Ананың ізін қыз басар



Тақырыбы: Ана -өмірдің шуағы

Мақсаты:
а) 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана енбегін қадірлеп үмітін ақтауға, ана есмін ардақтап, қадірлеуге, сыйлауға баулу. ә) Қыздарды әсемдікке, іскерлікке қабілет пен талантын дамыту. б) Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе бар мейрімін
Орнар еді бар әлемде тыныштық

Қар астында қылтыйып бәйшек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып,
Аналар мерекесі келеді.

Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астыннан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан Барлық қыйындық атауға төзімді болады.

Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді. 1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркта тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналады. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын еді. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыз күнінен бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады. Бұл күні бірнеше қалаларда да әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шеруге шығады. 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды. Бұл әлемнің төрт бұрышындағы әйелдерге өз құқықтары үшін күресу үндеуі еді. Сонымен қатар әйелдерді кедейшілікке қар-сы, еңбекті бағалау, ар-ожданды қадірлеу, бейбітшілік үшін күресуге шақырады.
8 наурыз мерекесінің шығу тарихы

Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды.
Клара Цуткин
5 . 06. 1857ж

Бұл мейрам 1911 жылы 19 наурызда
Австрия
Дания
Германия,
Швейцария
Аталып
өтілді

8-наурыз күнгі мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мереке саналады. ”Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа” дегендей, жер-жерлерде түрліше ғұрыптармен тойланады.
Мысалы, Португалия мен Румынияда тек әйелдер ғана кешке ”Women-only” атты мерекелік кешкі асқа жиналады екен.

Италяндық жігіттер нәзік жандыларға сары түсті акация тектес гүлдерді сыйлайды.
Ресейде гүлдермен қатар шоколадтар да мерекелік сыйлықтардың ең көр таралған түрі.

Ана туралы өлеңдер

Әйел жерден шыққан жоқ, Ол да еркектің баласы. Ерлер көктен түскен жоқ, Әйел - оның анасы.
А. Тұрмағамбетов

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді. В. Г. Белинский

Аброй
Атақ
Мақтан
Күн
Дәуір
Өмір
Ана

Ой толғау

Мақал -мәтелдің ізін жалғастыр

1. Алып анадан туады, . . . . . .
Ат биеден туады.
Ананың сүті - бал, . . .
Ананың ізін қыз басар, . . .
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да. . . . . . . . .
Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, . . . . . . . . .
Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді. . . . . . .
Ана алдында құрмет, ……
Баланың тілі - бал.
Атаның ізін ұл басар.
қарызынан құтыла алмайсың.
Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.
Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді.
Ата алдында қызмет.

Ағайынның алтын сарайынан. . . . . . . . .
Ананың жыртық лашығы артық.
Астың дәмін тұз келтірер, . . . .
Ата - асқар тау, Ана - баурындағы бұлақ, . . . . . .
Ұяға отыз үйден тию…
Қыз жоқ жерде…
Әке көрген оқ жонар…
Ауылдың сәнін қыз келтірер.
Бала - Жағасындағы құрақ
Қызға қырық үйден тыйым
қызық жоқ
Шеше көрген тон пішер.
Баланың ұяты әкеге…
Қыздың ұяты шешеге

Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп, -
Анаға бас иеміз!
Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.

Құтты болсын мерекелеріңіз!

Қатысқандарыңызға
Рахмет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz