Атырау қаласы




Презентация қосу
Атырау қаласы
Атырау — Атырау

облысының әкімшілік
орталығы, Қазақстанның
батысында, Жайық өзенінің
бойында орналасқан қала.
Қаланың негізі 1640 жылы
қаланған.


Атауы
• Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита»
стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары.
Ноғай ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы
Жайық өзені сағасында орналасқан.

• Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок
аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний
Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын,
Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-
Яицкий городок.

• Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша
атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы
Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.

• 1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта
атаған.

• 1992 ж. бері қала атауы — Атырау.


Тарихы
• ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей
патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін
мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной
шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп
қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау,
балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады.
Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен.

• Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі
қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы
жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне
Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат
қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев,
балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып,
өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және
сауда мақсатында пайдалана бастайды.

• Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді
мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын
туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып
отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды.


Тарихы
• Жайық бойындағы бұл оқиға Астрахан әскерлері басшылығын елең еткізді. Ағаштан
тұрғызылған қорған қамал жаудан және өрттен қорғануға қорғаныс бола алмайтынына
көздері жеткен патша үкіметі,теңіз маңы және Жайық бойының қорғанысын күшейту
мақсатында, 1645 жылдың 18 ақпанында М.Гурьевке қаланы қамал етіп тұрғызуға рұқсат
береді. Рұқсат қағазында қала қамалын Астрахан қаласының үлгісіндей етіп тұрғызу
көрсетіледі.

• Тас қала-қорғанның құрылысы 1647 жылдың 6 маусымында басталып кетеді. Тұрғызылып
жатқан қала 1649 жылы казактар атаманы И.Кондырев бастаған казактар тобының
шабуылымен тоналады. Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң,
1662 жылы аяқталып, Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады. ХVІІ ғасырдың
аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық
қамалға айналады.

• 1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери
басшылығының қарауына беріледі.
• 1865 жылы уездік қала болды.
• 1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығы
• 1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы
• 1929 жылы Гурьев округінің орталығы
• 1930 жылы аудан орталығы
• 1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы.
• 1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев қаласын
Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады.


Атыраудың көшелері


Климаты
• Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ ,ыстық, ал қыста
ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-
шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар
аз жауып, суық болады.

• Атырау қаласы ендігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы
ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады.

• Қаңтар айындағы орташа температура -60С-ден бастап -120С-ге
дейін, ал шілде айындағы орташа температура +240С-ден
бастап +260С-ге дейін. Ең төменгі температура -380С, ең
жоғары температура +450С. Каспий теңізіне құйып, облыс
орталығынан өтіп жатқан Жайық өзенінің арқасында ол
жердегі температура судан алыс жердегі аудандардың
температурасымен салыстырғанда төмен болып келеді. Жауын-
шашын болар-болмас деңгейде, жылына орташа 150 мм, 200 мм
шамасында болады. Жел бағыты қаңтар айында оңтүстік-шығыс
бағытта болса, ал маусым айында батыс бағытта болады.


Жайық өзені


Әкімшілік бөлінуі
• Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1
қала, 2 кенттiк әкімшілiк (Балықшы,
Жұмыскер), 7 ауылдық аймақ (Ақсай,
Атырау, Геолог, Дамбы, Еркiнқала,
Кеңөзек, Қайыршақты), 28 елдi-мекен бар.
Қалаға бағынышты Балықшы кенті мен
Жұмыскер кенті , бұрынғы Балықшы
ауданы 1990 жж. ортасында қалаға
қосылғасын.


Халқы
Тұрғыны 1897 жылы 9,3 мың, 1959 жылы
78,1 мың, 1970 жылы 114,2 мың, 1979 жылы
130,9 мың, 2012 жылы 182,8 мың адам
болды.
2014 ж. қала әкімшілігі тұрғындарының саны
280,6 мың адам құрады, оның ішінде:

• Атырау қаласы — 195,6 мың адам;
• Балықшы кенті — 17,1 мың адам;
• Жұмыскер кенті — 10,4 мың адам;
• Ауылдық тұрғындар -57,5 мың адам;


Экономикасы
• 2007 ж. қаңтардың 1-інде тіркелген заңды тұлғалар саны 5195-ке
жетті, оның 4875-і шағын, 275-і орта, 45-і ірі заңды тұлғалар.

• 2006 ж. 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493,7 мың
тонна моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна газойл; 1389,9
мың тонна отындық мазут; 123,6 мың тонна мұнайлы кокс
алынды. Электр қуатын өндіру 1442,9 млн кВт/сағ; жылу қуаты
— 1624,4 мың кКал құрады.

• Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна
қалбырланған балық; 323 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей;
7370 тонна жаңа піскен нан өндірілді.

• Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына
«Қазмұнайгаз» ӨФ-ы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты»,
«Қазтрансойл», «Атыраубалық», «Заман групп», ЖШС-рі,
«Атырау жарық», «Облтрансгаз», «Атыраусушар», «Атырау су
арнасы», т.б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда.


Атыраудағы БТА банкінің ғимараты


Мәдениеті
Мұнда мұнай өнеркәсібінің жобалау
институты, университет, драма театры,
филармония, орта арнаулы оқу
орындары, жалпы білім беретін,
музыкалық, спорт мектептері, мұнай
айыру зауытының мәдениет үйі,
кітапханалар, кинотеатрлар, мәдениет
және демалыс паркі, қонақ үйлер, бала
бақшалары, медициналық мекемелер
жұмыс істейді.


«Қазақстан» қонақ үйі


Білім жүйесі
• Жалпы білім беретін мектеп саны — 68;
• Мектепке дейінгі мекеме саны — 25;
• Жоғарғы оқу орны— 3;
• Орта арнаулы оқу орны — 11.
Жоғары оқу орындары
• Атырау мұнай және газ институты
• Атырау университеті
• Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
Колледждері
• Атырау аграрлы техникалық колледжі
• Атырау балық өнеркәсібі колледжі
• Атырау бизнес және құқық колледжі
• Атырау медицина колледжі
• Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжі
• Атырау индустриалды колледжі
• Атырау сервис колледжі
• Атырау энергетика және құрылыс колледжі
• С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі
• Д.Нұрпейсова атындағы музыка колледжі (академиясы)
• Каспий маңының қазіргі заманғы колледжі (ПСК)
• Қазақстан-Канада мұнай колледжі (APEC )
• Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж
• Мұнай және газ технологиялық колледжі


Архитектурасы
• Атырау архитектуралық құрылысы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң
жағасындағы ескі қалада негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір
қабатты ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты
тас үйлер, 4 – 5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме жайлары бар. Өзеннің сол
жағалауында кеңес өкіметі жылдары «Ембімұнай» кенті мен мұнай айыру
зауытының қалашығы пайда болды. Жайыққа салынған көпір (1965) Еуропа
мен Азия құрлықтарында жатқан қаланың екі бөлігін байланыстырады.
Қаланың назар аударарлық орындары

• Иманғали мешіті
• Иманғали мешіті
• Успен шіркеуі
• Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші
• Бейбарыс сұлтан ескерткіші
• Атырау облыстық өлкетану мұражайы
• Хиуаз Доспанова ескерткіші
• Исатай-Махамбет ескерткіші
• Ірі қонақ үйлері
• «Атырау» қонақ үйі
• «Виктория Палас» қонақ үйі
• «Алматы» қонақ үйі
• «River Palace Hotel» қонақ үйі
• «Диар» қонақ үйі
• «Раш» қонақ үйі
• «Гурьев» қонақ үйі
• «Ренессанс» қонақ үйі

Ұқсас жұмыстар
Гурьев қалашығы тарихы. Қаланың қалыптасуы
Атырау облысы
Қоршаған ортаны ластаушы заттардың әсерін анықтауда биоиндикатор ретінде жәндіктерді пайдалану
Жезқазған қаласы
Орал қаласының мешіті
Қазақстанның халық статистикасы
Хиуаз Доспановa
Алматы филиалы
Атырау - менің қалам тақырыбында ақпарат жинақтау
Қаланың климаты континенттік
Пәндер