Ақтөбе қаласы


Slide 1

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе - Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.

www. ZHARAR. com

Slide 2

Географиялық орналасуы

Қаланың географиялық координаттары - 50°16′00″ с. е. 57°13′00″ ш. б. (G) (O) (Я) . Уақыт белдеуі - UTC+05:00.

Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзені келіп құятын тұсында, теңіз деңгейінен биіктігі 250-400 м жазықтық болып келетін Орал асты платосының орталық бөлігінде орналасқан.

www. ZHARAR. com

Slide 3

Азия мен Еуропа шекарасы

Қазіргі таңда Еуропа мен Азия арасындағы шекараны нақты белгілеу даулы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл құрлықтардың шекарасын Жайық өзені арқылы жүргізетін болсақ, Ақтөбе Азияда орналасқан қала болып шығады. Бірақ географтардың арасында ең кең таралған пікір бойынша, Еуропа мен Азияның шекарасы Каспий теңізінің солтүстік жағалауымен, Жем өзенін бойлай және әрі қарай Мұғалжар таулары арқылы өтеді екен. Бұған пікірге сәйкес, Ақтөбе Еуропада орналасқан қалалардың қатарына жатады. Бірақ географиялық орналасуына қарамастан, бұрынғы Кеңестік Одақтың елдерін батыс географтары Еуропа мен Азиядан бөлек ерекше аймақ ретінде қарастырады.

www. ZHARAR. com

Slide 4

Өзен-сулары

Қала Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, оның аңғары 15 км дейін ұлғаятын жерінде орналасқан. Қаланың орталығымен Електің сол жақ тармағы Сазды өзені, солтүстік-батысымен Електің тағы бір тармағы - Жіңішке өзені ағып өтеді. Сазды өзені ірі сауда-саттық орындары орналасқан қала орталығынан ағып өтетіндіктен 2010 жылдан бастап өзен жағасын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қаланың оңтүстік бөлігінде Тамды өзенінің төменгі тұсы орналасқан. Солтүстіктегі Заречный ауданының шетімен Қарғалының сол жақ тармағы Песчанка өзені ағып өтеді. Кірпішті ауданының батысымен Қарғалының оң жақ сағасы Бұтақ өзені ағып өтеді.

Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км қашықтықта ақтөбеліктер «Ақтөбе теңізі» деп атап кеткен, 1988 жылы іске қосылған, сыйымдылығы 245 млн м³ болатын Ақтөбе су қоймасы орналасқан. Оңтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта қала тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналған Сазды су қоймасы орналасқан (1967 жылы салынған) . Солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта қала маңындағы ең үлкен қолдан жасалған су айдыны - сыйымдылығы 280 млн м³ тең Қарғалы су қоймасы орналасқан (1975 жылы салынған) .

www. ZHARAR. com

Slide 5

Климаты

Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.

Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Исландия үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады.

Ақтөбедегі орташа жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші - 2316 сағат.

Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см) . Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны - сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті - 5, 7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай - маусым (35 мм), ең аз түсетін ай - қыркүйек (19 мм) .

Орташа жылдық температура - +5, 3 C°

Орташа жылдық жел жылдамдығы - 2, 4 м/с

Орташа жылдық ауа ылғалдылығы - 68 %

www. ZHARAR. com

Slide 6

Экологиясы

Ақтөбе қаласы экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі. Қала аумағындағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшері байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді ірі өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағында көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен.

2013 жылы сантарлық-эпидемиологиялық бақылау қала ауасын азот диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутек және тағы да басқа заттарға тексергеннен кейін ауаны басты ластайтын себеп қаланың кәріз жүйесі екені анықталды. Кәріз жүйесіндегі күкіртсутектің үлесі 2-16 % жетуі мүмкін, оған қоса ағын судың құрамында сульфидтер көп. Осының кесірінен түнде және таңғы мезгілде қаланың бірнеше ауданының тұрғындары жағымсыз иістен қорлық көріп жүр. 2013 жылы қаладағы автокөлітер саны 178 мыңға жетті. Бұл да қала ауасының ластануына өз үлесін қосады.


Ұқсас жұмыстар
Ақтөбе қаласының білім беру жүйесінің мониторингі
Қазақстанның ірі қалалары
Ақтөбе облысы.Мәдени мұрасы,қайта қалпына келтірілген ескерткіштері
Батыстағы қалалар
Шабын цехы
Әлия Модағұлова
Түркістан қаласы топырағының ластану дәрежесіне момнторинг жүргізу
Алматы филиалы
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА. ӨМІРБАЯНЫ
Қауыншы мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz