Өлшемдердің метрлік жүйесі


Slide 1

Кім білімді, кім жылдам?

Slide 2

Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . тең

Аспап бөлігі құнының жартысына тең

Slide 3

Сызғыштың қайсында бөлік құны 0, 5 см-ге тең.

А-сурет В-сурет

Slide 4

Егер сызғыштың ұзындығы 4 см-ге тең болып және өлшеу дәлдігі 0, 5 см болса, онда сызғыштың өлшеу қателігінің мәні:

А) 4 см

Ә) l =(4, 00 ± 0, 5) см

Б) l =(4, 00 ± 0, 1) см

В) l =(4, 00 ± 0, 25) см

Slide 5

Физикалық шамалар дегеніміз не?

Slide 6

Өлшеулер жаңылысы қандай себептерден туындайды?

Slide 7

Физикада өлшеудің қандай тәсілдері бар?

Тура және жанама тәсілдер

Slide 8

Ш

А

М

А

Л

А

Р

Ең қарапайым өлшеу құралы

Ең қатты дене

Аспан денелері туралы ғылым

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар не деп аталады?

Физика мен техникадағы ең ің ірі 4 жетістігінң бірі

Гипотезаның қазақша мағынасы

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерінің бірі

Slide 9

9

22

15

5

21

11

14

2

18

12

24

7

17

Д

Ү

Т

М

Ж

Ң

Е

Л

І

Е

Е

Л

16

1

8

23

10

25

6

19

4

20

3

26

13

Р

Ө

Р

Й

І

С

Д

К

Е

Ш

І

М

Slide 10 Slide 11

Өлшемдердің метрлік жүйесі

Физикалық шамалардың өлшем бірліктері бірден айқындалған жоқ. Бүгінгі колданылып жүрген бірліктер - тарихи дамудың жемісі.

Ертеде әр ел әр түрлі өлшемдер қолданып келді. Мысалы, казактар ұзындыкты өлшеу үшін: қарыс, елі, суйем, табан, құлаш, шақырым сияқты бірліктерді пайдаланды. Сондай-ақ орыстың 1 верста аралығы 500 құлашқа (саженъ) тең. АҚШ пен Англияда осы уақытқа дейін ұзындықтың миля, ярд, фут, дюйм деген бірліктері қолданылады. Өлшем бірліктердің осындай алақұлалығы бір өлшемнен екінші өлшемдерге өтуді қиындатып, ұзақ есептеулерді талап етеді.

Slide 12

2. Өлшем бірліктердегі жүйесіздік халықтар арасындағы сауда-саттықты қиындатып, өнеркәсіптің дамуына нұқсан келтірді. Міне, осыған байланысты 1793 жылы Франциядаөткен Конвенренцияда «Өлшемдердің метрлік жүйесін» енгізу туралы аса маңызды шешім қабылданды. Оның негізіне ұзындықтың бірлігі метр алынды. Метр эталонында: «Барлық уақытта, барлық халықтар үшін»! деген сөз қашап жазылды. Кейінірек (1875) өлшемдердің метрлік жүйесін көптеген елдер кабылдады. Оның негізінде өлшеулердің барлық салаларын қамтитын Халықаралық бірліктер жүйесі жасалды (1960) . Ол қысқаша SI (фр. Systeme International) деп белгіленеді. Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) жеті негізгі бірлік, солардың ішінде ұзындық бірлігі - метр (м), масса бірлігі - килограмм (кг), уақыт бірлігі - секунд (с) бар. Басқа бірліктер бүлардан шыккан туынды бірліктер болып табылады. Мысалы, аудан бірлігіне - [[квадрат метр] ] (м2) ; көлем бірлігіне - куб метр (м3) алынады.

Slide 13

3. Өлшемдердің метрлік жүйесінің негізіне барлық халықтардың санау тәсілдеріне ортақ «ондық принциптің» алынуы - оның ең басты артықшылығы. Расында да, «ондық принцип» бойынша барлық еселенетін немесе бөлінетін бірліктер негізгі бірліктерді 10 санына көбейту немесе бөлу арқылы алынады.

Осыған байланысты тіркес сөздердің ондық жүйесі жасалған. Мысалы, кило тіркесі мыңды білдіретін болғандықтан:

1 километр (км) = 1000 метр (м) ;

1 килограмм (кг) = 1000 грамм (г) ;

1 киловольт (кВ) =1000 вольт (В) деп жазамыз.

Сол сиякты милли тіркемесі мын бөліктің бір бөлігін білдіреді:

1 миллиграмм - 1 грамның мыңнан бір бөлігі;

1 миллиметр - 1 метрдің мыңнан бір бөлігі;

1 миллилитр - литрдің мыңнан бір бөлігі, т. с. с.

Өлшемдердің метрлік жүйесі бір өлшемнен екінші өлшемге өтуді, соның ішінде квадраттық және кубтық бірліктерге ауысуды жеңілдетеді. Мысалы,

1 м =100 сантиметр (см) болғандықтан,

1 м2 =1002 см2 =10 000 см2, сондай-ақ

1 см = 10 миллиметр(мм) немесе 1 мм=1 см: 10=0, 1 см болғандықтан,

1 мм3 = (0, 1 см) 3=0, 13 см3 = 0, 001 см3.

Slide 14

1) елі ≈ 2-2, 5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені) ;

2) тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені) ;

3) сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық) ;

4) сүйем ≈ 17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық) ;

5) қарыс ≈ 20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық) ;

6) кез ≈ 70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық) ;

7) 1 кез ≈ 7-9 тұтам.

Ұзындық өлшемдері

Slide 15

Биіктік өлшемі

1) оқ бойы ≈ 1, 0-1, 5 м жебе ұзындығы;

2) найза бойы ≈ 3-5 м

3) арқан бойы ≈10-12 м т. б.

Адамның айқайлаған даусы естілсе, қашықты «шақырым» деп белгілеген, 1 шақырым ≈ 1 км.

Slide 16

Сұйыққа арналған ыдыс өлшемі

1) қасық ≈ 50 г;

2) ожау ≈ 0, 5 л;

3) тостаған ≈ 0, 5 л;

4) аяқ ≈ 1 л;

5) шара ≈ 1, 5-2 л;

6) тегене ≈ 8-10 л;

7) тосық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)

8) көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда

пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс)

Slide 17

Салмақ өлшемдері

1) 1 пұт ≈ 16 кг, жарты п. ұт ≈ 8 кг;

2) қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ ≈ 100 г.

3) 1 қап немесе 4 п. ұт ≈ 65-66 кг;

4) 1 мысқал ≈ 4, 46 г;

5) 1 жамбы күміс ≈ 6 кг;

6) 1 пітір. бидай ≈ 3 кг;

7) 1 ширек шай ≈ 250 г;

8) 1 шөмке шай ≈ 50 г;

9) 1 тай мөңке шай ≈ 25 г;

10) 1 қайнатым шай ≈ 6, 5 г;

Slide 18

Сөздікпен жұмыс

1875 жылы өлшемдердің метрлік жүйесі қабылданды. Оның негізінде 1960 жылы өлшеулердің барлық салаларын қамтитын

Халықаралық бірліктер жүйесі жасалды. Ол қысқаша SI (фр. Systeme International) деп белгіленеді.

1 километр (км) = 1000 метр (м) ;

1 килограмм (кг) = 1000 грамм (г) ;

1 киловольт (кВ) =1000 вольт (В)

1 миллиграмм - 1 грамның мыңнан бір бөлігі;

1 миллиметр - 1 метрдің мыңнан бір бөлігі;

1 миллилитр - литрдің мыңнан бір бөлігі, т. с. с

Slide 19 Slide 20 Slide 21

Жылқыға жем беру


Ұқсас жұмыстар
Өлшемнің метрлік жүйесі
Өлшемнің метрлік жүйесі. Халықаралық бірліктер жүйесі. Өлшеулер мен есептеулер дәлдігі. Өте үлкен және өте кіші сандарды ықшамдап жазу
ҰЗЫНДЫҚ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ПАЙДА
Арақашықтықтарды өлшеу
Педагогикалық өлшемдердің ұстанымдары мен қызметтері
АСПАЛЫ БАҚТЫҢ СУРЕТІ АРТЕМИДА ҒИБАДАТХАНАСЫ
МОНШАЛАРЫ ӨЗІНІҢ КӨЛЕМІМЕН ЖӘНЕ БЕЗЕНДІРІЛУ БАЙЛЫҒЫМЕН ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН АЛЫП МЕМЛЕКЕТТІК КЕШЕН
Педагогикалық өлшемдердің сапасын әдіснамалық тұрғыда негіздеу
Халықаралық жүзу федерациясы
Қателер теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz