Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері


Slide 1

№4 С. Сейфуллин атындағы орта мектеп

1-қыркүйек

Білім күні құтты болсын!!!

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

www. ZHARAR. com

Slide 2

Бір халық, бір ел, бір тағдыр

Ашық тәрбие

сағаты

№4 С. Сейфуллин атындағы орта мектебі

Сынып жетекші: Омарбекова С. К.

www. ZHARAR. com

Slide 3

Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға тырысуға үйрету, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер, интерактивті тақта, слайттар.

www. ZHARAR. com

Slide 4

Кіріспе бөлім.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

www. ZHARAR. com

Slide 5

1998 жыл 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.

Астанаға - 15 жыл

www. ZHARAR. com

Slide 6

www. ZHARAR. com

Slide 7

www. ZHARAR. com

Slide 8

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

2012 жылдың маңызды оқиғаларының бірі.

(2012 жыл 14 ақпан)

.

(жолдаудан үзінділер)

www. ZHARAR. com

Slide 9

www. ZHARAR. com

Slide 10

www. ZHARAR. com

Slide 11

Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.

Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.

Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - "Қазақстан-2030" Стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін.

.

www. ZHARAR. com

Slide 12

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс. Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.

Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.

Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру. Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

www. ZHARAR. com

Slide 13

Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты.

Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар - болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары.

Қазақстан - зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады.

Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет.

www. ZHARAR. com

Slide 14

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек.

Сіздер білесіздер, мен басты міндеті балаларымыздың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру болған «Балапан» көтердім.

Ол жүзеге асырыла бастаған сәттен бері 3 956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылды.

www. ZHARAR. com

Slide 15

Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.

Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.

Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым.

Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде.

Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар - сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.

www. ZHARAR. com

Slide 16

Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.

Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.

Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.

Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс.

www. ZHARAR. com

Slide 17

Мен біздің табысты болатынымызға сенімдімін.

Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?

Мен 2050 жылғы қазақстандықтар - үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.

Олар - әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар - өз елінің патриоттары.

Мен 2050 жылғы Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол - барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.

Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра алмайды.

www. ZHARAR. com

Slide 18

Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін.

www. ZHARAR. com

Slide 19

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы

24. 04. 2013

www. ZHARAR. com

Slide 20

www. ZHARAR. com

Slide 21

www. ZHARAR. com

Slide 22

Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды.

Біздер мен сіздер атқарған жұмыстың, Ассамблея жұмысының басты нәтижесі міне, осы!

Бүгін біз Ассамблея - тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз!

Барлық он жеті миллион!

Бүгін Ассамблея - тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы.

Ассамблея тарихы - ел тарихы, халық тарихы.

Құрметті отандастар!

Біздің сессиямыздың күн тәртібіне маңызды мәселе енгізіліп отыр. Ол: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

www. ZHARAR. com

Slide 23

«Бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

www. ZHARAR. com

Slide 24

«Бір ел» - бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

www. ZHARAR. com

Slide 25

«Бір тағдыр» - бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

www. ZHARAR. com

Slide 26

Бұл біздің ортақ келешегіміз - игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

www. ZHARAR. com

Slide 27

Бұл біздің ортақ келешегіміз - игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

www. ZHARAR. com

Slide 28

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.

Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея - барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.

www. ZHARAR. com

Slide 29

Біз: «Мен - қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» - деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.

Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.

Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу - әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.

Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.

Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

www. ZHARAR. com

Slide 30

Екі онжылдықта Қазақстан Жолы жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық табыстың үлгілі моделіне айналды.

Бұл бүкіл қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен топтасқандығының нәтижесі!

Бұл тек күшті халықтарға ғана тән ұлы қабілет.

Біз осындай халыққа айналдық және осы биіктікте қалуға тиіспіз!

Қазақстан - бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Біздің мерейтойлық сессиямыз - бүкіл қазақстандықтардың игілігі жолындағы жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау.

Алдымызда үлкен жоспарлар тұр.

Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет.

Сондықтан да біз бір халықпыз - бір елміз - бір тағдырмыз!

www. ZHARAR. com

Slide 31
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ваш логотип или название
Менің отаным - Қазақстан (эссе)
Республикасының рәміздерінің авторларының суреттері
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Ұлт - азаттық көтеріліс жылдары
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БІЛІМДІ ҰРПАҚТАРЫМЫЗ
Түркістан қаласында қазақтардың нешінші
Елтаңбаның авторлары
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz