Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы және Түркістан өлеңін талдауға арналған сабақ


Slide 1

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды аулы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Биялай

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі

Slide 3

Сабақтың білімділік мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру;

Түркістан қаласының тарихына, тарихи тұлғаларға тоқталу.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, көркем тілмен сөйлеуге баулу;

Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушылардың туған жерін құрмет тұтуға, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу

Slide 4

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Slide 5

1893 - Солтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Ақмола облысы Сарыайғыр болысы Қызылжар уезі) Мағжан Жұмабаев ауданы Сасықкөл жағасында дүниеге келген.

1905-1910 - Қызылжардағы татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқиды.

1910-1913 - Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алады.

1912 - Қазан қаласындағы Каримовтар баспасынан «Шолпан» тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады.

1913 - Омбыдағы мұғалімдер семинариясына оқуға түседі.

1919-1923 - Ақмола губерниялық «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмет етеді. «Батыр Баян» поэмасын жазып, жарыққа шығарады.

1922 - Сырымбетте интернат аштырады.

1923 - Мәскеуде Жоғарғы әдебиет-көркемөнер институтына оқуға түседі.

Slide 6

1924 - отбасымен Ташкент қаласында тұрады. Осы жылы А. В. Луначарскийдің шақыртуымен Мәскеуге қоныс аударады.

1927 - елге оралып, Қызылжарда, Бурабайда оқытушылық қызметтер атқарады.

1929 - «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен ұсталып, Мәскеудегі «Бутырка» түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі.

1936 - М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен айдаудан босап, Қызылжарға қайта оралып, мектепте бала оқытады.

1937 - саяси себептерге байланысты қызметінен қудаланып, жұмыссыз қалады. Осы жылы наурызда Алматыға келіп, аударма ісімен айналысады.

1938 - қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесіледі.

Slide 7

1958 - кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Мағжан Жұмабаевты ақтау ісі қолға алынады.

1960 - Түркістан әскери округі әскери трибуналы алқасының шешімімен Мағжан Жұмабаев толығымен біржола ақталады. Бірақ солай бола тұра Қазақстан Жазушылар Одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбаған соң, халық ақынның шығармаларымен ұзақ уақыт таныса алмады.

1989 - ақын шығармалары жариялана бастайды.

1995 - ақынның үш томдық шығармалар жинағы шығып, туған жеріне есімі берілді.

Slide 8 Slide 9

Райхан Жұмабаева

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Түркістан

Slide 14

Түркі тілдері - қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, татар, башқұрт т. б. туыстас халық тілдері.

Түркі халықтары - әдет-ғұрып, салт-сана, тілдері ұқсас туысқан, түркі тұқымдас халық.

Slide 15 Slide 16 Slide 17

Тайқазан

Slide 18 Slide 19 Slide 20

Тарихи тұлғалар: Әл-Фараби Ескендір Зұлқарнайын Афрасияп Шыңғыс хан Абылай хан Есім хан Қасым хан Ибн-Сина Ақсақ Темір

Slide 21

Теориялық білімді пысықтау:

1. Табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу -

2. Біріңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау-

3. Жауап талап етпейтін сөйлем -

Slide 22

Абай

«Нұрлы ақыл,

ыстық қайрат,

жылы жүрек»

Мағжан

Slide 23 Slide 24

Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі - Мағжан Жұмабаев.

З. Қабдолов


Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңін талдау сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың Өткен күн және Түркістан өлеңдері: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен Аттандыру өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
М. Жұмабаевтың Түркістан өлеңі: талдау мен сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, әдеби сыны және поэтикалық ерекшеліктері
Мағжан Жұмабаев: өмірі, шығармашылығы және педагогикалық мұрасы (8-9 сыныптарға арналған электрондық дидактикалық материал)
Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы мен әдеби бағасы
Әбділда Тәжібаевтың Сырдария өлеңін талдауға арналған ашық сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың Қарағым өлеңіне сабақ жоспары мен әдістемелік материалдары
Мағжан Жұмабаев (1893-1938): өмірі, шығармашылығы және қуғын-сүргін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz