Қазақстанның жері кең - байтақ
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ
Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Солтүстігінің табиғаты
Орталық Ресейге және оңтүстік Ұлыбританияға, оңтүстігі – Жерорта
теңізі елдеріне, Кавказ маңайына сәйкес. Мұнда ойпаттар мен төбесін
мәңгі қар мен мұз басқан биік таулар бар.
Аумағының ширек бөлігін шөл мен шөлейт дала, қалған
бөліктерін таулар, теніздер мен көлдер алып жатыр. Тянь-Шянь, Іле
Алатаулары, Алтай, Тарбағатай, Қаратау, Көкшетау, тағы басқа
таулар, Мұғалжар, Сарыарқа, Үстірт қыраттары бар. Хан тәңірі
шынының биіктігі — 6695 метр. Бурабай, Зайсан, Алакөл, Балқаш
сияқты көлдер, Каспий теңізі мен Арал теңізінің едәуір бөліктері,
Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс өзендері т.б. сулар Қазақстанның су
бассейнін құрайды.
Қазақстанның жері кең-байтақ. Солтүстіктің суық ауасы мен
оңтүстіктің ыстық желі әсерінен ауа райы қатал континенталды болып
келеді. Қазақстанның оңтүстігінде көктемгі егіс жүріп жатса,
солтүстігінде бұл кезде әлі қарлы боран соғып тұрады. Қыс айларында
солтүстік пен шығыста 41-45° дейін, тіпті -50° дейін аяз болады. Мұнда
қыс ұзақ, орталықта қалыпты, оңтүстікте жылы және қысқа. Жаз
солтүстікте жылы, орталықта ыстық, оңтүстікте өте ыстық. Құмды
аймақтарда су болмайды, жауын аз жауады.
Өсімдіктер әлемі. Қазақстанда жергілікті өсімдіктер түрі 6 мыңнан асады,
басқа жақтан әкелінген 500 түрлі өсімдік өседі.
Құмды жерлерде басқа жақта өспейтін сексеуіл өседі. Сексеуіл ағашы өте
тығыз болады, суға батып кетеді, ал қызуы көмір қызуына тең. Қазақстанда
басқа жерлерде кездеспейтін ерекше ірі қызғалдақ бар. Оның гүлінің өзі 12-15 см
дейін болады. Бұлар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Қазақстан дәрілік, бояулық,
хош иістік өсімдіктерге бай. Орманы аз, ол республика жерінің үш пайызын ғана
алып жатыр, барлығы – 11 миллион гектар.
Солтүстікте қайың, үйеңкі, қарағай топ-топ болып кездеседі. Негізгі орман
алқаптары Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларында жинақталған.
Солтүстікте, орталық аймақтарда картоп, қияр, бидай, күнбағыс, қарақұмық
өсіріледі. Оңтүстікте қауын, қарбыз, жүзім, өрік, мақта, қызанақ, алма өсіріледі.
Жануарлар әлемі. Қазақстанның жануарлар әлемі бай. Республиканың
казіргі фаунасында сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 490 түрі, бауырымен
жорғалаушылардың 50 түрі, қосмекенділердің 12 түрі, балықтың 100 түрі бар. Ал
құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлердің түрі 70 мыңнан асады.
Дала аймақтарында қоян, түлкі, қызыл және сұр қасқырлар, ақбөкендер,
бүркіт, тасбақа тағы басқа аңдар мен құстар бар. Республиканың оңтүстігінде
улы жылындар, шаяндар көптеп кездеседі. Көлдер мен өзендерде қаз, үйрек,
тырна сияқты құстар көп.
Тау барысы, дала ақбөкені, тайгалық аю, каспий итбалығы, жабайы
жылқы, құлан, сары қаз, аққу т.б. 87 түрлі аңдар мен құстар қызыл кітапқа
тіркелген. Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, тауық, қаз, үйрек, қоян т.б. жануарлар
мен үй құстары шаруашылық үшін қолда өсіріледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz