Азиядағы мемлекет



Оңтүстік Корея. Мәдениеті және өнері.
www. ZHARAR. com

Корея Республикасы (кор. Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталған, ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея Хангук немесе Тэхан, таңғы балғындық елі, Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы - Сеул. \
www. ZHARAR. com

Бөлінуге дейін.
Корея тарихы б. з. д. 2333 жылы Чосон мемлекетінің (әдетте XIV ғасырда билік құрған Чосон әулетінен айыру мақсатында Кочосон деп атау қабылданған, Ко- префиксі «ежелгі», «ерте», «алдыңғы» деген мағынаны білдіреді) құрылуынан бастау алады. Корей аңыздарына сəйкес Кочосон мемлекетінің негізін Тангун қалаған. Аңыз бойынша Маньчжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік-батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Тангун осындай тайпалардың бірінің басшысы болған және корей ұлтының негізін қалаған. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп, Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын. Кочосон елін б. з. д. 108 жылы қытайдың әйгілі Хань мемлекеті басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрады.
www. ZHARAR. com

Бөлінуден кейін.
Оңтүстік Корея тарихы 1945 жылдың жазында түбектегі билікті бөлісу жөнендегі Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы келісім-шарттың қабылдану сәтінен бастау алады. Келісім-шартта Корея түбегінен өтетін 38 параллельдің оңтүстік бөлігі АҚШ-тың құзыретіне, ал солтүстік бөлігі КСРО құзыретіне өтетіндігі жазылған
Корея Республикасының Конституциясы бойынша жапон басқыншылығы кезінде қудаланған Корея Республикасының Уақытша Үкіметі 1919 - 1948 жылдар аралығында мемлекетте билік құрған заңды үкімет болып табылады. Ел тарихында демократиялық және авторитарлы басқару кезеңдері алмасып отырды. 1948 жылы Ли Сың Ман Оңтүстік Кореяның бірінші Республикасын, яғни алғашқы тәуелсіз үкіметін құрады. Алғашқыда демократиялы ел болған Бірінші Республика 1960 жылдарға дейін автократты басқару жүйесін ұстанды. Қазіргі кезде мемлекет басында Алтыншы Республика билік етуде.
Оңтүстік Корея үкіметі тәуелсіз мемлекет болып құрылған сәттен бастап білім беру жүйесін, экономикасы мен мәдениетін дамытуда үлкен істер атқарды. 1960 жылдары аграрлы саясат ұстанған, кедей мемлекет қазіргі таңда дамыған өнеркәсіптік мемлекетке айналды. Экономикада бұл ғажайыпты «Хангаң өзені бойындағы ғажайып» деген атауға ие.
www. ZHARAR. com

Корей тілі.
Корей тілі - Азияның ежелгі тілдеріне жататын оқшауланған тіл. Кореяның Қытаймен көршілес орналасқандықтан осы елмен байланыс жасайтын болған, өз жазулары болмағандықтан корейліктер мың жылдан аса уақыт қытай иероглифтерін пайдаланаған. Қазіргі корей тілінің негізін салушы Джу Си Гень (1876- 1914 жж. ) болып табылдаы. Ол өзінің қысқа өмірін корей ұлттық тілінің бекітілуіне арнаған болатын. Корей тілінің бірегей фонетикасы, түсінікті грамматикасы мен бай лексикасы бар. Корей жазуы әріптік-буындық және солдан оңға қарай жазылады. Әліпбиі 14 дауыссыз, 10 дауысты әріптерден тұрады.
www. ZHARAR. com

Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері.
Корейліктер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т. б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын атап өтуге тырысады.
Қазіргі корейліктер де олардың ата-бабалары сияқты некеге тұруға ерекше мән береді. Бұл адамның өміріндегі төрт басты оқиғаның бірі және салтанатты түрде өткізіліп, оған барлық руластарының назары аударылады. Неке алдында құда түсу рәсімі өтеді. Күйеу жігіт руластарының ішіндегі үлкендері - әкесі, үлкен ағасы, кейбір жағдайда ғана күйеу жігіттің анасы құда бола алады. Қалыңдықтың ата-анасының келісімін, екі жақ ченчи - некелестіру рәсімін өткізуге келіседі, некелесуді толығымен күйеу жігіт қаржыландырады, бірақ ол қалыңдықтың үйінде өтеді. Ченчи рәсіміне күйеу жігіт пен қалыңдықтың жақын туыстары мен достары шақырылады. Қалыңдықтың туыстарына ерлі-зайыптылар арасындағы адалдықтың белгісі ретінде - қаз, күріштің желімді сортынан жасалған ерекше нан - чалпыпэги, сонымен қатар ақ күріш шелпектер - тимпени ұсыну міндетті болып есептеледі.
www. ZHARAR. com

Тағам дайындау өнері.
Қазіргі корейлердің кулинариясында папты дайындаудың шамамен 40 түрлі әдісі бар және олардың атауы да тиісінше әртүрлі. Корейліктердің тағамдарының ішіндегі куксу, үзбе кеспе сучэби тағамдары негізгі тағамдар болып табылады. Оны бидай, жүгері, қара құмық және картоп ұнынан әзірленеді. Куксуды ұсақтап турап бұқтырылған етпен, көкөніспен, қызыл үгітілген бұрышпен суытылған немесе ыстық сорпамен қоса береді. Қосымша тағамға көже, тұздықты сорпа, қайнатпа, қою ет (балық) сорпасы, кимчхи, көкөніс салаты, майға бұқтырылған және қуырылған ет (балық), қақталған ет (балық), теңіз өнімдері (моллюскілер, трепангілері) тағамдар. Шалғам, орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, баклажан, картоптан дәмдеуіштер қосылған көкөністер, туралған көкөністер мен шөптерден жасалған салаттар чхэ салаттар дайындалады. Ет тағамдарынан сиыр, шошқа, тауық еттері көп қолданылады.
www. ZHARAR. com

Маскүнемдік.
Алкоголь - бұл Оңтүстік Кореяның ежелгі жауы, ал маскүнемдік деңгейі бойынша мемлекет әлем бойынша 7-ші орында. Корейше маскүнемдіктің өз ерекшелігі бар. Корей қызметкерлерінің дерлігі айына бір рет, ал көбі тіпті әр демалыста отырыс жасап, сылқылдатып ішімдік ішуді әдетке айналдырған. Осы іспеттес шаралар хоесик (“hoesik”) деп аталады және мұндай отырыс кезінде көп ережені ұстану маңызды. Мысалы, егер жасы үлкен адам шарап құйып жатса, онда жасы кіші адам стақанды міндетті түрде екі қолымен ұстап тұруы қажет. Егер жасы кіші адам үлкен адамға құйып беріп жатса, онда шөлмекті екі қолымен ұстап құяды. Тек зейнеттегі адамдар және биліктегі адамдар ғана бір қолмен құйып, іше алады. «Hoesik» кезінде тостар бірінен кейін бірі айтылады және бәрі ішуі міндетті. «Корпоративтік мәдениеттің» осы іспетті дәстүрлері үшін Оңтүстік Корея әлем бойынша халықтың жан басына шаққанда ішімдік ішуден 13-ші орында, ал тұтынылатын таза спирттің қайта санағы бойынша әр азаматқа 15 литрден келеді. Азия елдерінің арасында - бұл нағыз рекорд.
www. ZHARAR. com

Қол алысу.
Дөрекі немесе күлкілі көрініп қалмас үшін Кореяда қол алысуды жергілікті ережелерге сай жасау керек. Әлеуметтік деңгейі бірдей адамдар және жақын достар бір қолмен амандасады. Бірақ егер бастық пен қызметкер қол алысып жатса, немесе жас айырмасы үлкен болса, онда үлкен адам қолын ұсынады, ал кішісі оны міндетті түрде екі қолымен қысады. \
www. ZHARAR. com

Белдемшеге қатысы.
Оңтүстік Корея көп жағдайда өте консервативті ел. Бірақ мұның киімге еш қатысы жоқ. Бүгінде кез келген әйел мини белдемше кие алады және оны ешкім қудалап, ала көзімен атпайды. Алайда 1979 жылға дейін Оңтүстік Кореяда әйелдер киімі қатты бақылауда болатын. Ұзындығы тізеден жоғары аспайтын белдемшемен қатар, шаштың ұзындығы да регламенттелген болатын. Жақында, елдің үкімет басшылары БАҚ өкілдері киімдерінің еркіндігіне біраз тосқауыл қою керек деген ұсынысқа қоғам дүрлігіп, үкімет байырғы жеккөріншті дәстүрлерді қайта қалпына келтіргісі келеді деген айыпталулар таңылды.
www. ZHARAR. com

Дәретханалар саябағы .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz