Гук заңы


Slide 1

1. Екі дененің массаларын өзара қалай салыстыруға болады?

2. Масса дегеніміз не? Масса бірлігі ретінде не қабылданған?

Үй тапсырмасы

3. Таразы мен кірлер көмегімен дене массасы қалай өлшенеді?

4. Заттың тығыздығы дегеніміз не? Тығыздықтың бірлігі.

5. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?

6. Pс=7800 кг/м 3 деген нені білдіреді?

7. Массасы мен тығыздығы бойынша дененің көлемін қалай есептейді?

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1 - сабақ

1. Модульдің құрылымын түсіндіру

2. Күш. Деформация. Гук заңы. Динанометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу

3. Сөздікпен жұмыс

4. Қорытынды

10 мин

25 мин

5 мин

5 мин

Сөйлесу

2 - сабақ

1. «Бақытты сәт» ойыны:

І гейм. Бой сергіту

ІІ гейм. Сен білесің бе?

ІІІ гейм. Көсемдікке ұмтылу

ІV гейм. Бас қатырғыштар

2. Қорытынды

43 мин

2 мин

3 - сабақ

1. «Тірек белгілер» ойыны

2. «Ойлан, тап» ойыны

3. «Сен - маған, мен - саған» ойыны

4. «Жұмбақтас» ойыны

5. Қорытынды

15 мин

8 мин

10 мин

10 мин

2 мин

Қорытынды

4 - сабақ

1. «Бас қатырғылар базары» ойыны

2. «Кім алғыр» ойыны

3. Тест

4. Қорытынды

15 мин

15 мин

10 мин

5 мин

Slide 5 Slide 6

Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Күш сандық мәнімен (модулімен) және бағытымен сипатталатын физикалық шама. SI жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. 1 Н - тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш.

Slide 7

Күш

Ауырлық күші

Серпімділік күші

Үйкеліс күші

Slide 8

Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз.

Деформация денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатындықтан, өзара әрекеттесетін екі дене де деформацияланады. Мысалы, қолдың эспандерге әрекетін алайық. Эспандерді созу кезінде қолдың бұлшық еттері қатаяды (деформацияланады), эспандер де деформацияланады, яғни ол өз пішінін өзгертеді.

Деформация

Серпімді

Пластикалық

Slide 9

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады.

Пластикалық деформациядан кейін дене өзінің жаңа пішіні мен өлшемін толығымен немесе жартылай сақтайды және ондай дене пластикалық дене деп аталады.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мұндай деформация серпімді деп аталады.

Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама - қарсы бағытталған жаңадан бір күш пайда болатынын көрсетеді. Бұл күш серпімділік күші деп аталады.

Slide 10

Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635 - 1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни: F=kx

Slide 11 Slide 12

Есіңде сақта!

Әр түрлі материалдардың серпімділік қасиеттері де түрліше болады. Сондықтан Гук заңын кез келген материалға қолдануға болмайды. Ол тек серпімді денелер үшін және деформация шамасы аз болған жағдайда ғана орындалады. Деформация шамасы едәуір көп болғанда, бұл заң орындалмайды, ал тіпті үлкен деформацияларда дене серпімділік қасиетін жоғалтады.

Slide 13

Күшті өлшеу үшін арнайы құралдар - динамометрлер қолданады. Динамометрдің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Серіппеге шкала бойынмен жылжитын көрсеткіш бекітіледі. Қолдың бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қол динамометрі, трактордың, локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы тарту динамометрі пайдаланады.

Slide 14

Егер бір күштің денеге тигізетін әрекеті басқа күштердің сол денеге бір мезгілде тигізетін әрекетіндей болса, онда ол күшті басқа күштердің тең әрекетті күші деп атаймыз. Егер денеге әрекет ететін екі күш бір бағытта әрекет ететін болса, онда ол күштердің тең әрекетті күші төмендегідей болады: FR=F1 + F2 Егер денеге әрекет ететін екі күш қарма - қарсы бағытта әрекет ететін болса, онда ол күштердің тең әрекетті күші төмендегідей болады: FR=F1 - F2

Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Сөздікпен жұмыс

Күш (F) - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Н - күш бірлігі

Деформация - бүліну, бұзылу (латынша)

к- катаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент

Динамометр - грекше динамис - күш, метрео - өлшеймін

FR - Тең әрекетті күш

Slide 19

Үйге тапсырма:

§33. Күш

§34. Деформация

§35. Гук заңы

§36. Динамометр

§37. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу

Slide 20

Шығармашылық тапсырма

Бүктеме жасау (Исаак Ньютон, Роберт Гук)

Өтілген тақырыпқа байланысты мақал - мәтел, нақыл сөздер жинау

Сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, ребустар дайындау


Ұқсас жұмыстар
Серпімділік күші
Деформация. Гук заңы
Гук заңы. Динамометр
Тәжірибелер мәні
Денелерге бір түзудің бойымен әрекет ететін күш
Дененің тығыздығын анықтау
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент
Қатты денелердің қасиеттері
Ньютон заңдары
Қысым тобы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz