Шағын жинақты мектептерде сабақ беруді ұйымдастыру ерекшеліктері мен нәтижелігі


Slide 1

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы.

Қоғалытүбек ауылы.

Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі.

Slide 2

“Шағын жинақты мектептерде сабақ беруді ұйымдастыру ерекшеліктері мен нәтижелігі”

Slide 3

Қазақстанда әрбір төртінші мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс жасап, әрбір алтыншы оқушы шағын жинақты мектепте оқиды. Соңғы 15 жылда шағын жинақты мектептердің саны күрт өсті.

Білім беру жүйесіндегі аса көңіл бөлуді қажет ететін мәселелердің бірі - шағын жинақты мектеп қызыметін жетілдіру. Бұл мектептердегі білім сапасын көтеру, оқу - тәрбие жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді.

Slide 4

Шағын жинақты мектептердің жалпы білім беретін орта мектептерден айырмашылығы - оқушы санының аздығына байланысты бірнеше сыныптардың біріктіріліп оқытылуы. Бірнеше сынып біріктірілгендіктен мұғалімнің апталық жүктемесіне өзгерістер енгізіледі. Мұғалім бір уақытта, яғни бір 45 минутта екі немесе үш сыныппен қатар сабақты өткізуге мәжбүр болады, қазіргі таңда төрт сыныпты да біріктіріп өткізіп жүрген мектептер де бар. Осыған байланысты мұғалім әр сыныпқа сабақтың белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Сондықтанда мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақты ұйымдастыру сол мектептің мұғалімдеріне де, жас мамандарына да қиындық туғызады.

Шағын жинақты мектептің негізгі ұстанымы біріктірілген сыныптарында бір пәндік, бір тақырыптық оқытуды ұйымдастыру тиімділігі.

Slide 5 Slide 6

Шағын жинақталған мектептерде негізгі мақсаты мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын жүзеге асыру.

ШЖМ ерекшеліктерін ескере отырып сабақты тиімді ұйымдастыру үшін арнайы әдістемелік құралдар кіріктірілген оқу бағдарламалары оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер қажет. Сондықтан мұндай мектептерде білім сапасын көтеру, заман талабына сай балаға білім беру үшін мультимедиялық кабинеттер құралдарымен жабдықталып мұғалімдер жаңа ақпараттық - коммуникативтік технологияларды игеруі, оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған электронды оқулықтар мен жеке жұмыс дәптерлері, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар болуы тиіс.

Slide 7

Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сыныптарда 2 жылдан бері 2 - 3 сыныптар кіріктіріліп оқытылады.

Қазіргі таңдағы сабақ беріп жүрген пәнім - дүниетану.

Slide 8

Дүниетану пәнін кіріктіріп оқытудың мақсаты:

Сабақты тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану негізінде ұйымдастыру арқылы мұғалімнің қызметін жеңілдету, уақытын үнемдеу.

Бірнеше сыныптағы тақырып мазмұнын кіріктіру арқылы білімді жүйелеу

Әр түрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды бірге отырып меңгертуге жағдай жасау

Slide 9

Дүниетану пәні бойынша біріктірілген 2 - 3 сыныптарда

мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуға арналған

тақырыптық - күнтізбелік жоспарының үлгісі

(аптасына - 2 сағ, барлығы - 68 сағ. )

Р/С

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Сағат саны

Мерзімі

1

2

3

Адам - 8 сағат

Адам және табиғат

Адам - табиғат перзенті

Өмір сүру үшін адамға не қажет?

Тері - ағзаның қорғаныс мүшесі, оның атқаратын қызыметі

Адам және қоршаған орта арасындағы қарым - қатынасы

Қаңқа, бұлшық ет. Қимыл қозғалыс мүшелері

2

3

2

3

2

3

1

1

1

Slide 10

І. Кіріктілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең.

ІІ. Сараланған бөлім

Операциялық- орындаушылық кезең.

ІІІ. Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық- бағалау кезеңі.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Екі сынып ортақ тапсырма орындайды. Өткен тақырыптармен жаңа тақырыптар арасында байланыс. Проблемалақ жағдаяттар тудыру. Оны шешуді оқушыларға тапсырылады.

Өздік жұмыстарды ұйымдастыру. Тапсырмалар әр сыныпқа, әр оқушыға жеке беру. Шығармашылық деңгейін көтеру.

Біріктірілген сыныптарға ортақ тапсырмалар беріледі. Тақырыпты бекітуге арналған ойын-жаттығулар, тест тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды. Әр оқушы өз ой-пікірін дәлелдеуге үйренеді.

Дүниетану пәнінен біріктірілген сыныптардағы сабақтың құрлымы

3 кезеңнен тұрады.

Slide 11

Кіріктірілген сабақ - жоспарының үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Су. 2-сынып. Табиғаттағы су. 3-сынып.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға судың түрлері жіне оның табиғаттағы айналымы туралы ұғым беру.

Дамытушылығы: Тиімді әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың туған жерінің табиғатын сүюге және қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғым беру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ізденушілік, түсіндіру, талдау, салыстыру дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба, плакат, суреттер, электрондық оқулықтар.

Сабақтың барысы:

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту:

Сұрақ -жауап ;

1. Тіршілікке не қажет?

2. Су, ауа, жылу, жарық, қорек.

3. Осы тіршілік көздері туралы сурет салу. (Жылу, жарық- күннің көзін салады) .

Өсімдік(көкініс, жеміс-жидек, дақылдар) - Тағамдар көзі. Ағаш, гүлдер-ауа көзі. Бұлақ, өзен, құдық-су көзі.

4. Салған суреттері бойынша түсіндірме жасау.

5. Ойын ойнау «Су әлемі» оқушыларға ойынның шартын түсіндіру.

(Әр оқушы өзін осы әлемнің бір мүшесі ретінде сезіну ондағы құбылыстарды суреттеп көрсету) . Оқушылар өз пікірлерін, ойларын айтады. Білетін өлеңдерімен мақал-мәтелдер айту.

Slide 12

Қосымша мәлемет беру.

Қазақ халқы суды қадір етумен қатарғоны жалпы халыққа, жан-жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп санаған. Жер шарында ең көп тараған сұйық зат-су.

. Адамнаң тамағына және ішуіне тәулігіне 2-3 литр су керек. Осы мақсатта әр адам жылына 60 тонна су тұтынады.

. 1кг картоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай өсіруге 1200 литр су жұмсалады.

. 1 тонна шойын қорытуға 130 тонна су, ал 1 тонна алюминий алуға

1000 тонна су қажет. Орта салмақты адам денесінде бес шелектей су болады.

ІІ. Операциялық- орындаушылық кезең.

1. Оқулықпен жұмыс

Оқушылар мәтінді тұтас түсініп оқиды.

Ендеше бұған көзімізді жеткізу үшін тәжірибе жасап көрелік.

1-тәжірибе. Суға тұз салады. (ериді) 2- тәжірибе. Суға құм салады. (ерімейді)

Тәжірибе жасау. 1. Судың нақты пішіні болмайды. 2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз. 3. Су - мөлдір. 4. Судың дәмі жоқ. 5. Судың иісі жоқ. 6. Су сұйық. Ол ағады.

Slide 13

2-сынып

3-сынып

1-тапсырма. Сызбамен жұмыс

Суретпен жұмыс

1-тапсырма. Сызбамен жұмыс

газ

үнемі

сұйық

ғажайып

зат

Қатты тіршілік көзі

Суретпен жұмыс

су

2. Тапсырмаларды орындау.

Сурет бойынша ой бөлісу, пікірлерін дәлелдеу, қорытындылау.

Slide 14

2- сынып

3-сынып

1. Жер бетінде су қалай таралған?

2. Құдықты қандай мақсатта пайдаланады?

1. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиеті не?

2. Табиғаттағы су айналымына сипаттама жасаңдар?

2-сынып

Орындалатын жұмыс түрлері

Мұғалім берген ұпай саны

Оқушының жинаған ұпй саны

Баға

1

Әңгімелесу

4

2

Тірек сызбамен жұмыс

5

3

Оқулықпен жұмыс

5

4

Суретпен жұмыс

4

5

Бекіту сұрақтарына жауап

4

Барлығы

22

Бағалау критерийі:21-24 ұпай -«5», 18-20 ұпай -«4», 10-17 ұпай-«3»

ІІІ . Рефлексиялық -бағалау кезеңі.

Тапсырмаларды орындау.

Төмендегі тақырыптар бойынша өз ойларын айту:

1. Балқаш көлі-әлемдегі ғажайып көлдердің бірі. Неліктен бұлай айтылған деп ойлайсыңдар?

2. Жайық өзенінің қазіргі жағдайы. Оған көмектесу жолдары бар ма?


Ұқсас жұмыстар
Негізгі шағын жинақты мектеп
Шағын жинақты мектептегі бір пәнділік, бір тақырыптық сабақтарды дұрыс ұйымдастыру
Мектептегі жаңашылдықты басқару
Инновациялық технологиялар
Шағын жинақталған мектептің ұстаз келбеті
Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесіні қазіргі жағдайы, даму болашағы
Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы
Сабақты мақсатты талдау
Тональды жиілік арналары бойынша технологиялық байланысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz