Салалас құрмалас сөйлем
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт
дәстүрлері. Қара шаңырақ.” Себеп - салдар
салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға тақырыпты түсіндіру, қазақтың салт-дәс-
түрлері, қара шаңырақ иесі туралы түсінік беру.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрі себеп-салдар
салаластың
анықтамасын түсіндіру, тапсырмалармен жұмыс жасау.
б) дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын кеңейту, сұрақ - жауап, эссе,
дәлелдеу, мақал-мәтел, мысал арқылы дамыту;
а) тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеп, қастерлеуге, терең
мәдениетін ұғына білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сын тұрғысынан
ойлау әдісі, пікір алмасу;
Көрнекілігі: Кітаап, сурет, қима қағаз, слайд, интерактивті тақта
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа даярлық;
Оқушы назарын сабаққа аудару;
2. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Салалас құрмалас сөйлем деген не?
2. Салаластың неше түрі бар?
3. Жалғаулықты салалас құрмалас нешеге
бөлінеді?
4. Қарсылықты құрмалас сөйлем деген не?
5. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем деген
не?
III. Жаңа сабақ
Желтоқсан айының он бесі
Сынып жұмысы
Қазақтың салт-дәстүрлері.
Қара шаңырақ.
Салалас құрмалас сөйлем.
Ұлттық салт-дәстүр, ғұрып дегеніміз - әр халықтың сенім-нанымына,тұрмыс-
тіршілігіне,күнкөріс кәсібіне байланысты қалыптасып,уақыт сынынан өтіп,табиғи
түрде, өздігінен бір жүйеге келтірілген, сондықтанда сақталуы міндетті болып
есептелген әдеттер мен ырым, кәделердің ерекше түрі. Салт-дәстүр ұлттың
рухымен бірге жасасып,заман талабына сай жаңарып,өзгеріске ұшырап
отырған.Нағыз мәдениетті белгілі бір ұлттың тарихи болмысы тудырады.Осы
тұрғыдан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халқымыздың ғасырлар бойы жинап,бір
жүйеге келтірген әдептілік ережелері іспеттес.Олардың қай-қайсысы да адамдарды
ибалылыққа, имандылыққа, адамгершілікке жетелейтін аса маңызды тәрбие құралы.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері үш түрге бөлінеді:
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер (Шілдехана, сүйінші, балаға ат қою,
бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет тойы)
Тұрмыс салт-дәстүрлері (Қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер
мен тағамдары, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа
байланысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді)
Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер (қазақ ауылы, ауыл адамдарының туыстық
қарым-қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық музыка аспаптары, үйлену-үй
болуға байланысты салт-дәстүрлер, қонақ күту, халықтық-ұлттық мерекелерді өткізу,
өлікті жөнелту рәсімдері, әдет-ғұрыптары жатады)
•Бесікке салу.
•"Әлди-әлди ақ бөпем,Ақ бесікке жат бөпем“.
Бесік-қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын
ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке
салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.
Бесікке салу жолы үлкен,елдегі тәрбиелі,өнегелі
әжелерге,әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен
аластап, тыштырма жасап алып,баланы бесікке
бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар
қойылады. Бесікке салған адамға бесікке салар
яғни кәделі сый беріледі
Қырқынан шығару.
Қазақ халқының ғұмырында жеті,тоғыз,отыз,қырық
бір сандары қасиетті деп есептеледі.Соның бірі
баланы қырқынан шығару дәстүрі.Әдетте баланың
туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық
бір қасық су құйып шомылдырады.Сәбидің қарын
шашы алынып,оны сәбидің өзінің киіміне матаға
орап тігіп қояды.
Тұсаукесер. Сәби тез жүріп кетсін
деген тілекпен жасалатын ғұрып.Ол үшін
арнайы жіп дайындалады.Сол жіппен
баланың аяғын кәдімгідей тұсап,оны аяғын
жылдам басатын әйелге қидырады.Шашу
шашады
•
•Алтыбақан - ұлттық ойын болғанымен оның
салт-дәстүрлік маңызы одан гөрі жоғары тұр.
Кешкілік ауылдың Қыз-жігіттері аулуқтау жерге
алтыбақан құрып.ойын-сауық жасайды. Бұл
жастардың өнерін,ойын,көзқарасын,танымын
қалыптастыруда зор тәрбиелік қызмет атқарады.
Әншейін “қызға қырық үйден тыйым“ дейтін
қазақ, қыздарын алтыбақанға жібермеуге хақы
жоқ.
Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің
алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының
себебін білдіретін түрін себеп – салдар салалас деп атайды.
Тапсырмалар.
3 деңгей
1 – тапсырма. Қара шаңырақ мәтіні бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар.
2 – тапсырма. Құрмалас сөйлемдерді дәптеріңе жазып, тұрлаулы мүшелерінің
астын сызыңдар.
2 деңгей.
1. Берілген мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
2. Себебі, өйткені, сондықтан жалғаулықтарын пайдаланып,
бірнеше сөйлем құраңдар.
Мақалды аяқта
1. Шақырған жерден қалма,
------------------------------
2. Келгенше қонақ ұялар,
-------------------------------
3. Қонақ бір күн қонса құт,
------------------------------
4. Тойдың болғанынан, --------------.
5.Тойға барсаң, ------------.
6.Елу жылда ел жаңа,
------------------------------
7. Заманына қарай заңы,
--------------------------------
8. Балалы үй базар,
-----------------------.
Қорытынды:
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
( М. Әлімбаев.)
Үйге тапсырма:
“Тіл тағдыры – ел тағдыры”
шығарма
Бағалау:
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz