Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы
Презентация қосу
§ 9. Абылайхан билігі
тұсындағы қазақ
хандығы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен
таныстыра отырып, аса ірі мемлекет
қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын
көрсету. Абылайды осындай дәрежеге
көтерген деректерді ашу;
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып,
оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге
тәрбиелеу;
Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға
деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық
рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік
қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ
хандығының Ресеймен, Жоңғариямен,
қызғыздармен қарым-қатынасы
Оқушыларды үш топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Картамен жұмыс:
Картадан Башқұртстанның қайда
орналасқанын көсетіңдер. Башқұртстанның
мемлекеттік құрылымы жөнінде не
білесіңдер?
Қалмақ хандығының географиялық орналасу
ерекшеліктері. Қалмақ хандығының пайда
болу тарихы.
Қалмақ билеушілерінен кімдерді білесіңдер?
XVIII ғасырдың ортасына қарай Кіші жүздің
жағдайы неліктен шиеленісіп кетті?
Қазақстар мен башқұрттар арасындағы
қарым-қатынастың ерекшеліктері жөнінде не
білесіңдер?
Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен болды?
Қазақтар Еділ қалмақтарын талқандауда неліктен шешуші рөл атқарды?
(Сабақта хронологиялық кестені пайдалану оқушыларға оқылған тарихи
оқиғаларды терең меңгеруіне, олардың себеп-салдарлық байланыстары
мен заңдылықтарын меңгеруге тарихты ғылыми түсінуге көмектеседі.)
Карточкалармен жұмыс.
№1 топ. «Тарихи тұлға».
-Төмендегі тарихи оқиғалар мен оған қатысты тарихи тұлғаларды рет-ретімен
қойып шығыңдар.
№2 топ. «Қазақстан XVIII ғ. ортасында» деген тақырып бойынша тарихи
оқиғалардың хронологиялық тізбесін жасау:
1748ж.-
1740-1755 жж.-
1752-1755 жж.-
1765 ж.-
1771 ж.-
№3 топ. «Қазақ –қалмақ қатынастары» тақырыбы бойынша тарихи оқиғалардың
хронологиялық тізбесі:
1628 ж.-
1697 ж.-
1723 ж.-
1726 ж.-
1771 ж.-
Жаңа тақырыпты
оқытудың жоспары:
Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет
қайраткері.
Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері
Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы
саясатының негізгі бағыттары.
Абылайдың Қазақстан тарихындағы орны.
10.04.19 6
Абылай (Әбілмансұр) хан
Абылай (Әбілмансұр) хан — (1533—1537) билік құрғаны.
Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ
мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет
қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ
ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей
бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір
ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке
деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке
отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген
нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының
баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін
батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан
көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа
хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды»
жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді.
Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына
қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін
бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл,
Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар
кезі болса керек.
Абылай (Әбілмансұр) хан —
(1711-1781)
Хан тұсындағы ішкі саясаты
Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің
Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси
қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан
қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді
пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да
басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына»
кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының
тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым
қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды.
Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ
хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен
дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ
таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және
жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі
ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің
дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш
салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін
жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.
1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар
аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз
айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде
Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр,
ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда
жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.
Хан тұсындағы сыртқы саясаты
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте
соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына
тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді
ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ
қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге
айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр
хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш
жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы
И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі.
Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж.
5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің
сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп,
бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында
Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының
Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам,
Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын
болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық»
деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40
мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы
Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді.
Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды
қоршауға алды.
Ұлт-азаттық қозғалысыньң
жетекшілері және оған қатысушылар
10.04.19 11
Қазақ халқының жоңғар
басқыншыларына қарсы Отан соғысы
10.04.19 12
Бұланты шайқасы
Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы
Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде
қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа
қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің
құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен
еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген
атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі
сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық
жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға
жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық
рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың
қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін
көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре
түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың
жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте
бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге
деген ұмтылысына тың серпін берді.
Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің
стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай
шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді
кепіліне айналды.
10.04.19 13
Аңырақай шайқасы
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға
— Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-
батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы
Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар
жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай
хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай!
Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте қазақ
батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, олардың
жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.
Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ
Абылай атанып кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен
тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске
ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.
Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыздықты қойып, күш
біріктірудің арқасында қаһарлы жауға жұмыла күресіп, тамаша жеңіске жетті. Бұл
жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі заңды нәтижесі болды.
Жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысында түбірлі өзгеріс
жасалды, енді біржола түбегейлі жеңіске жететін күн де жақын қалды. Жоңғарлар
қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай қашты. Олар
бұдан былай қазақ жеріне шапқыншылық жасамауға ант ішті.
Қазақ жасақтарының кезекті тамаша жеңіске жеткеніне қарамай, жау жағы әлі де
күшті, әлі де қауіпті еді. Сондықтан да бүкіл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы
жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен күрес жүргізе беруіне тура келді.
10.04.19 14
Билік үшін бақталас күрес және біртұтас
халық майданының ыдырай бастауы
Аңырақай шайқасынан кейін жауды түбегейлі біржола жеңудің
ауылы алыс қалған жоқ еді. Бірақ тап осы кезде Жоғары
мәртебелі Ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол орыннан
үміткерлер арасында тақ таласы басталды. Бүкіл қазақтың
Ұлы ханы болудан Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі болатын.
Бірақ қазақ ақсүйектерінің тобы бұл ең жоғары лауазымды
орынға іс жүзінде ешқандай айтулы қызметімен көзге түспеген
Әбілмәмбетті сайлауды лайық деп тапты. Өйткені аймақтық
билеушілерге билік басында күшті тұлғаның отыруы керек
емес болатын. Сондықтан қазақтың біріккен әскери
күштерінің бас қолбасшысы, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен
Орта жүздің ықпалды ханы Сәмеке әлгі шешімге риза болмай,
өздерін қорлағандық санады да, әлі соғыс қимылдары жүріп
жатқан аумақтан өз әскерлерін алып кетті. Сөйтіп
Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына — бірі
солтүстікке, бірі — солтүстік-батыс жаққа қарай көшті.
10.04.19 15
Өкінішке қарай, зор қиындықпен құрылған
жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап
шыға келді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың
ендігі жолын әр жүз өздерінше жеке-жеке іздестіруге
көшті. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлі де уақытша
бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат беріп,
жыл сайын алым-салық төлеп тұрды. Жоңғар
шапқыншылығының зардабын бәрінен де көп
тартқан Орта жүздің жауға қарсы күресті одан әрі
жалғастыра беруіне тура келді. Ал Кіші жүз үшін
мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жан-
жағындағы халықтардың қатерлі тығыз қоршауында
қалып қойды. Олар хиуалықтар, түрікмендер, Еділ
қалмақтары, Жайық Қазақтары және башқұрттар еді.
Өйткені бұл кезде олардың қай-қайсысымен де
қарым-қатынас нашарлап, шиеленісіп тұрған
болатын.
10.04.19 16
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына
қарсы күресінің тарихи маңызы
Сонымен XVIII ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз
азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Жалпы-қазақтық біріккен
әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдасқан түрде үсті-үстіне
соққы бере бастады. Мұның өзі көбінесе қазақтың үш жүзінің, бүкіл
қазақ халқының күш-жігер біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Қазақ
халқын түгелдей қырып жіберу қаупі ел билеушілерін бұрын болған
алтыбақан алауыз ырың-жырынды ұмытуға, бас қоса бірігіа, жоңғар
әскерлеріне үсті-үстіне соққы беруге мәжбүрлікпен жұмылдырды.
Қазақтың билеушілері, билері мен батырлары қазақ мемлекеттілігін
қалай да сақтап қалуға күш-жігерін барынша аямай жұмсады. Бұланты
және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының жауынгерлік рухын
күшейтіп, аспандата биікке көтерді. Ол шайқастардағы жеңіс халық
болып топтасқанда кез келген күшті жауды жеңіп шығуға болатынын
айқын көрсетіп берді. Оның үстіне, қазақ сарбаздары жоңғар
әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні жөніндеп жалған аңыздың
күлін көкке ұшырды.
Бұл соғыста қазақ халқының туыскан қарақалпақ және кырғыз
халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Соны-мен
қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде, билік
жолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдыратуға тағы да алып
барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып
тынды.
10.04.19 17
Тақырыпты оқып, кестені
толтырыңдар.
Қазақ-орыс Қазақ-жоңғар Қазақ-қырғыз
қатынастары қатынастары қатынастары
“Футбол ” ойыны
Шарты: Оқушылардың алдына
парақшалар таратылып
беріледі, парақшаларға
оқушылар сұрақтар жазып,
қарсы топтарға кезекпен
лақтырады. Әрбір дұрыс жауап
ұпай болып есептеледі.
Тұлғаны тап ойыны
Кім тестке жылдам
1. И.Г. Андреев, Я. Гавердовский қазақ жүздері туралы мағлұматтар
жинақтады. Қай жүз туралы мағлұмат жинақтады?
а) Ұлы жүз
ә) Орта жүз
б) Кіші жүз
2. Ақтамберді жырау қай жылдары өмір сүрді?
а) 1706-1778 ж.ж
ә) 1675-1768 ж.ж
б) 1684-1781 ж.ж
3. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, Абылай ханның кеңесшісі болған
жырауды ата?
а) Ақтамберді
ә) Бұқар
б) Үмбетей
4. Айтыстарға қатысқан, философиялық ойлармен белгілі болған кім?
а) Ақтамберді
ә) Бұқар
б) Үмбетей
5. Жанақ ақын қай жерде дүниеге келген?
а) Шығыс Қазақстан.
ә) Солтүстік Қазақстан.
б) Батыс Қазақстан.
Үйге тапсырма
Абылай хан жорық жасаған елдер
мен аймақтарды картаға
түсіріңдер.
Абылайханның өмірі мен қызметі
жөнінжегі қандай шығармаларды
білесіңдер? Неліктен халық оған
көзі тірісінде «әруақтай»
сыйынды?
«Абылай хан» тақырыбына
сөзжұмбақ құрастырыңдар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz