Математикалық сауаттылық - өмір сүрудің негізгі компоненттері


Slide 1

Кабулова Майя Асаубаевна

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы

Б. Момышұлы атындағы шағын

орталық орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Slide 2

Баяндаманың тақырыбы:

Математикалық сауаттылық - өмір сүрудің негізгі компоненттері.

Slide 3

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.

Slide 4

«Функционалдық сауаттылық» - ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық -білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық - оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Slide 5

Функционалдық сауаттылық

Жоспардың мақсаты - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету.

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім - түсіну - қолдану - жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді.

Slide 6

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда . Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген. Тұлға құзіреттілігін дамыту - ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамыту мәселесі оның міндетті түрде ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз етілуін қажет етеді.

Үздіксіз білім негізіне жаңа білімдерді өздігімен меңгеру жатады. Мұндай білім алудың негізінде функционалдық сауаттылық жатыр. Функционалдық сауаттылықтың мәні танып білу әдістерін, ойлану операциясын, аналитикалық практикалық тәсілдерді, барлық іс-әрекеттерге тән әдістерді меңгеру болып табылады.

Slide 7

Графикалық бейнелеуді меңгеру адамға зерттеу және жобалау жұмыстарында визуалдық ақпаратты қолдана білуге, оны түрлендірудің негізгі құралы болады. Сонымен қатар олар коммуникацияның және ақпаратты берудің негізгі құралы бола алады. Уақыт ағымында кеңістікте болып жатқан барлық объектілер, процестер және құбылыстар тек бақыланып қана қоймай, сонымен қатар олар түсірілген графикалық кескіндерін (схемаларын, сызуларын, графикаларын, диаграммаларын,

бейнелік кескіндерін) терең талдау арқылы зерделенеді. Адамдардың практикалық кәсіптік қызметтерінде графикалық (визуалды) ақпаратты сақтауға, түрлендіруге, оларды өңдеуге және тасымалдауға қойылатын талаптар сапалы өзгерістерге ұшырауда. Соған байланысты функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы зор.

Slide 8

Функционалдық сауаттылық

Оқу және жазудағы сауаттылық

Заң сауаттылығы

Денсаулық мәселесіндегі сауаттылық

Отбасылық өмір мәселелеріндегі сауаттылық

Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық

Математикалық сауаттылық

Компьютерлік сауаттылық

Slide 9

Математикалық сауаттылыққа келіп тоқталатын болсақ, математика пәнін барлық оқушылар жақсы көре бермейтіндігі, қабілеттілігі бола бермейтіндігі барлығымызға белгілі. Сондықтан математика пәнінен үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әртүрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту, жүйелеу және зерттеу.

Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір кезеңде қажетті көрнекілік құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсетілетін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан үлгерімі төмен оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауыда төмен болады. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл- ой параметрі және жағымды ақыл салалары қалыптаспаған, білім қоры аз болады. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек.

Slide 10

Үлгерімі төмен оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:

1. Есеп шартын оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу.

2. Кейбір буындарды, сөздерді қайталап немесе ежелеп оқу.

3. Математикалық символдарды дұрыс жазбауы

4. Формулаларды дұрыс қолдана алмауы

Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс берілді. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Математика пәндерінен үлгермеуші оқушылармен қосымша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім сапасының көтерілуі арттады. «Ұстаз еңбегі- ұлық» демекші жақандану кезеңі ұстаздарға мол міндеттер мен шығармашылық ізденісті талап етуде.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінен қойылатын талаптар сапалы білім беру болып табылатыны белгілі. Осыны жүзеге асыру мақсатында оқушылар әр тақырыпты жеке меңгеруі қажет. Мұндай мақсатқа жету үшін, оқытушы тарапынан әр түрлі әдіс тәсілдер қолдынылуы керек. Осындай тәсілдердің бірі оқушы білімді өздері ізденіс арқылы игерулері керек.

Slide 11

Мен оқушыларыма ізденіс барысында тақырыпты жете меңгеру үшін зерттей білуге дағдыландырдым. Өз тәжірибемнен тақырыптық зерттеу жұмысымның элементін ұсынып отырмын.

Зерттеу тақырыбым: «Функциялар және олардың графиктері»


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік білім
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Оқу сауаттылығы сауаттылық сауаттылығы
КОММУНИ КАТИВТІ
Функционалдық сауаттылық
Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды бағалаудың әдістемесін құрастыру
ТЕСТІЛЕУГЕ ДЕЙІН слайд
Студенттердің жетістіктерін анықтауда қандай қағидаларды ұстану керектігін айқындау
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Арнайы мамандардың зерттеулерінің көрсетуімен оқытылатын курстарда компьютерлік сауаттылық аспектілері қарастырылады
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz