Әлемдік психология ғылымындағы негізгі бағыттар мен салалар


Slide 1

Әлемдік психология ғылымындағы негізгі бағыттар

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Ақпараттық технологиялар факультеті

Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт

Инф - 21к

Slide 2

Психология Психология - психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге болады: Психикалық үрдістер - бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім және эмоция, ерік. Психикалық қасиеттер - бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшнліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады. Психикалық жағдайлар (қалып) психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің саласы болып табылады.

Slide 3

Адамзат іс-әрекетінің нақты түрінің психологиялық проблемаларын зерттейтін психологияның салалары:

Slide 4

Еңбек психологиясы адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми (ЕҒҰ) ұйымдастырудың психологиялық астарларын зерттейді. Еңбек психологиясының міндетіне адамның кәсіби ерекшеліктерін, еңбек дағдыларын дамытудың заңдылыұтарын, өндірістік жағдайдың ықпалын анықтау жатады. Еңбек психологиясы бірнеше бөлімдерден тұрады: олар сонымен қатар өз бетінше дербес, бір-бірімен байланысты психология ғылымдарының салалары. Олар: инженерлік психология; авиация; космос психологиясы.

Жас психологиясы әр жастағы адамның психикалық дамуының заңдылықтарын, әртүрлі психикалық үрдістер мен қасиеттерінің қалыптасуын зерттейді. Жас психологиясы мынадай бөлімдерге бөлінеді: балалар психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересектер психологиясы.

Әлеуметтік психология әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін, топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын зерттейді

Slide 5

Педагогикалық психологияның зерттеу пәні адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: оқыту психологиясы; тәрбие психологиясы; ұстаз психологиясы мұғалім мен шәкірттердің арасындағы қарым-қатынасын, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді.

Медициналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармокологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді.

Әскери психология соғыс іс-әрекеттері жағдайында адамның мінез-құлқын, бастықтар мен қармағындағылардың өзара қарым-қатынастарының психологиялық жағын, психологиялық насихаттың және қарсы насихаттың әдістерін, әскери техниканың басқарудың психологиялық проблемаларын зерттейді және т. б.

Slide 6

Заң психологиясы заң жүйесін іске асырумен байланысты психологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы, криминалді психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне қатысушылардың мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалді психология мінез-құлықтың психологиялық проблемаларын және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру және көндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық проблемалары және т. б.

Спорт психологиясы спортшылардың жеке басы мен іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, психологиялық даярлықтың шарттары мен тәсілдерін, спортшылардың жаттығуының және даярлығының психологиялық өлшемдерін, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты психологиялық факторларды зерттейді.

Салыстырмалы психология жануарлардың психикасын зерттейтін психологияның саласы.

Slide 7

Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт

Инф - 21к


Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының қалыптасуы мен даму бағыттары: әлемдік және Қазақстандық аспектілер
Психологияға кіріспе: негізгі ұғымдар, салалар және зерттеу әдістері
Психология ғылымының даму тарихы: әлемдік көзқарастар мен Қазақстандағы қалыптасуы
Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы: негізгі салалар мен өндірістік көрсеткіштер
Жасыл экономика және тұрақты даму: Қазақстандағы бағыттар мен әлемдік тәжірибе
XX ғасырдың екінші жартысындағы психология: когнитивтік, трансперсоналдық және диалектикалық-материалистік бағыттар
Психология ғылымының тарихы, негізгі ұғымдары және қолданбалы салалары
Психология ғылымының қазіргі зерттеу бағыттары мен негізгі салалары
Тұлға теориялары: негізгі тұжырымдар, іргелі авторлар және қазіргі бағыттар
Постимпрессионизм: қалыптасуы, сипаттамасы және негізгі бағыттар мен суретшілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz