңның жалғыз емшісі.
Адамның бәрі - жат бауыр
Заманның сол ғой кем тұсы.
Болуы қиын хаққа құл
Ібіліс болса өршісі.
Жер бетіндегі көп қабір -
Пенденің алған елшісі.
Құлдың да құлдан несі артық
Нәпсісін түгел тиса артық
Намазын оқып бес уақыт
Иманын кәміл жиса артық.
Қиямет күні «Құлым», - деп,
Алланың өзі сүйсе артық
Жаннатта ғұмыр кешерсің
Көңіліңде сонда күй шалқып.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz